Лекция жоспары (1 сағат) Қонақ үй кәсіпорнының басты қызметі. Қонақ үй шаруашылығының негізгі түсініктері


Қонақ үй кәсіпорнының басты қызметі



бет2/4
Дата04.04.2022
өлшемі20,81 Kb.
#29833
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
1-тақырып. Кіріспе. Мейрамхана мен қонақ үй қызметі.

Қонақ үй кәсіпорнының басты қызметі.

Қонақ үй бизнесі халықаралық туризмде басты орын алады. Туристік ағымдар туризм индустриясындағы осы сектордың көлемі және ұсынылатын баспаның сапалы болуынан тікелей байланысты. Қонақ үй шаруашылығының мәселелері (басқару, қаржыландыру, дизайн) туризмнің экономикалық сараптамасының ішінде негізгісі болып келеді. Қонақ үй секторының экономикалық сараптамасы, өз кезегімен, салынған инвестициялардың тиімділігін талдауға негізделеді. Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша 30 мыңнан аса әртүрлі дәрежедегі қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Бұл қонақ үйлердегі бөлмелердің жалпы саны 12 млн. астам. Бөлме қорларының ең үлкен көлемі Еуропада, екінші орында - Америка, үшінші орында - Шығыс Азия.

Қонақ үй индустриясы қазірдің өзінде тез дамып келеді. Отельдердің белсенді құрылысы дүние жүзі бойынша туристерге танымал, сұранымға ие жерлерде салынуда. Ол Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдары (Бали, Пхукет), Мальдива республикасы және Африка мемлекеттерінің кейбіреулері.

Дүниеде ең үлкен отель – «Ambassador City Jomtien» (Тайланд, Паттайя). Ол 5100 бөлмеден тұрады және жалпы 40 акр жердің көлемінде орналасқан.

Қонақ үй бизнесінің дамуы қонақ үй кәсіпорындарының ұлғаюы мен мамандандырылуына қарай бет бұрған. Көп қызмет түрін көрсететін дәстүрлі отельдер, қысқартылған қызмет түрін көрсететін отельдер және мамандандырылған отельдерді (конгресс-орталықтар, курорттық типтегі отельдер, апарт-отельдер, гольф-отельдер және т.б.) кездестіруге болады. Кейінгі жылдары дүние жүзі бойынша коммерциялық емес орналастыру бағыты, яғни туысқандарда, достар және таныстардың үйлерінде орналасу дамуда. Коммерциялық емес негізде уақытша орналасу, каникул уақытында жастар ұйымдары мен оқу орындарының кей мемлекеттерде тәжірибе жүзінде ұйымдастырылуда көрінеді. Ол өз кезегінде жастарға әлемнің әр түрлі аймақтарын минималды шығынмен шарлап өтуге мүмкіндік туғызады.

Батыс мамандарының айтуы бойынша Қазақстанда дүние жүзілік стандартқа сай келетін қонақ үй саны өте аз, сонымен қатар қызмет көрсету персоналы нашар оқытылған, инфрақұрылым ескірген және хабарлау құралдарымен қиындықтар туындайды.

Статистикалық мәліметтерді талдай келе, Еуропада 60-70% –тәуелсіз қонақ үйлер, 20-25% - қонақ үй тізбектері; ал Америкада (Солтүстік, Оңтүстүк, Орталық) 15-20 % - тәуелсіз қонақ үйлер және 70% - қонақ үй тізбектері, 10%-қонақ үй консорциумдары («Best Western» =3000 сипаттағы қонақ үй кәсірпорынның бірігуі, олардың негізгі қызметі жарнама материалдарын баспаға шығару, қонақ үй тізбектеріне қарсыласу) екендігін атап өтуге болады.

Америка қонақ үй қорының саны бойынша көш басшы болып саналады -215-ке жуық қонақ үй тізбектеріндегі көш басшылары бар.

АҚШ-тың әлемдік қонақ үй бизнесінің даму үрдісіне әсері :

-тауар сатудағы және қызмет көрсетулердегі агрессиялық маркетинг;

-Fast Food жүйесінің дамуы;

-кредиттік карточкалар, бонустар, жеңілдіктер жүйесінің дамуындағы тәжірибе;

-аэропорттардың жеке меншікте болуы және жеке авиа альянстардың «One World», «All Stars», « Atlantic Excellence» құрылуы.

«Қонақ үй, отель» сөзі Англияның Лондон қаласында 1760 жылы пәтерлерді бір күнге, аптаға немесе айға жалға бере бастаған мекеменің пайда болуымен байланысты жаңашылдықтың орын алуымен айналымға енді. Ондай жағдай сол жылдары Парижде әдетке айналған болатын. Бұл тұрақтану аулаларда қонақтарды орналастырудан ыңғайлы, тіптен, әдемі әдіске ауысуды білдірді. Басқарушысы, қызметкерлері, қабылдауы мен арнайы киімді персоналы бар қонақ үйлер, негізінен, XIX ғасырдың басында пайда болғанымен, ғасырдың ортасына дейін олардың дамуы салыстырмалы баяу жүрді. Шотландияда жақсы тұрақтану аулаларының болмауы қандай-да дәрежеде онда қонақ үйлердің пайда болуын жеделдетті. XVIII ғасырдың аяғына қарай, мысалы, Эдинбургте саяхатшы комфортабельді және сәнді бөлмелерді жалдай алатын бірнеше қонақ үйлер пайда болды. Сонымен қатар, XVIII-ғасырдың аяғы мен XIX-ғасырдың басында қонақ үйлер Еуропаның басқа бөліктерінде де байқала бастады, осы кезде курортты жерлерде қонақ үй идеясы пайда болды.

Қонақ үй индустриясы экономикалық қызметтің түрі ретінде, қонақ үй қызметін ұсыну және сыйақыға қонақ үй, кемпинг, мотель, студенттік жатақхана, келушілер үшін үйлерде және сол сияқтыларда қысқа мерзімге тұрақтауды ұйымдастыруды қамтиды. Бұл қызмет түріне мейрамханалардың қызметтері де жатады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет