2. Ғылыми айналымға жаңа әдеби, тарихи көздердің енуі. Соңғы жылдары бұрын бізге мүлдем таныс емес. Дильтей, Гуссерль, Хайдеггер, Поппер, Риккерт, Гадамер, Дюркгейм, Вебер сияқты көрнекті социологтардың, мәдениеттанушылардың еңбектері орыс тілінде жарық көргендіктен ғылыми қауым олардың негізгі идеяларымен тікелей танысуға, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Қазақ, орыс, басқа да ұлттық философиялық жүйелер туралы мәліметтер көбейе түсті. Бұл материалдарды игеру, бағалау, оны ғылыми айналымға ендіру гуманитарлық біліммен айналысатын мамандардан үлкен біліктілікті қажет етеді.
3. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардан практикалық қолданысқа тезірек енгізуге жарайтын жобаларды, сараптамаларды, ғылыми болжамдарды қоғам талап етуде. Экономика мен практикалық саясат, әлеуметтік процесстерді басқару, мәдениет саласын ұйымдастыру, білім беру процесін халықаралық стандартқа лайықтау сияқты аса маңызды жаңа күрделі мәселелер бүгінгі гуманитарлық теорияларға негізделуі тиіс.
4. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап әлеуметтік-гуманитарлық білімнің көптеген салалары дамып, мазмұндық мүмкіндіктерін нығайына түсуде.
Экономикалық ғылымдардың дамуы да – кез-келген елдің экономикалық және ғылыми әлеуетінің маңызды көрсеткіші.
Экономикалық ғылымдардың дамуы – ұзақ тарихи үдерістің заңды белгісі. Экономикалық ғылымдар жүйесінде де іргелі жжәне қолданбалы ғылыми зерттеулер қабаты бар. Іргелі экономикалық зерттеулерге экономикалық теория, экономиканы басқару теориясы, статистика, бухгалтерлік есеп, шаруашылық әрекетті талдау жатады. Іргелі экономикалық ғылымдардың мақсаты – экономикалық дамудың обьективті заңдарын тану, анықтау.
Қолданбалы экономикалық ғылымдар іргелі экономикалық зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізуге ықпал етеді. Бұлар – еңбек экономикасы, қаржы мен кредит, демография, материалдық-техникалық жабдықтау.
Экономикалық ғылымдардың қазіргі дамуының ерекшелігі – басқа ғылым салаларымен-математикамен, психологиямен, философиямен тығыз байланысты болуы. Экономикалық ғылымдардың маңызды саласы – экономикалық кибернетика. Ол экономика саласындағы ақпарат тасқынын, экономикалық өлшемдерді, экономикалық көрсеткіштерді дайындау барысын, экономикалық басқару жүйесін жетілдіруді зерттейді, экономикалық-математикалық модельдер дайындайды.
Экономика социологиясы іс-әрекет барысында материалдық қажеттіліктерден басқа өзін-өзі сыйлайтын, ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, өзін ұйымдастырушы, басқарушы, өндіріс иесі ретінде жан-жақты көрсетуге ұмтылатын іскер, кәсіпкер адамның тұлғасын жан-жақты зерттей бастады.
Қазіргі экономикалық ғылымның дамуында бірнеше методологиялық сипаттағы мәселелер бой көтеруде.
Ең алдымен, экономика ғылымы өзінің зерттеу пәнін анықтауы қажет. Осы уақытқа дейін экономикалық іс-әрекет, кәсіпкерлік, сауда, қаржылық, банктік, кооперативтік, акционерлік қызмет деп айтылып жүр.
Экономикалық теория үшін ең жалпы ұғым – шаруашылық, материалдық игілікті өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну. Бұлар – тауар айналымының маңызды тетіктері. Әрқайсысының өзіндік заңдары бар.
Экономиканың өзекті ұғымы жеке меншік ұғымын методологиялық тұрғыдан талдау қажет.
Жеке меншіктің субьектісі – жеке адам және кез-келген қауымдастық. Жеке меншіктің обьектілері – өндіріс құралдары, жұмыс күші, өндіріс өнімдері, бағалы қағаздар, интеллектуалды өнімдер.
Қазіргі уақытта қоғамдық меншік, жеке меншік, мемлекеттік меншік, аймақтық меншік, кооперативті меншік деген әртүрлі ұғымдар пайдалануда. Меншіктің нақты типтерін анықтап, оларды бір-бірінен оқшаулаудың ғылыми негіздерін жасау керек.
Халық арасында материалдық игіліктерді бөлу мәселесі де өз шешімін таба алмай отыр. Сонымен қатар, қоғамды экономикалық негізде ұйымдастырудың типін анықтау да толық шешіліп болмаған методологиялық мәселе.
Экономикамен тікелей байланысты маңызды мәселелердің бірі – әлеуметтік басқару мен менеджмент.
Басқару – негізгі ұғым. Кез-келген басқарудың мәні – бір жүйені екінші бір жүйе талаптарына сәйкестендіру. Мұнда басқарушы және бағынушы бар. Бағынушы басқарушының бұйрықтарын орындауы керек.
Менеджмент – әлеуметтік басқарудың түрі. Ол өндіріс орны, банк, фирма сияқты экономикалық нысандарға бағытталған. Филармонияның директорын, оқу орындарының ректорын, мектептің директорын, аурухананың бас дәрігерін олардың басқарушы болғанына қарамастан менеджер деп атамайды.
Менеджментті қоғамдық өмірдің барлық саласына қатысты әлеуметтік басқарудың түрі деп анықтауға болады: экономиканы басқару, ғылымды басқару, экологияны басқару, медицинаны басқару, білімді, өнерді басқару... осылардың бәрін жинақтап, менеджменттің жалпы теориясын жасауға болады.
.
Тәуелсіз Қазақстанның маңызды ерекшелігі – қоғамның әлеуметтік құрылымы күрделеніп, тың сипаттарға ие болуы. Республикамыздың ширек ғасыр жеке мемлекет болып өмір сүруі барысында оның өзекті таптары, қауымдастықтары негізінен қалыптасып үлгерді. Байлар мен кедейлер, аралық топтар пайда болды. Жаңа сипаттағы әлеуметтік жұмыс иелері пісіп жетілді.
Ірі меншік иелерімен қатар кішігірім кіріс көзі бар, өзін-өзі қамтамасыз етуге қауқары жететін іскер адамдар пайда болды.
Жеке меншік компанияларының, мемлекеттік органдардың, білім денсаулық сақтау жүйелерінің қызметкерлері, менеджерлер, программистер, жүк және адам тасымалдаушылар, құрылысшылар, банкирлер, саудагерлер, әртүрлі бағыттағы делдалдар, педагог-тәрбиешілер, өнер адамдары ... осылардың бәрі қазіргі қоғамда белсенді әрекет етіп, қоғамдық қатынастардың қым-қиғаш, күрделі болмысын қалыптастыруда.
Әлеуметтік ғылымдардың қазақ тілінде баяндалып, жазыла бастауы – болашағы бар маңызды үрдіс.
.
Саяси билік деп белгілі әлеуметтік топ пен индивидтің әртүрлі ұйымдар мен заңдардың, идеялардың, қатынастардың күшіне сүйене отырып, саясатта өз еркін жүргізу қабылетін айтамыз. Билік ету дегеніміз – басқа адамдардың іс-әрекетіне, тәртібіне әсер ете отырып, өз мүддесін іске асыру. Саяси биліктің күре тамыры – мемлекеттік билік болып табылады. Бұл күш қоғамда тұрақтылық пен реттілікті орнатады.
Саясат дегеніміз – ғылым, тәрбиелеу, жер өңдеу сияқты іс-әрекеттің нақты формасы. Ол билікті сақтау, тұрақтау функциясын орындап қана қоймай, сонымен қатар, қоғамда азаматтық келісім, ізгілік орнатуға да атсалысады. Осы мақсатта іс-әрекеттің өркениетті формалары конструктивті диалог, компромисс, партнерлік кеңінен қолданылады.
Қазақстанда демократияны нығайтып, тұрақтандырудың алғы шарттары бірнеше маңызды мәселелерді шешумен тығыз байланысты.
Ең алдымен, нығайтып, тұрақтандырудың алғы шарттары бірнеше маңызды мәселелерді шешумен тығыз байланысты.
Ең алдымен, барлық жерде қамтамасыз ете алатын нақты құқықтық мемлекет кұру – бірден-бір қажеттілік. Мұны іске асыру үшін мемлекеттік құрылымдардың өздері заңды белгіленген ережелері бойынша қимыл жасауы керек. Саяси процестің басқа субьектілеріне қойылатын талап та осындай. Сонымен қатар, қоғамдағы барлық азаматтар заңға сәйкес өмір сүріп үйренуі керек. Бұл – толыққанды демократияға көшудің сара жолы.
Құқық әр уақытта қоғамда реттеуші қызметін атқарды, тұрақтылық кепілі болды. Қазіргі уақытта да адамдар арасындағы қатынастарды мақсатты реттеуге ықпал етіп, әділеттілікке, теңдікке, тең мүмкіндіктер идеясына негізделген қоғамды құруға негіз болуда.
Құқық ұғымы үш негізгі сипатта көрініс береді: 1) адам өмірінің бастауы және көрінісінің бірі ретінде дүние құраушы құбылыс; 2) ерекше, күрделі әлеуметтік құрылым ретінде; 3) сот және басқа заң мекемелерінің заңды қорғау және қадағалауға бағытталған іс-әрекетінің түрі ретінде.
.
Адамды шын мәнінде адам етіп, оны өзін-өзі құрметтейтін тұлға деңгейіне көтеретін керемет күш-руханилық. Егер адам өз болмысын тек заттар өндірумен, тұтынумен шектесе, онда оның өмірі сүреңсіз, мәнсіз болар еді. Рухани қажеттіліктер адам өміріне нәр береді, оны қызғылықты жан-жақты етеді. Рухани дүниелерді жасау, тудыру процесі адамды дамудың жаңа сапасына жетелейді, таптырмайтын керемет рухани дұниелері арқылы мәңгілікке қол созады.
Рухани құндылықтар – адамның рухани іс-әрекетінің нәтижесі. Оның өзегін бүкіладамзаттың идеалдар құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |