Егер педагог өз алдына жоғары міндеттер қоймай жеткен жетістіктерімен шектеліп қана
қойса, олардың кәсіби дамуы төмендей берері сөзсіз. Сондықтан да пеадагогикалық
кәсіпті таңдаған әрбір адам өз санасында педагог бейнесін қалыптастыра алуы қажет.
Егер өзіндік дамуды мақсатқа бағытталған әрекет деп қарасақ, онда оның негізгі
міндетті бөлігі – өзіндікталдау болуы шарт. Педагогикалық әрекет танымдық психикалық
үрдістерді дамытуға ерекше талаптар қояды: ойлау, қиял, ес. Әр педагог өз психикалық
үрдістернің дамуын талдап, реттеп отырса, өзіндік дамуын байқай алады.
Кәсіби өзіндік дамудың құрамдас бөлігі – педагогтың өзіндік білім алу
жұмысы. Кәсіби өзіндік білім алудың тиімді жолы – педагогикалық ұжымның
шығармашылық ізденіс жұмысына қатысу, білім беру мекемесін дамытуда жаңашыл
жобалар, авторлық курстар мен педагогикалық технологияларды жасақтау.
Өзіндік дамудың екі педагогикалық нәтижесі бар. Бірінші жағынан – тұлғалық даму
мен кәсіби өсуде болатын өзгерістер, екінші жағынан – өзіндік дамумен айналысуға
қабілеттілікті игеру. Аталған нәтижелердің жүзеге асқандығын төмендегі әрекеттерден
көруге болады:
- Мақсат қоя білу; өз алдына кәсіби мәнді мақсат пен өзіндік мдаму міндеттерін
қою;
- Жоспарлау: өзіндік даму құралдары мен әдістерін, әрекеттері мен тәсілдерін
таңдау;
- Өзіндік бақылау: өзіндік дамудағы қадамдар мен нәтижелерді салыстыру;
- Түзету: өзімен жүргізілген жұмыс нәтижелеріне қажетті түзетулер енгізу.
Мұндай әрекеттерді меңгеру және жүзеге асыру белгілі іскерліктер мен уақытты
талап етеді. Сондықтан зерттеушілер кәсіби өзіндікдамудың сатыларын бөліп көрсеткен:
Бастапқы сатысында кәсіби өзін – өзі тәрбиелеуді меңгерудің мақсаты мен
міндеттері нақты емес, мазмұны толықтыруды қажетсінеді. Құралдары мен әдістері толық
анықталмаған.
Екінші сатысында мақсаты нақтылана бастаған. Алға қойылған мақсат пен міндеттер
белгілі тұлғалық қасиеттерді керек етеді. Өзіндікталдау жүзеге асады.
Үшінші сатысында педагог мақсат пен міндеттерді өзбетімен және негізделген түрде
қояды. Сондықтан өзіндікдаму мазмұны жекеленген сапалардан маңызды және жалпы
кәсіби мәні бар тұлғаның қасиеттерін қажетсінеді. Жұмысты жоспарлау, құралдарды
таңдау, өзіндік әрекет жасау жүзеге асады. Өзіндік дамудың барлық негізгі әрекеттері –
мақсатқоюшылық, жоспарлау, өзіндікбақылау, түзету күштеусіз, автоматты түрде жүзеге
асады.
Кәсіби өсу – технологиялық әрекеттің үнемі жүзеге асуы, бағытталудың,
құзыреттілік және кәсіби қажетті сапалардың баюшылығы, еңбектік қалыптасудың
тиімділігін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: