Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет87/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   113
Тұлғалық 
белгілер
-адамның 
даралық 
ерекшеліктерін 
көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен 
қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық 
белгілер теориясы - негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған 
терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының 
құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады. 
Тұлғаның бағыттылығы
- тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар 
жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы 


оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар 
арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері 
тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына 
жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді 
дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық 
сапалары мен көзқарастары. 
Тұлғаның имплицитті теориясы

белгілі бір адамның даралық өмір 
тәжірибесіндегі тұрақты қалыптасқан, типтік жағдайлардағы сыртқы белгілердің негізінде 
бір-бірімен адамдардың психологиясы мен қылығының үйлесімділігі ретінде түсінігін 
белгілейтін ғылыми, әлеуметтік-психологиялық ұғым. Тұлғаның имплицитті теориясы— 
адамдар туралы мағлұматтар жеткіліксіз болған жағдайда, олардың сыртқы пішіні, 
қылығы және тұлғалық қасиеттеріне байланысты өмірде қалыптасқан тұрақты пікірлер 
туралы теория. 
Тұлғаның өзін-өзі анықтауы
-адамның 
өз өмір жолын, мақсаттарын, 
құндылықтарын, әдептілік нормаларын, болашақ мамандығы мен өмір жағдайларын 
өзінше таңдауы. Тұлғаның үміттену деңгейі- адам үміттенетін мақсат деңгейі 
Топ
- әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың 
шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, 
әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты 
адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар деп бөлу кең тараған. 
Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не 
аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен 
(ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар 
(ұжымдар), мәнділігі жөнінен 
референтті
және 
мүшелік
топтар болады. Топтардың 
шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен 
міндеттеріне қарай анықталады. Топ мүшелерінің бірлескен қызметінің мазмұны топ 
ішіндегі динамиканың барлық үрдістеріне себепкер болады, бұлар: тұлғааралық 
қатынастардың дамуы, серіктестердің бір-бірін қабылдауы, топтық нормалар мен 
құндылықтардың, ынтымақтастық және өзара жауаптылық нысандарының қалыптасуы. 
Өз кезегінде топта қалыптасқан қатынастар топтық іс-әрекеттердің нәтижелілігіне әсер 
етеді. Топтар, әдетте, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің объектісі болады. Бұл 
орайда, топ ішінде дамитын үрдістерде, сондай-ақ іс-әрекеттің тұтас субъектісі ретінде 
басқа топтармен өзара әрекеттестік үрдісінде әлеуметтік қатынастар жүйесіне қамтылған 
топтың өзі де зерттеледі. Әлеуметтік топ; бір топ оқушы; Топталып оқу. Топ белгілі 
біріккен іс-әрекеттерімен сипатталатын адамдар жиынтығы. Ішкі және сыртқы топтық 
қасиеттеріне қарай топтарды келесі түрлерге бөлуге болады: санына, байланысына, 
ұйымшылдығына, ынтымақтастығына, тұрақтылығына, тұлға үшін маңыздылығына т.с.с. 

1. Санына байланысты үлкен топтар (ұлттар, партиялар, таптар), шағын топтар 
(отбасы, ұшақ экипажы). 

2. Байланысына қарай алғашқы шынайы (сынып, студенттік топ, өндірістік бригада), 
соңғы жағдайға немесе шартқа байланысты (университеттің студенттері, қаладағы 
немесе аудандағы мектепті бітірушілер, қаладағы зейнеткерлер); 

3. Ұйымшылдығына қарай: ұйымдасқан, ресми (сынып, студенттік топ), ұйымдаспаған 
бейресми (көпшілік, жиын, жұрт). 

4. Ынтымақтастығына қарай ынтымақты жоғары дамыған (студенттік топ, өндірістік 
бригада), ынтымақсыз төмен дамыған (бірінші сынып оқушылары). 

5. Тұрақтылығына қарай тұрақты (ұлт, отбасы), тұрақты емес (мерзімдік, уақытша 
бригадалар). 



6. Тұлғаға маңыздылығына байланысты эталоиды, референтті (шынайы немесе үлгі 
болатын қиялдағы топ), топтар. 

7. Қоғамның дамуына байланысты прогрессивті (ұжым), регрессивті. 

8. Іс-әрекеттің түріне қарай ойын, оқу, еңбек топтары. 
Топтағы тұлғааралық қатынасты социометрия әдісімен зерттейді. Бұл әдісті енгізген 
Дж. Морено. Топтағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) жәнс жеке (бейресми) 
қатынаста болады. Біріншісі топтың бүкіл құрамымен бірге құжатқа түсірілу, ал екіншісі 
ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда 
болады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін 
емес. Іскерлік және жеке қатынастар тұлғааралық қатынас жүйесін құрайды. Тұлғааралық 
қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әр түрлі әңгімелесу әдістері 
пайдаланылады. Мұндай әдістердің бірі - таңдау болып саналады. Бұл әдісті тұңғыш 
ұсынған американ психологі Дж. Морено. Бұл өз бетінше объективті әдіс және оны 
әлеуметтік психологияның басқа әдістерімен бірге тұлғааралық қатынасты зерттеген кезде 
қолдануға болады. Топ - жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік 
деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік 
жиынтығы. Топ - жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас 
ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы. 
Психологиялық әсер ету әдістері. Адамдарға психологиялық әсер ету әдістері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет