Аттенуацияланған вакцина (тірі, әлсіреткен вакцина) жұқпалы ауру туғыза алмайды, бірақ өсіп-өне алатын және ағзада вирусқа қарсы иммунитетті туғызу қасиетін жоғалтпаған вирустардан жасалады. Вирустың жұқпалы ауруды қоздыратын қабілеттілігі вирустың вируленттілігі деп аталады. Аттенуацияланған вакцинаны бір рет енгізетін дозасында тірі патогенді микроорганизмнің (вирустың) концентрациясы реципиентте субклиникалық жұқпаның дамуына жеткілікті болу керек.
Аттенуацияланған вакциналардың сапасына қоятын негізгі талап –
*вируленттілігі толық тежелген,
*иммуногендігі жоғалмаған вирустар құрамына кіру керек.
Аттенуацияланған вакциналарды алу әдістің сызбасы
Жұқпалы ауруды қоздырмайтын микроорганизмнің қауіпсіз штаммын жасайды.
*Жасанды мутагенездің көмегімен микроорганизмнің вируленттілігін толық жояды,
*одан кейін иммунитетті қалыптастыру қабілеттілігін жоғалтпаған мутантты штаммын сұрыптау арқылы таңдап алады.
Мысалы, мутагенді заттардың әсерінің нәтижесінде сүзек қоздырғышының вируленттілігі жойылған S.typhi Ty 21 штаммы алынды, негізінде сүзекке қарсы вакцинаны жасады.
Қазіргі күнде аттенуацияланған вакциналардың көмегімен күресетін аурулары:
*тұмау,
*туберкулез,
*қызылша,
*паротит,
*қызамық,
*аусыл ауруларымен.
Бірінші аттенуацияланған вакцинаны – БЦЖ вакцинаны (BCG - bacilli Calmette-Guerin) ұзақ уақыт туберкулезге қарсы пайдаланады.