Байланысты: 5 лекцияЭндокриндік реттеу, оның түрлері паракриндік, эндокриндік, нейрокриндік.Гомеостаз өлшемдері мен механизмдері
3.2 Гомеостазды қалыпты күйде ұстаудағы жүйелер үлесі
Тепе-теңдікті қалыпты күйде ұстаудағы жүйке және эндокриндік жүйлередің рөлі.
Г.У.Кеннон ұстанған «гомеостаз» деген термин ағзадағы ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен туатын өзгерістер қалыпты күйде ұстайтын процестер мен күрделі иерархиялық компенсаторлық механизмдерді біріктіруші деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да гомеостаз жайлы сөз болғанда, біз жүйкелік және эндокриндік жүйлередің біртұтастық рөлі жайлы болатындығына күмән келтірмейміз.
Енді осы жүйлердің жеке-жеке қатысы жайлы қарастырып өтейік. Жүйке жүйесі жайлы айтатын болсақ, сыртқы орта факторларының әсеріне тез, жылдам жауап беруші жүйе түрінде ұзақ эволюциялады.Гуморльдік реттеу механизмі ертерек қалыптасқанымен де көп клеткалы ағзалардың белгілі бір эволюциялық даму кезеңінде, әсіресе қимыл-қозғалыс тіршілікке өту кезеңінде ортаның құбылмалы факторларына дер кезінде нақты, тез жылдамдықпен жауап беруді қамтамасыз ете алмаған, соның салдарынан ортаға бейімделуіне мүмкіндік жасай алмаған.
Осыған орай, ағзаның қызметін реттеу механизмдеріне сай, жаңа күрделі процестер қалыптасады. Мысал, тірі ағзалар жүйесіндегі электрлік құбылыс – бір клеткада болсын немесе жоғары сатыдағы көп клеткаларда болсын табиғи процесс, себебі молекулалы, атомды, мембраналы құрылымдардың жануарлар мен өсімдіктерде қалыптасуы тек электрлік күш пен оның өрісінде ғана іске асырылады. Электростатикалық, электромагниттік, иондық өзара әсерлер нәтижесінде ғана күрделі биологиялық құрылым қалыптасады. Сондықтан да өзара байланыстардың бір-біріне әсерін қабылдап, өңдепжинақтап, талдап ақпараттарды тірі ағза жүйесінде іске асырып отырады.
Жүйке импульсінің тірі ағзада пайда болуы жайлы толық басқа тарауда (жүйке жүйесі) қарастырыамыз. Ал бұл жерде тек қана тірі құрылымдағы биоэлектрлік құбылыс (клеткадан тканьде, мүшеде) жайлы, тепе-теңдікті қалыптастырудағы табиғаты мен эволющиясына, биоэлектрлік процестің клетка мембранасы деңгейіндегі және клетка комплексі деңгейіне тоқталып өтеміз.
Биоэлектрлік потенциалдықтың тірі клеткаларда пайда болуының басты себебі мембрананың екі беткейіндегі Na, K, CI, Ca, Zn иондарының концентрацияларының, яғни клетканың ішкі-сыртқы беткейіндегі иондар концентрациясының айырмашылығына байланысты. Осы айырмашылық тірі клетканың ең басты бейнесі және тіршілік ету барысында бір деңгейде қалыптасып, демеуші болады.
Мембрананың екі беткейіндегі потенциал айырмашылығының бердей күйге түсуі биологиялық процестің тоқталуы немесе «өкілі» деп есептеледі.
Тыныштық потенциалдың деңгейінің айырмашылығының пайда болуы гомеостаздық механизмдер арқылы клетка мембранасының құрылысы мен клетка цитоплазмасына байланысты дамиды.
Сонымен, тағы да бір айта кететін жайт жасушада, ұлпаларда және мүшелерде пайда болатын биоэлектрлік процесс молекулалық, субмолекулалық құрылымдарды да, гуморальді тізбекті де күшейтіп, былайша айтқанда, барлық биохимиялық заттарды да қамтиды.
Тепе-теңдікті сақтауда мембрананың, жасушашалардың және жүйелердің өзара байланысы мен бір-біріне тәуелділік механизмі басты орын алатындығы көрініп тұр. Сонда да болса, кейбір мәселелері түсініксіз, толық анықталмаған. Мысалы, ағза сондай үлкен де, кең ауқымды биохимиялық және биофизикалық процестердің жасушаларда, ұлпаларда, мүшелерде қандай байланыста болатындығын, ақпараттарды тасушы нелер,оларды ненің көмегімен бақылап отыратындығы әлі анықталмаған.
Осы айтылған биохимиялық және физикалық процесс тірі материяның қандай құрылымдық деңгейімен байланысып, айқындалады (сана мен ойлау ми, өзін-өзі реттеу, циввилизацияның дамуы мен, ғарышпен, т.б.). Бірақ осылармен байланыс болатындығына күмән жоқ. Алайда олардың арасын байланыстырушы каналдары әлі де белгісіз. Жасанды жасау барысындағы іс-әрекет, әсіресе нейрокибернетика мен информатиканың жетістіктерін пайдалану арқылы әлі де экспреимент деңгейінде қалып отыр.
Сонымен, ағзаның тепе-теңдігін реттеуші механизмдері жайлы айтатын болсақ, реттеудің көптүрлілігінің белгілері екі процеске әкеліп тірейді, бірі – жүйені белсендіруші, екінші – тежеуші.
Осы екі процес те жүйкелік және гуморалдік механизмдер арқылы іске асырылады. Былайша айтқанда, осы компонентте мүшелер мен мүшелер жүйесін белсендіріп нмесе тежеп отыру мүмкін.
Жүйкелік және гуморальдік реттеуші механизмдер бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Тіпті ақпаратты жүйке жолымен жасушадан жасушаға импульс түрінде бергеннің өзінде гуморальдік фактор міндетті түрде қатысады. Жүйке талшықтарының ұштарынан ерекше химиялық зат – медиаторлар бөлінеді. Бір жағдайда ол үдеттетін болса, бір жағдайда тежейді.
Мысалы, медиатор ацетилхолин – бұл әмбебеп химиялық зат, осының көмегі мен биоэлектрлік сигнал тиісті нсанаға беріледі. Бірақ парасимпратикалық жүйке талшығының ұшынан шыққан медиатор ацетилхолин жүрек етін тежуші болса, қаңқа еттерін және безді клеткаларды, әсіресе асқазан-ішекті қоздырады.
Мұндай құбылыстар жалпы ағзаның күрделі күйіне айтарлықтай өзгеріс туғызбайды.