Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


 Лекцияның негізгі сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет107/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113
3. Лекцияның негізгі сипаттамалары: 
- ғылымилығы, қатаң дәлелділігі: аталған (оқытылатын) ғылым саласының проблемалық 
және пікір талас тудыратын сұрақтарын қамтуы;
- мазмұнының әдістемелік дұрыс тұрғызылуы және тақырыптың ұтымды мазмұндалуы 
(мазмұндалатын сұрақтарға лектордың білім деңгейінің сәйкестігі, күрделі дәлелдемелерді 
сәйкесінше өз сөзімен айтуы, күрделі үдерістерді жазу кезінде олардың математикалық 
моделін пайдалануы, ілгеріде мазмұндалған материалдарды қатыстыруы, едәуір басты 


және қиын меңгерілетін сәттерді бөліп алуы, қорытынды шығару кезінде шектеу мен 
жіберілетін қателіктерді негіздеуі, сөйлемдегі ойды өз сөзімен айтуында бір мағыналы 
болуы);
- лекция материалдарының мамандық саласымен байланысы, бейіндік ғылымды 
дамытуды терең түсіну үшін лекцияда қарастырылатын қағидалардың дүниетанымдық 
және әдіснамалық мәнін негіздеуі;
- лекция өзіндік жұмыста тереңдетуге қызығушылықты тудыруы қажет, тек оқу ғана емес, 
сонымен қатар, монографиялық және журналдарды оқуға білім алушыларды бағыттауы 
қажет;
- мазмұнның мәселені қамтуы (лекция мазмұны негізгі мәселені айқындауды қамтуы), 
лекция жоспарына сәйкестікте оны ашудың логикасын негіздеуі, жоспардың жекелеген 
тармақтары нақты проблемалық жағдаяттарды қамтуы, оларды шешу мен дәлелдеу 
тәсілдерін анықтауы.
Проблемалық әдістің түсіндіру әдісімен оңтайлы үйлесуі, білім алушылардың 
жұмылдырушылығын және олардың шығармашылық ойлауын белсенді етеді. Лекция 
мәтіні/тезисі білім алушылардың дайындығын қамтамасыз ету үшін алдын ала беріледі.
 
4. Лекция оқуға қойылатын негізгі талаптар: 
- берілген ақпардың жоғары ғылыми деңгейде болуы, оның дүниетанымдық маңызы;
- әдістемелік жағынан өңделген, көлемді нығыз жүйеленген жаңа ғылыми ақпар; - 
айтылған пікірлердің дәлелді болуы;
- келтірілген мысалдар мен фактілердің, құжаттардың қажетті мөлшерде болуы;

айтылған ойдың түсініктілігі, тыңдаушылардың ойлау қабілетін арттыруы, 
қарастырылған мәселе бойынша өз бетінше жұмыс істеуге арналған сұрақтар қою; 
- қойылған мәселені шешуге айтылған әртүрлі көзқарастарды сараптау;
- негізгі ойды бөліп алу, қорытындыларды тұжырымдау; 
- білім алушылармен педагогтік байланыс жасап, дидактикалық материалдар мен 
техникалық құралдарды пайдалана білу.
- негізгі ойды бөліп алу, қорытындыларды тұжырымдау;
- негізгі материалдар текст-конспект, блок-сызба, кесте, графиктерді пайдалану;
- оқытудың замануи техникалық құралдарын толық мәнді пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет