Бактериялар және олардың геномы. Бактерия жасуша қабығымен қоршалған, оның ішінде цитоплазма, ядролық аппарат, рибосомалар, ферменттер, плазмидалар және т. б бактериялық элементтер бар. Эукариот жасушасынан айырмашылығы бактөрия жасушасында митохондриялар, Гольджи комплексі және эндоплазмалық тор жоқ. Бактерияның ядролық аппараты цитоплазмадан мембрана арқылы айқын оқшауланбаған (прокариоттық организм), осы себептен олар нуклеоид деп аталады. Нуклеоид аймағында ядрошық жоқ және нағыз хромосома да байқалмайды. Нуклеоид бактерияның генетикалық материалы — жалғыз молекулалы, ұзындығы 1 мм шамасында сақина формалы ДНҚ кездеседі. Оның молекулалық массасы — 3х109 және шамамен 5х106 жұп нуклеотидтерден тұрады. Бактериялық жасушаның ДНҚ-сының жалпы мөлшері (геномы) эукариоттардыкінен әлдеқайда аз, демек мұнда коделенген генетикалық информация да аз. Орта есеппен осындай ДНҚ-да бірнеше мың гендер бар, мұның өзі адам жасушасындағы гендер санынан 500 еседей аз екендігін көрсетеді.
Генетикалық белгілердің басым көпшілігін бақылайтын бактерияның генетикалық жүйесі шартты түрде «хромосома» деген атауға ие болды. Эукариоттық хромосомалармен салыстырғанда бактериялық хромосома құрамында негізгі ақуыздар болмайды, центромералар жоқ, митоз арқылы жаңа жасушаларға ажырамайды және мейоз кезеңдерінен өтпейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан бактериялық ДНҚ-ның негізгі массасын белгілеу үшін «хромосома» терминін пайдалану ыңғайлы болып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |