Лекция асфальт бетон қоспасын дайындау технологиясы


өнеркәсіп қалдықтары немесе қайта өңделген қайталама шикізат



бет2/5
Дата18.05.2023
өлшемі216,22 Kb.
#94246
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция 6 (асфальтобетон дайындау технологиясы)

өнеркәсіп қалдықтары немесе қайта өңделген қайталама шикізат - түйіршіктелген резеңке, күл және күкірт. Олар жоғары температурада жылжу тұрақтылығын арттыру үшін немесе, мысалы, төмен температурада жарылу тұрақтылығын арттыру үшін қолданылуы мүмкін.

Асфальт-бетон зауытының (АБЗ) технологиялық регламентіне сәйкес а/б қоспасының рецепті компоненттердің бірнеше түрін пайдалануды көздейді:



  1. қиыршықтас. Асфальтобетонның негізгі ингредиенті. Әр түрлі фракцияларда АБЗ-ға жеткізіледі;

  2. құм. Жол төсеміне қысымды біркелкі бөлуге ықпал ете отырып, қиыршықтас түйіршіктері арасындағы кеңістікті толтырады;

  3. минералды ұнтақ (құмтас, әктас, ұсақталған бор). Құммен толмаған қиыршықтас арасындағы аралықтарды толтырады;

  4. битум. Асфальтобетонның ылғалға төзімділігі үшін жауап береді. Дайын қоспада оның біркелкі таралуына жол жамылғысы төсемесінің беріктігі және оның жөндеусіз қызмет ету мерзімі тұтас байланысты;

  5. түйіршіктелген қоспа. Қоспаның иілгіштігін арттыру есебінен асфальттау процесін жеңілдетеді, асфальтбетонды иілгіш, ылғалға төзімді, жоғары жүктемеге төзімді етеді. Тұрақты жоғары қозғалыс қарқындылығы бар автомобиль жолдарының жауапты учаскелеріне салынатын а/б-ға қосылады.

Барлық асфальтобетон шығаратын зауыттар негізгі екі технологиялық сұлбамен жұмыс жасайды:



  1. үздіксіз жұмыс жасайтын;

  2. циклді (кезеңді) жұмыс жасайтын.

Бұл екі технологиялық сұлба түбегейлі ерекшелігі - оларда барлық компоненттерді араластыру мүлдем басқа тәртіпте жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда, барлық компоненттер бір тұрақты ағынмен араласады, екіншісінде – порциямен, белгілі бір мөлшермен.


Үздіксіз жұмыс істеу принципті асфальт араластырғыш қондырғылар
Мұндай қондырғыларда технологиялық операциялар үзіліссіз орындалады. Процесті жүзеге асыру үшін азайған массамен және энергия сыйымдылығымен сипатталатын үздіксіз әсер ететін араластырғыштар қолданылады. Үздіксіз цикл технологиясында ыстық минералды материалдарды сұрыптау, оларды мөлшерлеу және алдын ала қыздыру кезеңдері жоқ.
Жабдықтар жұмысының принципті схемасы:

  • Алдын ала фракцияланған минералдардың бункер-мөлшерлегіштерге түсуі;

  • Кептіру-араластыру барабанына шикізатты жіберу, онда ингредиенттер кептіріледі, жұмыс температурасына дейін қыздырылады, битум ерітіндісімен араластырылады;

  • Дайын асфальтобетон қоспасын жинақтаушы бункерге беру, кейіннен құрылыс нысандарына тасымалдау.


1 – бункер-мөлшнрлегіш; 2 – жиналмалы конвейер; 3 – ылғалдылықты бақылайтын конвейер; 4 – кептіру-араластыру барабаны; 5 – мөлшерлегіш және ескі асфальтобетонды беру; 6 – араластыру аймағы; 7 – скип күту бункері; 8 - шаңсорғыш-желдеткіш; 9 - жинақтаушы бункер; 10 – басқару кабинасы; 11 – минералды ұнтақ силосы; 12 – ескі асфальтобетон бункері; 13 – ылғалдылықты бақылайтын конвейер; 15 - шаң ұстағыш және шаң силосы; 16 – битумдық бак-цистерна; 17 – майды қыздырғыш; 18 – кептіру барабанының конвейері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет