1 лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар.Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс.
Жоспар
Электр қондырғыларын түрге бөлу
Электрден қауіпсіздік техникасы
Электротехникалық материалдарды түрге бөлу
ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӨНІНДЕ ДАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН ТҮР-ТҮРГЕ БӨЛУ
Электр энергиясын өндіретін, түрлендіретін, тарата- тын немесе тұтынатын тетіктер электр қондырғылары деп аталады. Бұларға, мысалы, электр генераторлары (көмекші және қызмет көрсететін құрал-тетіктерімен қоса), қосалқы электр станциялары, электр тогын жеткі- зуші линиялар жатады.
Электр қондырғыларын монтаждау, жөндеу және оларды басқару «Электр қондырғыларын орнату ереже- лері» мен «Өнеркәсіп орындарындағы электр қондырғы- ларын техникалық пайдаланудағы және оларды басқа- рудағы қауіпсіздік ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Электр қондырғыларының атқаратын қызметіне және жасалуына, сондай-ақ олар жұмыс істегенде пайдаланы- латын электр кернеуіне байланысты, оларды монтаж- дауға және жөндеуге ерекше талап қойылады. Сондык,- тан барлық электр қондырғылары бірнеше топқа бөлі- неді.
Қолдан жарық тудыруға арналған электр қондырғы- лары жарықтандыру қондырғылары деп аталады. Машиналарды, станоктарды, басқа да технологиялық кұрал-жабдықтарды қозғалысқа келтіріп іске қосатын қондырғылар күштік электр қондырғылары деп аталады. Электр энергиясын жеткізуге және таратуға арнал- ған қондырғылар электр желілері (сетьтері) деп аталады.
Ашық жердегі электр қондырғылары а ш ы қ қоп- дырғылар деп, ал үй ішіндегі қондырғылар ж а б ы к қондырғылар деп аталады. Электр қондырғылар стационар (тұрақты) қондырғылар және көшпелі қондырғылар болып бөлінеді. Мысалы, бұлардың бірін- шісіне түрлі үйлердегі электр сетьтері, ал екіншісіне кеш- пелі электр станциялары жатады.Электр қабылдағыштың номинал кернеуі мен номинал қуатьш калай акықтауға болады?
Үйлеріцізде бар электр қабылдағыштардың қандай номинал кернеу мен номинал қуатқа есептелгендігін анықтаңыздар,
Электр қабылдағышты электр сетіне қосар алдында неге ма- зар аудару қажет?
220 в және 75 вт; 127 в және 75 вт номинал кернеу мен номинал куатқа есептелген лампылар арқылы өтетін номинал 'токтар- ды салыстырьщыздар.
;
3. ЭЛЕКТРДЕН ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
ЭЛЕКТРДЕН ЗАҚЫМДАНУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ
адамның денсаулығы мен күш-қуатына байланысты. Ерекше бір қолайсыз жағдайлар- да (сырқаттанып жүрген кезде, қатты терлеп отырған кезде және т. с. жағдайларда) адам'организ- мінің электр кедергісі небары 400—1000 ом мөлшерінде ғана болады. Ом заңының формуласын U
пайдалана отырып есептегенде 40 в кернеудің өзі адам өміріне қатерлі екендігін ангару қиын емес.
Адамдарды ток соғу көбінесе мына жағдайлардың салдарынан болады:
.
а) ток келтіретін бөліктерге, жалаңашталған проводтарға жа- насудан, электр маціиналарының, рубильниктердің, лампылы пат- рондардың, сақтандырғыштар- дың, сондай-ақ кернеу жағдайын- да түратын приборлар мен аппа- раттардын контактілеріне жана- судан;
б)электр қондырғынын қа- лыпты жағдайда кернеуде бол- майтын, бірақ изоляциясы бүлінуі салдарынан кернеу жағдайында тұрған бөліктеріне жанасудан
Жұмыс орындарыңызды мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетпеңіздер.
Приборларды, аспаптарды, материалдар мен жаб- дықтарды жұмыс орындарыңызға мұғалім көрсеткен тәртіпте жайғастырып қойыңыздар.
Тапсырманы орындауда қажеті болмайтын нәрсе- лерді жұмыс орнында ұстамаңыздар.
Электрден қауіпсіздік техкикасының ережелері.
Электр тогы көздерін мұғалімнің руқсатынсыз қоС' паңыздар.
Электр тізбектерін құрастырып, оған ауыстырып қосу тетігін жалғастырыңыздар, электр тетіктерін мон- таждау және жөндеу электр тогының көзі ағытылғаа жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Электр тогы көзінде, сондай-ақ электр кондырғы- сының басқа бөліктерінде кернеудің бар-жоғын бақылау лампысымен немесе кернеу көрсеткіш прибормен тексе- ріңіздер.
Проводтардың изоляциясы ақаусыз болуын, баста- рында ұштықтары болуын қадағалаңыздар; электр тіз- бегін кұрастырғанда проводтарды ұқыпты орналасты- рыңыздар, ал ұштықтарды клеммалармен қатты кысып қойыңыздар.
Ток жүретін жалаңашталған бөліктерге кернеу тү- сіп тұрғанда абайламай тиіп кетуден сақ бола отырып, бақылау және елшеу жұмыстарын орындаңыздар.
Электр тізбегін ток көзінен ағытқанның өзінде кон- денсаторларға қол тигізуге болмайды; оларды әуелі разрядтап алу керек.
Жұмыс орындалғаннан кейін немесе кезектегі ба- қылау аяқталғаннан кейін электр тогы көзін тізбектем ағытып тастаңыздар, содан кейін барып электр тізбегііі бөлшектеңіздер'
Қалқандардағы, приборлар мен аппараттардағы сақтандырғыштарды тек қана мұғалімнің рұқсатымен және ток көзі ағытылған жағдайда ғана алмастыры- ңыздар.
Кернеу түсіп түрған электр құралдарының бұзыл- ған жерін байқай қалсаңыздар, оларды дереу ток көзі- нен ағытыңыздар да, ол жайлы мұғалімге айтыңыздар
.
. ЭЛ ЕКТРОТЕХНИ КАЛ ЫҚ МАТЕРИАЛДАР, БҮЙЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ЖҮМЫС ІСТЕУ
1. ЭЛ ЕКТРОТЕХНИKAЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТҮР-ТҮРГЕ БӨЛУ
Электр қондырғыларын жасау үшін қолданылатын материалдар электротехникалық материалдар деп ата- лады. Электр тогын өткізу қабілетіне карай, оларды үш топқа бөледі: өткізгіш материалдар, электр изоляция л ы қ материалдар (диэлектриктер), шала өткізгіш материалдар. Бірінші топка электр тогы өте алатын материалдар жатады. Оған жататындар: барлық металдар, көмір, түздардың, қыш- қылдар мен сілтілердің ерітінділері. Өткізгіш материал- дардан электр қондырғыларының ток жүретін боліктеріи даярлайды. Өткізгіштердің кейбір түрлерінен электр қон- дырғыларының конструкциялық бөліктерін, мысалы: бо- латтан — электр машиналарының корпустарын, қалқан- дарды, ток жүретін бәліктер бекітілетін конструкциялар- ды жасайды, алюминий мен қорғасыннан кабельдердің сыртқы қабығын т. б. жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |