Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»


Тақырыбы: Қазақстан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы



бет51/81
Дата06.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#12222
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81
Байланысты:
kazedu 201595

Тақырыбы: Қазақстан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.
1. ТМД құрылуы

2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының органдары.
Кеңес Одағының 70 жыл бойы жүргізген саясаты 80-ші жылдардың орта кезінде шайқала бастады. Яғни, халық шаруашылығының экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларында тек тоқталу, тоқырау ғана емес, сонымен қатар құлдырау да етек ала бастады. Алғашқы оның нышаны ретінде Кеңес Одағы коммунистік партиясының XXVII съезінде сол заман бас хатшысы болған М.С.Горбачев мырзаның баяндамасынан-ақ қоғамды қайта жаңартуға бет алған негізгі қағидалар белгіленді. Олар: қайта құру, демократия, жариялылық, көп пікір таластығы т.б. болатын. Кеңес Одағының экономикалық жағдайы да мәз еместін. Жалпы алғанда, сексенінші жылдардың екінші жартысындағы экономикалық, саяси жағдайлар Кеңес Одағының тоқырауы мен күйреуіне негіз болса, 90-шы жылдарды бұрыңғы Кеңес Одағы республикаларының жаңа тәуелсіз мемлекеттер ретінде құрылуының алғашқы сатысы деп қарастыруға болады.

80-інші жылдардың аяғы мен 90-ыншы жылдардың басында бірқатар республикаларда қабылданған "егемендік туралы декларациялар" мен "экономикалық дербестік туралы" зандар Кеңес Одағының федеративтік құрылым нысанына тосқауыл қойды. Осыдан кейін Кеңес Одағының мемлекет ретінде жойылуының соңғы сатылары жүзеге аса бастады. Литва, Латвия, Эстония өздерінің тәуелсіздігін жариялап, ресми түрде Кеңес Одағы құрамынан шығып, халықаралық қауымдастық тарапынан егемен мемлекеттер ретінде танылды. Ал, 1991 жылдың 7-8 желтоқсанында Ресей, Белоруссия және Украина басшылары ұзақ уақыт келіссөздерден кейін "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру" туралы келісімге қол жеткізді. Бұл оқиғаның тарихи факт ретінде қалыптасуына бұрынғы Кеңес Одағындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік себептер негіз болатын.

1991 жылдың 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Белоруссия басшылары тарапынан Беловеж келісіміне қол қойылды. Бұл кездегі жағдай былай тұғынды: Кеңес Одағының бөлінуі этникалық негізде славян және түркі республикаларының бір-біріне қарсы тұру жолымен дамып, күтпеген оқиғаларға әкеп тіреуі мүмкін еді. Екінші жағынан алғанда, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасында мемлекет аралық қатынастар жүйесінің және ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастар жүйесінің болмауы да өз әсерін тигізбей қоймады.

1991 жылдың 13 желтоқсанында Орталық Азия республикаларының басшылары Н.Назарбаев, С.Ниязов, И.Каримов, А.Акаев, Р.Набиев Беловеж келісімін талқылауға және болашақта осы республикаларға қандай бағыт және даму жолын ұстану керек, деген оймен Ашхабад қаласында жиналды. Ұзақ та ауыр келіссөздерден кейін Н.Назарбаев ұсынған және И.Каримов тарапынан қолдау тапқан, славян республикаларының басшыларымен келіссөз жүргізіп ТМД-ға құрылтайшылар ретінде кіру туралы пікір қолдауға ие болды. Күннен күнге өршіп келе жатқан тұрақсыздықты және республикалар арасындағы түсінбеушілікті ауыздықтау мақсатымен Н.Назарбаев Қазақстанда бүкіл мүлделі мемлекеттердің кездесуін өткізу туралы ұсыныс жасады. 1991 жылы 21 желтоқсанда Азербайджан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина басшылары Қазақстанның бұрыңғы астанасында кездесіп "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы" Алматы Декларациясына қолдарын қойды.

ТМД құруға экономикалық негіз болған жағдайлар мыналар: 80-ші жылдардың ішінде КСРО экономикасының құлдырауы өз шегіне жетіп, халық шаруашылығының әр саласында төмендеу нышандары байқала бастады.

ТМД құруға ниет білдірген мемлекеттер мынандай айғақтарды;

- жаңа Одақ шартын дайындау туралы келіссөздердің тұйыққа тірелгенін, республикалардың КСРО құрамынан шығу және тәуелсіз мемлекеттер құру процесінің шынайы факторға айналғанын;

- орталықтың алысты болжамайтын саясаты экономикалық және саяси дағдарысқа, өндірістің құлдырауына, қоғамның бүкіл салалары бойынша өмір деңгейінің күрт төмендеуіне әкеп соққанын;

- бұрыңғы КСРО кеңістігінің көптеген аймақтарында әлеуметтік шиеленісушіліктің өсуі, адамдардың өліміне әкеп соққан ұлтаралық қақтығыстарға ұласқанын басшылыққа алған болатын.

Осы және басқа да мәселелерді шешу мақсатында Беларусъ, Ресей және Украина басшылары "халықтардың тарихи бірлігі және олардың арасында орныққан байланыстарды негізге ала отырып, демократиялық құқықтық мемлекеттер орнатуға ұмтыла отырып және өзара қарым-қатынастарды дамытуға бағыт ала отырып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға шешім қабылдады"/5, 26./.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылу уақыты екіге бөлінеді. Алғашқысы ретінде 1991 жылдың 8 желтоқсаны /Белорусь, Ресей және Украина/ болса, екіншісі ретінде 1991 жылдың 21 желтоқсаны белгіленуде.

ТМД құрылтай құжаттарына келетін болсақ, олар үшеу - 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы келісім, 21 желтоқсандағы осы Келісімге деген Хаттама және Декларация.

Енді, ТМД-ның даму жолдарына көз тоқтатып өтсек.

1992 жылмен 1993 жылдың бас кезендерінде Достастықтың ұйымдастыру құрылымы - мемлекеттер басшыларының кеңесі, үкіметтер басшыларының кеңесі, ТМД парламент аралық ассамблеясы құрылды. 1993 жылдан бастап Минск қаласында ТМД атқару хатшылығы қызмет істейді. Бұл уақыт ішінде сыртқы істер министрлері кеңесі, қорғаныс министрлері кеңесі де құрылды.

1993 және 1994 жылдар аралығында ТМД елдері өзара қатынастарының Құқықтық негізін қалайтын жұмыстар жүзеге асырыла бастады. Жүздеген келісімдерге қол қойылды. Солардың арасынан сапалы бір құжат ретінде 1993 жылы қол қойылған "Экономикалық одақ туралы" шартты атап өтуге болады. Дегенмен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дағдарыстан шығуға жол іздесе де, әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындай берді.

Әлеуметтік, экономикалық және саяси дағдарыс ТМД мемлекеттерінің барлығында да терендей түсті. ТМД органдары өз функцияларын жүзеге асыра алмады және қабылданған шешімдерді де іске асыруға мүмкіндіктері болмады.

ТМД өзінің құрылу сатысында сөз жоқ жағымды рөлін де атқарды, яғни КСРО республикаларының қирап, тоқтаусыз дағдарысқа ұшырауынан құтқарды. 1994 жылы ТМД алдында баламалы екі мәселе тұрды. Біріншісі, оның қызметін тоқтату болса, екіншісі ТМД-ны дұрыс жұмыс істейтін ұйымға, бірлестікке қайта өзгерту. Соңғы ой, бірлестіктің қажеттігі бұрыңғы заманды көксеу мақсатынан немесе субъективтік ойлардан емес, экономикалық пайдалылығы тұрғысынан туғанды. Бұл кезенде бұрыңғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі республикалардың даму бағытының салаларын анық та айқын әрі шынайы белгілеудің қажеттілігі туындады. Осы кезеңде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев "Мемлекеттердің евразиялық одағын құру" идеясын ұсынды.

ТМД елдерінің экономикалық жақындасу мәселелерін шешетін құжат ретінде 1995 жылдың 6 қаңтарында Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы, кейіннен 1995 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан республикасы қол қойған "Кеден одағы туралы" келісімді айтуға болады.


ТМД елдерінде әр адамға шаққандағы ішкі жалпы өнім көрсеткіші:


ТМД елдері

% бұрыңғы мерзімге қарағнда

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

Қазақстан

94,2

90,9

88,2

92,9

104,0

102,7

97,3

Әзербайжан

76,4

76,2

79,7

87,6

100,7

105,1

110,1

Армения

57,0

90,1

105,0

106,5

105,5

102,8

106,3

Беларусь

90,0

92,0

87,4

89,8

103,1

111,3

107,7

Грузия

55,2

70,9

89,8

102,8

110,9

111,1

103,2

Қырғызстан

85,3

84,7

80,1

93,7

105,7

108,4

104,0

Молдова

--

--

69,1

98,2

92,3

99,8

90,2

Россия

85,5

91,4

87,4

96,0

96,8

101,1

95,5

Тәжікстан

--

82,7

77,2

86,3

82,0

100,2

105,6

Түркменстан

--

--

--

--

--

--

--

Өзбекстан

86,8

95,5

93,0

97,3

99,8

103,3

100,5

Украина

89,8

85,8

77,5

85,5

90,7

97,6

96,7

ТМД бойынша

85,7

90,3

85,8

94,7

96,8

101,0

97,3

ТМД елдерінің сыртқы шекараларын қорғау, Достастық елдерінің территорияларындағы қақтығыстардың алдын алу мен реттеу, ТМД елдерінің Кеден одағы салаларында және құқықтық ынтымақтастық пен қылмыспен күрес саласындағы бірігіп қызмет атқару жөніндегі келісімдердің алар орны ерекше. Солардың қатарына 1997 жылғы 14 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Украина Үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді, 1997 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан Республикасы мен Грузия Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді немесе 1997 жылғы 10 маусымда жасалған жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы шартты (бұл келісімдерді Қазақстан Республикасы 1999 жылдың 30 желтоқсанында бекітті) және тағы да басқа көптеген келісім шарттарды жатқызуға болады (12, 26.). 1999 жылдың 8 желтоқсаныңда Беларусь Республикасы мен Ресей Федерциясы арасында "одақтық мемлекет құру" жөніндегі шартқа қол қойылды. ТМД елдері арасында ұйымдасқан қылмыспен ортақ күрес жүргізу және 1999 жылдың желтоқсан айында Достастыққа мүше елдер қол қойған терроршылдыққа, сепаратизмге қарсы шараларды бірігіп жүргізу бағытында жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Себебі, 1999 жылдың шілде айында Қырғызстанның Баткен ауданына қарасты тау өңірін жайлап, терроршылдық қызметтерін жүзеге асыруға кіріскен терроршылдардың ұйымдасқан ерекеттері, бұл мәселеге де ТМД елдерінің көңіл бөлуі қажет екендігін көрсетті. Қазіргі күнде ТМД-ның терроршылдыққа қарсы Орталығы құрылды/15,16/. Мұның өзі, терроршылдықтың дүние жүзінің дамыған мемлекеттеріне ғана күрделі мәселе емес, сонымен қатар, жаңадан аяқтарына тұрып экономикалық дәуірлеу сатысында тұрған ТМД елдері үшін де ауыр да қиын, бірақ шешімін табу міндетті болып табылатын мәселе екенін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет