Лекция. Эволюцияның элементарлы факторлары. Қолдан сұрыптау және оның әдістері



бет5/5
Дата19.10.2023
өлшемі38,54 Kb.
#119444
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
8 лекция

Жаппай сұрыптау – бастапқы материалдардан сұрыптаушы үшін тиімді бірнеше белгілері бар даралар топтарын бөліп алу. Олардан жақсы өнім алу үшін көптеген белгілеріне байланысты жаппай сұрыптауды пайдаланады. Жақсы жемдеуді ұзақ уақыт соза отырып ірі қара малдың күйін келтіріп алады. Осы әрекеттің нәтижесінде ірі қараның қантамыр, тынысалу және т.б. жүйелерінің дмуы жүреді. Мысалы, етті тұқымды қазақтың ақ бас сиыры мен сүтті қолтұқым даланың қызыл сиыры шықты.
Жеке сұрыптау – адамның назарын аударатын белгілері бар және олардан ұрпақ алуға болатын жекеленген дараларды бөліп алуға негізделеді. Туыстық жағынан жақын малдарды будандастыру әрекеті арқылы жүргізіледі. Жеке сұрыптауда таза салалар (линиялар) қолданылады. Асыл тұқымды мал зауттарында мұнай дараларды ядро ретінде пайдаланады.
Трансплонтация әдісі – қолдан ұрықтандыру әрекеті негізінде түр санын арттыру үрдісін айтамыз. Қазақстан республикасында 1965 жылы академик Ф. М. Мұхамбетқалиевтің басшылығымен экспериментальдық биология институтында трансплантация әдісімен дүние жүзі бойынша алғаш рет қозы алынды. Қазіргі уақытта осы әдіс арқылы Қазақстанда Қызыл кітапқа енген арқардың санын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп, өз нәтижелерін берді.
Әріден будандастыру әдісі – мүлдем туыс емес ағзаларды будандастыру әрекетін айтамыз. Бұл әдісте өсімтал ұрпақ алу өте қиын. Әйтседе Қазақстанда Н.С.Бутарин, А.Е.Есенжолов және А.И.Жандеркиндер биязы жүнді қойларды жабайы арқармен будандастырып, түраралық будан – арқар-мериносты шығарды. Бұл қолтұқым биік таулы жерлерде жайылып жүруге өте төзімді келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет