Лекция Электромагниттік өзара әсерлесудің табиғаттағы маңызы


 Заряд тасушы микробөлшектер



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата30.01.2023
өлшемі0,78 Mb.
#63784
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 1. Электромагнитизм

 
3. Заряд тасушы микробөлшектер 
Заряд тасушы микробөлшектер – зарядталған бөлшектер, иондар. Ал кез-келген заттың 
зарядталуы олардың құрамындағы теріс зарядталған электрондар мен оң зарядталған 
протондарға байланысты. Заряды бар микробөлшектердің саны көп және олардың 
қасиеттері мен сипаттамалары сан қилы. Зат зарядталуы үшін өзінің меншікті 
электрондарын не жоғалтуы, не ортадан артық электронды қосып алуы керек. Басқаша 
айтқанда, дененің зарядталуы оның құрамындағы электрондардың санының өзгеруімен 
байланысты.
 
Электр заряды – дененің немесе бөлшектің электромагниттік әсерлесуге қабілеттілігін 
сипаттайтын физикалық шама. Элементар бөлшектердің қатарына, мысалы, электрон 
(теріс заряд тасушы), протон (оң заряд тасушы) және нейтрон(заряды нөлге тең) жатады. 
Осы бөлшектерден заттың атомдар құрылатындықтан, электр зарядтары барлық 
денелердің құрамына енетін болып шығады. 
Кл
Q
e
19
10
6
,
1




кг
m
e
31
10
11
,
9



Кл
Q
р
19
10
6
,
1




кг
m
p
27
10
67
,
1



 
Электрон – элементар теріс заряды бар бөлшек. Оның зарядының шамасы 𝑸
𝒆
=
−𝟏. 𝟔 ∗ 𝟏𝟎
−𝟏𝟗
Кл , ал массасы 
𝒎
𝒆
= 𝟗. 𝟏 ∗ 𝟏𝟎
−𝟑𝟏
кг. Электр және магнит 
құбылыстарының классикалық ілімінде электронды нүктелік заряд, яғни оның барлық 
заряды бір нүктеде шоғырланған деп есептелінген.
Протон – ядроның құрамына кіретін оң зарядталған бөлшек. Оның заряды шама 
жағынан электрон зарядына тең: 𝑸
𝑷
= +𝟏. 𝟔 ∗ 𝟏𝟎
−𝟏𝟗
Кл . Протонды электрондармен 
атқылағанда электрондардың шашырау заңдылықтарын зерттеу арқылы оның құрылысы 


күрделі екендігі тағайындалды. Қазіргі кезде протон заряды 2 |𝑒|/3-ға тең нүктелік екі оң 
зарядталған кварктан және зарядының шамасы |𝑒 |/3-ке нүктелік теріс зарядталған бір 
кварктан тұрады деп есептейді.
Нейтрон – ядроны құрастырушы бейтарап бөлшек. Нейтронды өте үлкен 
жылдамдықтары бар электрондармен атқылау арқылы оның құрылысы жайында 
мағлұматтар алынды. Нейтрон зарядының шамасы 1/3 |𝑒 |-ға тең теріс зарядталған екі 
кварктан және заряды 2/3 |𝑒|болатын оң зарядталған бір кварктан тұрады деп есептеледі.
Электр зарядтарының қасиеттері: 
- электр зарядтары оң және теріс болады, аттас зарядтар бір-бірінен тебіледі, ал әр аттас 
зарядтар бір-біріне тартылады; 
- электр заряды релятивтік - инвариантты: ол қозғалыс кезінде мәнін өзгертпейді, яғни 
оның шамасы санақ жүйесіне тәуелсіз; 
- электр заряды аддитивті, яғни кез-келген жүйенің заряды жүйені құрайтын 
бөлшектердің зарядтарының алгебралық қосындысына тең; 
- электр заряды дискретті, яғни кез келген бөлшек е элементар зарядтан тұрады, яғни : q= 
eN. 
Элементар заряды бар бөлшектер электрон ( теріс ) және протон (оң), 
Элементар заряд /е/ = 1,6 10
-19
Кл. 
Электр зарядының сақталу заңы - тұйықталған жүйенің электр заряды осы жүйеде өтетін 
кез келген процесс кезінде өзгермейді.
Q1 + q2 + q3+ ….+ qn = const 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет