Байланысты: Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі -emirsaba.org
Тиристорды таңбалау.
Тиристорларды таңбалау Ресейде ГОСТ10862-72 құжатымен бекітілген. Ол құжат бойынша тиристорды таңбалау 4 элементтен тұрады. Бірінші элемент (әріп немесе сан) қандай материалдан жасалғанын білдіреді: Г немесе 1- германий; К немесе 2 – кремниий; А немесе 3 – арсенид галлий. Екінші элемент (әріп )- прибордың түрі: Н – диодтық тиристор (динистор); У – триодтық тиристор. Үшінші элемент ( сан) прибордың негізгі функционалдық мүмкіндіктері мен өңделу нөмірін білдіреді: 101...199 – аз қуаттық диодтық және жабылмайтын триодтық тиристорлар (Iорта < 0,3 А); 201...299 – орта қуаттық диодтық және жабылмайтын триодтық тиристорлар (0,3 А < Iорта <10 А); 301...399 - аз қуаттық жабылатын триодтық тиристорлар (Iорта < 0,3 А); 401...499 – орта қуаттық жабылатын триодтық тиристорлар (0,3 А < Iорта <10 А); 501...599 - аз қуаттық симметриялы жабылмайтын тиристорлар (Iорта < 0,3 А); 601...699 - орта қуаттық симметриялы жабылмайтын тиристорлар (0,3 А орта <10 А); Төртінші элемент (әріп ) - А, Б, В және басқа – прибордың типтік номиналын білдіреді. Ал ГОСТ-20859-89 құжаты бойынша: Т – тиристор; ТЛ – көшкіндік тиристор; ТС – симметриялық тиристор (симистор); ТО – оптотиристор; ТЗ – жабылатын тиристор; ТД – тиристор-диод.
Бақылау сұрақтары: 1. Үш р–n - өтпеден тұратын құрылғы қалай аталады? 2. Үш р–n - өтпедегі үрдістерді түсіндір. 3. Тиристордың негізгі қызметі, қолданылу аймақтары. 4. Тиристор түрлері 5.Динисторлардың құрылымы, электрлік сұлбасы, қолдану аймақтары 6. Тиристорлардың құрылымы, электрлік сұлбасы, қолдану аймақтары. 8. Тиристордағы «кіріс» және «шығыс» кернеуі. 9. Тиристордағы басқарылатын электрод қызметі. 10. Тиристордың вольтамперлік сипаттамасы. 10>10>10>