Лекция жоспары , лекция тақырыбы: Әдебиет теориясы пәні және оның атқаратын рөлі, қамтитын мәслелелері


Әдебиет теориясының негізгі мақсаты –



бет2/25
Дата15.12.2023
өлшемі394,79 Kb.
#139507
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Лекция тақырыбы Әдебиет теориясы пәні және оның атқаратын рөлі,-emirsaba.org

Әдебиет теориясының негізгі мақсаты – әдебиеттің даму заңдылықтарын, көптеген шығармаларға, әдеби процеске ортақ сипат белгілерді айқындау.
Әдебиет теориясы – көркем әдебиеттiң болмысы мен бiтiмiн, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнiн байыптайды. Ол әдеби шығарманың мазмұны мен түрiн, тiл ерекшелiктерiн, әдебиеттiң тектерi мен жанрларын зерттейдi.
Көркем әдебиеттiң ерекшелiктерiн талдап таныту арқылы оны зерттеудiң тәсiлдерiн, негiзгi принциптерiн белгiлейді.
Әдебиеттану ғылымының негiзгi салаларынан басқа жанама тараулары бар. Олар: мәтiнтану, тарихнама, библиография.
Библиография:
  1. Белгілі бір мәселе немесе автор шығармаларына байланысты әдебиеттердің көрсеткіші;


  2. Жарияланған, басылып шыққан басылымдар жөніндегі пікірлер жарық көрген газет, журналдардың бөлігі. Қорыта айтқанда, әр түрлі пәндер бойынша кітаптарға, зерттеулерге анықтама-малұматтар беретін, көмекші құралдар жасайтын жанама ғылым саласы.




Мәтiнтану (текстология) – шығарма мәтiнiнiң анық-қанығын сақталған қолжазбасымен, түпкi нұсқасымен салыстырып тексередi, жариялайды. Оның негiзгi мiндетi автордың жазғанының нағыз, дәл нұсқасын анықтап, ешбiр қоспасыз, қатесiз жариялау болып табылады. Ол – көркем шығарманың тұрақты тұпнұсқасын белгiлейдi, оның автор қолымен жасалған ақтық редакциясын анықтайды, әр алуан нұсқасын өзара салыстырады, көшiрушiлер тарапынан кеткен қателердi түзейдi.
Мәтiнтану – филологияның шыағрма мәтінің анық-қанығын сақталған қолжазбасымен, түпкі нұсқасымен салыстырып тексеретін, жариялайтын саласы.
Текстология дербес ғылым ретінде 1917 жылдан кейін ғана библиографиядан бөлініп шығып, методологиялық тұрғыдан танылады. Белгілі бір көркем шығарманың тарихын анықтау үшін тексеру тәсілдерін қарастырады, түпнұсқаны айқындау мақсатында зерттеп, екшеуден өткізеді, қосымша нұсқаларды, басылымдарды қарайды.
Тарихнама (историография) – әдебиеттану ғылымының арнаулы мәселелерi бойынша зерттеудiң көлемi мен мәнiн, маңызын айқындайтын ғылым саласы. Ол әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректердi қарастырады. Оны әдебиеттану ғылымының белгiлi бiр саласының, тақырыбының зерттелу жайы туралы мәлiметтер мен материалдар жинағы деуге болады. Тарихнама көбiнесе ғылыми мақсаттар үшiн қажет.
«Әдебиет теориясы» пәні бірқатар ғылымдармен байланысты болады. Өйткені әдебиет сұлулықты, талғампаздықты суреттейді. Сондықтан осы орайда эстетика, өнермен байланысты болады. Сондай-ақ көптеген көркем шығармаларда оқиға, авторлық дүние таным, көз-қарас, кейіпкерлердің сөздері, сөз, сөздік қоры оқырмандарды ойға қалдырып, ойландырады. Осындай жағдайда әдебиет теориясы философия, тіл ғылымымен етене байланыста болады. Қандай пән болмасын оның өзіне тән табиғаты болады. Ал әдебиет анық ішінде көркем әдебиеттің табиғаты қандай деген сауалға? Көпшілік ғалымдар әдебиетші зерттеулер жауап іздеген, бас қатырған. Талдаулар жасап, сараптамалар түзген. Әдебиет сөзінің өзі әдеп деген қазақи ма,ғынадағы сөзге ұқсас десек те, дегенмен араб тілілнде сөз деген мағынаны аңғартады. Орысша литература сөз. Литер әріп (латынша) әріп деген мағынаны белгілейді. Өнердің түрі көп. Мысалы: сәулет, өнер (архитектура) мүсін өнері, (әдебиет кескін өнері). (Живопись) т.б. Жалпы бұл күнде әрбір кәсіпті мамандықты көтеру деңгейіне қажеттігі үнемі сөз болып жүр. Әдебиет қандай өнер? Әдебиет ең алдымен сөзге, оның құдіретіне, қасиетін сүйеніп сөз үні, көш, әр ұлттың өз сөзі болады. Сөз тілге сүйенеді. Осы жерде тілдің пайда болғаны жөнінде аңызды айта кеткен жөн. Адамда жиналып өзіне жаратушы иесін көрмек болады. Биік ғимарат салады. Алла тағала олар бәрібір шағым шекпей қоймайды деп әрбіріне бір-бір тілден берген.
Әр тілде сөйлеген көптеген адамдар бір-бірінің сөзін түсінбей құрылысты тастап кеткен дейді. Ал дүнеиеде үш мыңдай тілдің түрі бар. Көркем әдебиеттің табиғатына нақтылық, заттылық тән. Өйткені көркем әдебиетті қолмен ұстайсын, көзбен көресің оқисың. Бүгінгі техниканың да өзінің әсері алайда қандай десекте, көркем әдебиет киелі өнер. Әдебиет күрделілігі сала оның табысын түсіну оңайға соқпайды.
Әдебиет теориясы және әлемдік әдебиеттану ғылымы, озық әдеби теориялық ой-пікірлер, жаңаша көзқарастар бұл пәнде басты назарда болады.Әлемдік әдебиеттану ғылымы бүгінде әдебиетте тек тәрбие құралы ретінде ғана емес, адам баласының санасына әсер етуді мақсат тұтады. Көркем әдебиеттің түрі, пішіні оқиғаның өрбуі кейіпкері дүниесінің бір-бірімен қарым-қатынасы үйлесімділігі, қақтығысуы бәрі-бәріде өмірдіің нақ өзіндегі ерекшелігі көтеруде айрықша ролге ие. Әдебиет елінің, халқының мұрасы. Жалпы алғанда халықтық әдебиеттің деген сөз кейін пайда болды. Алайда әдебиеттің түрлері көп екені рас.
Қазірде әдебиет теориясы ғылымы ұлттық мүддемен тікелей байланысты. Әрбір ұлт өз әдебиетін дамытуға елеулі мән береді. Атап айтқанда Батыс және Шығыс әдебиеті арасында елеулі айырмашылық бар екені рас. Батыс әдебиеті көбінесе кейіпкерлердің сыртқы бейнесіне көңіл аударса, шығыс әдебиеті кейіпкерлердің ішкі дүниесіне назар салады.
Қазақ әдебиетінде қазірде әдебиет теориясы ғылымы негізінен алғанда ұлттық мүддемен байланыстырыла зерттелуде. Ұлттық қадір-қасиет, психология, ойлау жүйесі төл әдебиетіміздің негізгі өзегін құрап отыр. Алдағы кезде де осы бағдар әдебиет теориясы ғылымында басымдыққа ие болады.
Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Әдебиеттануға кiрiспе. Құрастырушы С.Мақпыров. Алматы, 1991.


  2. Әдебиеттану терминдерiнiң сөздiгi. Ред. басқ. З.Ахметов. Алматы, “Ғылым”, 1998.


  3. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. // Шығармалар. Алматы, “Жазушы”, 1989.


  4. Гуляев Н.А. Теория литературы. Москва, “Высшая школа”, 1978.


  5. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, “Мектеп”, 1970.


  6. Қабдолов З. Сөз өнерi. Алматы, “Санат”, 1992.


  7. Райыс Ғ. Сөз өнері теориясы. Алматы, «Таңбалы», 2010.


  8. Аристотель. Поэтика. Москва, “Гослитиздат”, 1957


  9. Қабдолов З. Жанр сыры. (ғылыми-сын пiкiрлер). Алматы, 1964.


  10. Мақпыров С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы, РБК, 1994.


  11. Нұрғалиев Р Трагедия табиғаты А.,1972


  12. Овсянников М.Ф., Смирнова Э.В. Очерки истории эстетических учении. Москва, 1963.


  1. Теория литературы. Основые проблемы в историческом освщении. В 3-х томах. М, 1962-1965 гг.


  2. Храпченко М. Творческая индивидуальность писателя и развитие литературы. М., 1975.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет