Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»


Тақырыбы: 20-30 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдай



бет38/81
Дата06.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#12222
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81
Байланысты:
kazedu 201595

Тақырыбы: 20-30 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдай.


  1. Өлкедегі саяси өмір

  2. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің нығаюы

1.Өлкедегі 20-жылдардың бас кезіндегі қоғамдық-саяси өмір 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Жарлығы бойынша құрылған қазақ революциялық комитеті өлкедегі ең жоғары әскери-азаматтық басқару органы болып табылды. Оның басты міңдеті: революцияға қарсы күштерге тойтарыс беру, өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени кұрылыс үшін жағдай жасау, Қазакстаңда Кеңестердің Құрылтай съезін әзірлеу, армияны азық-түлікпен және басқа да қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету және сот ісін жүргізу болды.

Қазақ революциялық комитетінің алғашқы құрамына оның төрағасы ұлты поляк, 1902 жылдан болтшевиктер партиясының мүшесі С.Пестковскиймен бірге Ә.Жангелдин, Б.Қаратай, М.Тұнғаншин, С.Мендешев және Алаш Орда жетекшілері А.Байтұрсынов пен М.Қаралин және тағы басқалар енді. Қазақ революциялық комитетінің шешімі бойынша 1920 жылы 9 наурызда Алаш Орда үкіметі таратылды. Қазревкомның қарауына Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары және Астрахань губерниясының қазақтар тұратын аймағы кірді.

1919 ж. 10 шілдеде құрылған Қазақ революциялық комитетінің басты міндеттерінің бірі қазақ жерлерін біріктіру және қазақ кеңестік автономиясын құруға дайындық жұмыстарын жүргізу болды. Бірақ аумақтық мәселе талас-тартыссыз өте қойған жоқ. Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы болғандар аз болмады. А.Байтұрсынов пен М.Сералин Қазақстанның солтүстік облыстарының, соның ішінде Қостанай облысының ежелден ақ қазақ жерлері екендігін және оны Қазақстан құрамына қосу қажеттілігін дәлелдеген хаты негізінде бұл мәселе 1920 жылы 28 ақпанда Лениннің қатысуымен РКП (б) Орталық Комитетінде қаралды, оны шешу Бүкіл ресейлік Орталық Атқару Комитетінің әкімшілік комиссиясына берілді. Батыс Сібір губерниясынан келген Акмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу % оңай болған жок. Бұл кезде Қостанай облысы да Челябі губерниясының құрамында болатын. Сібір революциялық комитетінің сол кездегі басшыларының қазақ жерлерін қайтарғысы келмей қасарысуы да жағдайды шиеленістіре түсті. 1920 жылдың екінші жартысында аталған облыстардың аумақтық мәселесі бес рет қаралды. Казақ революциялық комитеті басшыларының табанды белсенділігі мен бұл мәселеге орталықтың араласуы ғана бұл аумақты қазақ революциялық комитетінің пайдасына шешуге мүмкіндік берді. Солтүстік облыстардың қазақ жеріне толық қосылуы 1921 жылы ғана аякталды.

1920 жылы 1-7 тамызда РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декреттер жобасын қарады. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР құ'рамында Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декретке қол қойылды. Автономия астанасы Орынборда 1920 жылы 4-12 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Съезде С.Меңдешев басқарған Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен В.Радус-Зенькович басқарған Халық Комиссарлары Кеңесінің құрамы сайланды. Съезде сонымен бірге «Қазақ АКСР еңбекшілері кұқықтарының Декларациясы» қабылданды. Бірақ қазақ елінің кеңес билігі тұсында мемлекеттік еркіндік алу туралы ой-арманы орындалмады. Жарияланған кеңестік қазақ автономиясы тек сөз жүзіндегі ғана құрылым болды. Қазақстанның ішкі өміріне қатысты мәселелердің негізгі түйіні Мәскеуде шешілді. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдері тәуелсіздік жолындағы күресті одан әрі жалғастырды. Бірақ қуғынға ұшыраған олардың бір бөлігі шетелге кетуге мәжбүр болды.

Орта Азияда республикаларды Түрік Республикасына біріктіру жөніндегі Тұрар Рысқұловтың идеясы Орталықтың наразылығын туғызды. Бүкіл ресейлік Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Ташкентке арнайы құрылған комиссия жіберді. Түрік Республикасы туралы жергілікті партия органдарының шешімдерінің күші жойылды. Түрік Республикасын құру туралы бастаманың Т.Рысқұлов бастаған бас-шылары партиялық және мемлекеттік қызметтен босатылды. Тек 1922 жылы ғана өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындағаннан кейін барып ғана олардың республика басшылығына қайта оралуына рұқсат етілді.

1923 жылы маусым айында Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мәжілісінде татар коммунистерінің жетекшісі М.Сұлтанғалиевтің Орта Еділ бойында коммунистік мұсылман мемлекетін кұру әрекеті де қатты сынға алынды. Сұлтанғалиевтің Шығыстағы барлық түріктерді біріктіру жоспарында Орта Азия немесе Тұран Республикасы (Құрамында Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан және Тәжікстан) КСРО кұрамына тең құқылы федерация ретінде кіруі керек болса, Қазақстан жеке одақгас республика болып құрылуы тиіс еді. 1923 жылы Сұлтанғалиев Кеңес өкіметін құлатпақ әрекеті үшін айыпталып тұтқынға алынды, кейіннен атылды. Сонымен бірге, қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясын да жазалау әрекеттері басталды. Республика басшылығындағы бұрынғы Алаш партиясынын мүшелері қызметтерінен босатылды, Т.Рысқұлов және тағы басқалар Орталыкқа шақырылды.

Қазан төңкерісінен кейін Кеңестер өкіметі ұлт-азаттық күресті зорлыкпен басып, тоталитарлык жүйе бір жолата орныққаннан кейін ұлт-азаттық күрес өрісінің тарылуына байланысты, енді ол жаңа саяси жағдайда шетелдік эмиграция күшімен де жүргізіле бастады. Шетелдік эмиграцияның ұлт-азаттық күрестегі ең ірі өкілі Мүстафа Шоқай болды. Азаттық күресінің бұл кезеңі мен жаңа жағдайында Мұстафа Шокай (Париж), Ибраим Жайнақов (Шығыс Түркістан), Райымжан Марсеков (Шығыс Түркістан) сияқты қазақтың ұлттық демократиялық интеллигенциясы мен бұрынғы Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері тұрды.

Кеңес өкіметінің ұлт және ұлттардың теңдігі мен бостандығы туралы саясатын Ахмет Заки Валидің «Ресейдің оңтүстік-шығыс мұсылмандары тарихында жаңа кезең басталды. Ресейдегі күрес мұсылмандар құқығын қамтамасыз ете алмады, сондықтан да бұл күрес енді халықаралық сипат алмақ. Менің мақсатым - бұл елдердің талап-тілегін әлемдік қауымдастыққа жеткізу» деп айтуы да көп жайтты аңғарта алады.

XX ғасырдың алғашқы ширегі аяып империялардың күйреуі және отар елдердегі ұлт-азаттық күресінің күшеюімен де ерекшеленді. Ең алдымен Шығыс Еуропадағы империялар күйреді. Олардың бодандары тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдары әлемдік ауқымда асқындаған ұлт-азаттық қозғалысына қосыла алатыңдай саяси күштер Қазақстаннан да табылды. Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Ермеков, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел жәңе Жанша Досмұхамедовтер өз зама-нындағы әлемдік ұлт-азаттық күресіндегі ірі тұлғалардың қай-қайсысынан да кем тұрмады. Алаш азаматтары бастаған ұлт-азаттық күрес тоталитарлық жүйе нығайғанға дейін тоқтамады. Бірақ олардың қызылдар империясының қанды тырнағына қарсы тұруға шамалары келмеді. Алаш қозғалысы мен Алаш Орда мемлекетгілігін коммунистер билігі қызыл шақа қалпында қырғынға ұшыратты.

Алғашқы кезде көз алдау үшін құрылған ұлттық республикалар қол жаулық мемлекетке айналды. Большевиктер партиясы монархияны құлатқанымен империяны құлатпаған еді. Патшалық Ресей империясының орнына Кеңестер империясы, патшалық деспотияның орнына коммунистік деспотия орнады. 1922 жылдың соңында құрылған КСРО-ның мемлекеттік кұрылымы жұрт назарына ұсыну үшін койылған әшекей зат қана еді. Билік - Кеңестерге, жер - шаруаларға, зауыттар - жұмысшыларға деп ұран көтеріп, 1917 жылы төңкеріс жолымен өкіметті басып алған коммунистер, бұл билікті одан кейінгі жылдары да өз қолдарынан шығармады.

2. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен дүниенің астан-кестеңін шығарған азаматтық қарсыластық кезеңі Ресейдің басқа халықтары сияқты қазақ халқын да ауыр дағдарыс пен күйзеліске ұшыратты. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында басталған экономикалық дағдарыс пен соғыс ауыртпалығы 1917-1920 жылдардағы аумалы-төкпелі заманда одан сайын күшейе түсті. Бір қолдан екінші қолға өткен және меншік нысанын ауыстырған кәсіпорындар жұмыс істеуден қалды. Казақстандағы мемлекет иелігіне алынған 307 кәсіпорынның 250-і мүлдем жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарды, мыс рудасын өндіру мүлдем тоқтады. Көптеген кәсіпорындар жарым-жартылай ғана жұмыс істеді. Соғыс жылдарында қиратылған және бүлінген кәсіпорындарды қайта қалпына келтіруге қаржы мен жұмыс күші жетіспеді.

Ауыл шаруашылығы да үлкен күйзеліске ұшырады. Егіс көлемі 1914 жылғы 3,6 млн. десятинадан, 1922 жылы 1,6 млн. десятинаға дейін қысқарды, егін шығымдылығы да едәуір төмендеді. Азамат соғысы жылдарында енгізілген азық-түлік салығы 1921 жылы наурыз - сәуір айларында ғана азық-түлік салығымен алмастырылды. Бұған дейін-ақ зорлыққа негізделген саясатқа қарсы шаруалардың шыдамы таусылған болатын.

1920 жылдың көктемінен бастап шаруалар наразылығы қарулы күреске ұласа бастады. Шаруалардан құралған әскери бөлімдерде қарулы бүліктер шықты. 1920 жылы Ақтөбе уезінде Логинов бастаған ішкі істер қызметінің батальоны бүлік жасады. Маусым айында Өскемеңдегі 530-шы жаяу әскер полкі көтеріліс жасады, маусым айының соңында Павлодар мен Семейде есаул Шишкин бастаған көтеріліс бұрқ ете түсті. Бірнеше ірі станцияларды басып алған олардың қатары шілде айының соңында 16 мыңға дейін жетті.

1920 жылғы көтерілістің ең ірісі Орал губерниясында әрекет еткен бұрынғы қызыл гвардияшы, азамат соғысының батыры А.Сапажков бастаған бүлік болды. Сапажков басшылық еткен екінші Түркістан атты әскер дивизиясында бұрынғы шаруалар көп болатын. Большевиктер саясатына наразы болған олар шілде айында Сапашковтың басшылығымен ашық қарулы күреске шығады. Орал қаласын алу әрекетінен ештеңе шықпаған көтерілісші әскерлер дала түкпіріне қарай шегінуге мәжбүр болады. Парти-зандық күрес тәсіліне көшкен көтерілісшілер ұйымдасқан және жақсы қаруланған Қызыл Армия әскерлеріне қарсы тұра алмады. Көтерілісшілер жеңіліске ұшырайды. Сапашковтың өзі ұрыс үстінде қаза табады.

Бұңдай көтерілістер 1921 жылы Көкшетау уезінің Белогор болысында, Есіл уезінде және Гурьевте болды. Көтерілістің басты себебі болыиевиктердің халыққа қарсы қатал саясаты мен ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайы еді. Көтерілісшілер «Большевиктерсіз кеңес өкіметі», «Азық-түлік салғырты жойылсын», «Сауда еркіндігі жасасын» деген сияқты ұрандар көтерді. Кеңес өкіметі көтеріліске қатысқаңдарды қатал жазалады. 1921 жылдың көктемінен азық-түлік салығының жойылуы және жаңа эко-номикалық саясатқа көшу шаруалар наразылығын едәуір бәсендетті.

1921-1922 жылдары Қазақстанның едәуір бөлігін қуаңшылық жайлап елде ашаршылық басталды. Қуаңшылық алдында жұт болып малдың көп бөлігі қырылды. Аштықка ұшырағандар саны 2 млн. 300 мың адамға жетті. Ашаршылық әсіресе, өлкенің батыс және оңтүстік-батыс аудандарын көбірек қамтыды. Бүкіл ресеилік Орталық Атқару Комитетінің декретімен Орал, Ақтөбе, Орынбор, Қостанай, Бөкей губерниялары аштыққа ұшыраған аудандар қатарына қосылды. Астық мол болған Семей және Ақмола губернияларында да аштық белгілері байқалды. Азық-түлік отрядтары азық-түлік салығының жойылғанына қарамастан Семей және Ақмола губерниялары шаруаларынан азық-түлік салығы ретінде ауыл шаруашылық өнімдерінің артығының 80 пайызына дейінгісін күшпен тартып алды.

Еділ бойынан аштыққа ұшыраған халықтың Батыс Қазақстан арқылы Түркістанға қарай ағылуы да жағдайды одан әрі күрделендіріп жіберді. Ашыққан аудандарға көмек көрсету едәуір кешігіп жүргізілді және ол барлық аудандар мен ашыққаңдарды түгел қамти алмады. Нәтижесіңде 1921-1922 жылдардағы аштық пен аурудан жүз мыңдаған адам қырылды.

Кеңес өкіметі өзінің бейбіт уақыттағы алғашқы экономикалық және саяси жағдайын осындай трагедиялық цифрлармен бастады. Дегенмен де патша өкіметінің Сібір және Орал казак әскерлеріне берген қазақ жерлерін қазақ шаруаларына қайтару туралы декреті Кеңес өкіметінің жер саясатындағы оңды шешімдерінің бірі еді. 1921 жылы жер реформасы Жетісуда да жүргізілді. 1916 жылғы көтерілісті басып-жаныштау кезінде тартып алынған 400 мың десятина жер байырғы халыққа қайтарылып берілді.

Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде қазақ мемлекеттілігінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру жөніндегі аса маңызды мәселе дұрыс шешімін тапты. 1924 жылы Түркістан АКСР-і таратылып, оның жерлері Өзбек, Түркмен республикалары мен Қазақстанға берілді. Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулие ата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Самарқан облысы Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Қапал уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі және Қарақалпақ жері Қазақстанға қарады. Көп ұзамай Қарақалпақ жері түгелдей Өзбекстанға қосылды. Орынбор губерниясының бір бөлігі мен Орынбор қаласы Ресейге берідді. Республика астанасы Ақмешітке (Қызылорда) көшірілді. Ұлттык-аумақтық межелеу нәтижесіңде Республиканың жер көлемі 2,7 млн. шаршы километрге жетіп, халық саны 5 млн. 230 мың адамга көбейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет