Лекция Жоспар Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар



бет2/4
Дата08.10.2023
өлшемі19,91 Kb.
#113423
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Масс-медиа, технологиялар және қоғам-emirsaba.org

Бұқаралық сана мен цифровизация.


  • Кең мағынасында бұқаралық сана - қалың көпшіліктің, халықтың санасы. Тарырақ мағынасында - белгілі бір құралдардың, ең әуелі бұқаралық ақпарат құралдарының ықпал етуімен айқындалып шығатын кәдуілгі сананың айрықша түрі. Бұқаралық сана бір орында қатып тұрып қалмайтындығы, біртұтас болмауы, эмоционалдылығы, кереғарлығы, бір үлгіден шықпайтындығы және белгілі бір тұрақты қате ойтүйіндер (стереотип) арқылы сипатталады. Бұл ретте көп нәрсе ғылым мен жаппай коммуникация құралдарының дамуына байланысты. Бұқаралық сананың жай-күйін дәуір айқындайды деуге де болады. Адамның бұқаралық санасында әрдайым, ең құрығында, негізгі екі қабат болады: Кәдуілгі сана: күнделікті күйбің тіршілікке байланыстының бәрі. Практикалық сана: бұған адамның бүкіл өмірлік тәжірибесі кіреді.

Бұқаралық сананың мазмұны әлеуметтану, психология, мәдениеттану, саясаттану ғылымдарында қарастырылады. Алғаш рет бұқаралық сана феноменіне интерпретация әлеуметтану ғылымында берілген болатын. Бұқаралық сана – ерекше әлеуметтік қауымдастық болып табылатын бұқараның қызметімен байланысты қоғамдық сананың бір түрі. Мазмұндық тұрғысынан бұқаралық сана - қоғамның әлеуметтік өмірін сипаттайтын бұқараға қол жетімді идеялар, көзқарастар, түсініктер, пайымдаулар. Ол қоғамдық санаға тән ғылым, кәсіби этика сиқты рухани құрамдас бөліктерді қамтымайды. Бұқаралық сана біздің санамыздан тәуелсіз әлеуметтік шынайылық. Яғни оның өмір сүру заңдылықтары қоғамдағы әрбір жеке адамның психологиясы мен өмірі басқарылатын заңдылықтардан бөлек. Бұқаралық сананың өмір сүру заңдылықтарына әсер етуші факторлардың бірі стереотиптердің (грек. stereos-қатты және typos-дақ) қалыптасу үрдісі болып табылады.


  • Бұқаралық сананың мазмұны әлеуметтану, психология, мәдениеттану, саясаттану ғылымдарында қарастырылады. Алғаш рет бұқаралық сана феноменіне интерпретация әлеуметтану ғылымында берілген болатын. Бұқаралық сана – ерекше әлеуметтік қауымдастық болып табылатын бұқараның қызметімен байланысты қоғамдық сананың бір түрі. Мазмұндық тұрғысынан бұқаралық сана - қоғамның әлеуметтік өмірін сипаттайтын бұқараға қол жетімді идеялар, көзқарастар, түсініктер, пайымдаулар. Ол қоғамдық санаға тән ғылым, кәсіби этика сиқты рухани құрамдас бөліктерді қамтымайды. Бұқаралық сана біздің санамыздан тәуелсіз әлеуметтік шынайылық. Яғни оның өмір сүру заңдылықтары қоғамдағы әрбір жеке адамның психологиясы мен өмірі басқарылатын заңдылықтардан бөлек. Бұқаралық сананың өмір сүру заңдылықтарына әсер етуші факторлардың бірі стереотиптердің (грек. stereos-қатты және typos-дақ) қалыптасу үрдісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет