Лекция Қазіргі кезеңдегі дін


Әлемдік қауіптер және олардың дінде шешім табу жолдары



бет4/5
Дата12.05.2023
өлшемі78 Kb.
#91991
түріЛекция
1   2   3   4   5
Әлемдік қауіптер және олардың дінде шешім табу жолдары
Техногендік, экологиялық мазмұндағы әлемдік қауіптер ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана маңызды болды. Ал, одан бұрын ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХІ ғасырдың басында негізгі жаһандық қауіп әлемдік соғыстар қаупі болатын. Мемлекеттер өзара қайшылықтарын түрлі соғыстармен шешіп келді. Әлем тарихында мыңдаған соғыстар белгілі. Соның ең ауыры 1914-1918 жылдардағы бірінші, және 1939-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыстар болатын. Екі дүниежүзілік соғыста ғана 100 миллионан астам адам қырылған болатын. Сондықтан әлем халықтары мемлекеттер арасында бейбітшілікті сақтау қажеттілігін алдымен сезінді. Әлемдік саясат соғыс және бейбітшілік мәселесін әлем мемлекеттерінің ортақтасып шешуімен басталады деп есептеуге болады.
Әлемдегі бейбітшілікті сақтау үшін дамыған мемлекеттер адамды және оның құқықтарын қорғауды міндет деп таниды. Осы негізінде әлем мемлекеттерінің озық елдері өздерінде құқықтық мемлекет және қоғамдық өмірді демократияландыру үдерісін бастады. Адам мәселесі өркениетті мемлекеттерді бір ортаға жинақтайтын, өзара консенсусқа, түсіністікке жетелейтін фундаменталды, өзекті мәселеге айналды. Өркениетті мемлекеттердің ықпалымен әлем халықтары адам құқықтарын қорғайтын саяси билік жүйелерін қалыптастыра бастады. Әлемдік ортақ мәселелерді шешу ғасырларға созылған әлемдік ізгілікті, әділетті тәртіптер орнатуға деген әлем халықтарының құлшынысының негізінде қалыптасады. Ал, әр елдегі адам мәселесін шешу және оның құқықтарын қорғау үшін жаһандық мәселелерді шешу және жаһандық қауіптермен күресу қажет болды.
Әлем халықтары мен мемлекеттерінің демократиялық құндылықтар негізінде топтасуына XVIII ғасырдың соңында болған Ұлы Француз революциясының 1789 жылғы «Адам және азамат құқықтарының Декларациясы», БҰҰ 1948 жылы қабылдаған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы», 1966 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Экономикалық, әлеуметтік жәнемәдени құқықтар туралы халықаралық пакт», 1975 жылы Хельсинкиде қабылдаған «Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесінің Қортынды актісі» т.б. құжаттар көмектесті. Қазақстанның әлемдік мәселелерге үлесін ЕҚЫҰ VII Астана саммитінде қабылдаған Декларациясынан байқаймыз.
Аталмыш құжаттарды әлем халықтары мен мемлекеттерінің адамзатты сақтау үшін бейбітшілік пен соғыс мәселесін шешу жолындағы тәжрибесі синтезделді. Адам құқықтарын қорғау, демократия мен бейбітшілік үшін күрес ғаламдық саясат принциптерін айқындап берді. Адамзаттық тағдыр ортақтастығы мәселесі барлық халықтар мойындайтын бірінші басымдылыққа айналды. Әлем мемлекеттері ортақ азаматтық мәселелерді бірлескен күшпен шешпейінше тұрақты даму болмайтындығын түсінетін дәрежеге жетті. ХХІ ғасырда жаһандық мәселелердің күрделене түсуі әлем мемлекеттерінің әлемдік саясатпен айналысуға деген зәрулігін тіптен күшейтіп жіберді.
Әлемдік саясат халықаралық экономикалық, саяси, мәдени-ақпараттық, технологиялық байланыстардың жаңа деңгейге трансформациялануының нәтижесінен туды. Жаһандық мәселелер ұлттық мемлекеттік шекара көлемінде мүлдем шешілмейді. Көптеген күрделі мәселелер барлық мемлекеттерге ортақ жаһандық жүйеге айналып, жалпы әлемдік сипат алуда. Әлемдік мәселелерді шешу үшін әлемдік саясат мемлекеттердің шаруашылықтарының даму динамикасына, интеграциялық үдерістерді нығайтуға ықпал етуге тырысады. Осы арқылы әлемдік шаруашылық пен әлемдік нарықта мемлекеттердің өзара тәуелді байланысы күшейді. Бұл жағдай саяси қатынастардың бейбітшілік жолымен дамуына экономикалық тірек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет