Білім беру стандартын дұрыс түсінуге қажетті ұғымдар. Білім беру мазмұны
Білім беру стандарттарымен қатар қолданылатын біршама ұғымдар сендерге таныс болуға тиіс. Олардың көбінесе «Білім туралы» Заңда (бұдан әрі -Заң) түсініктеме берілген. Біз бұл лекция барысында олардың тек кейбіреулеріне ғана тоқталып кетеміз.
Жоғарыда айтылып кеткендей, білім беру стандарттары білім беру мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
Ал, білім беру мазмұны деген не?
Білім беру мазмұны –жеке адамның құзыреттілігі мен жан –жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын әрбір білім беру деңгейі бойынша білім жүйесі (кешені).
Білім беру стандартын дұрыс түсінуге қажетті ұғымдар
Байқап отырсақ, білім беру стандарты жайлы айтылған кезде өте көп арнайы терминдер мен ұғымдар пайдаланылады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі, білім беру стандарты –айтарлықтай терең, кешенді ұғым. Оның күрделілігінің себебі –оның аталған және өзге де көптеген ұғымдарға негіз болуында.
Біз, педагогтар үшін мемлекеттік білім беру стандарттарын, соның ішінде «Химия» пәнінің стандартын білу ӨТЕ МАҢЫЗДЫ. Бұл біздің мұғалім, оқытушы, оқулық авторы, ғылыми қызметкер, білім саласындағы мемлекеттік қызметкер ретінде басшылыққа алатын, білім саласында сауатты жұмыс істеуімізге мүмкіндік беретін бірден –бір нормативтік құжаттар.
Білім беру стандартын дұрыс түсінуге қажетті ұғымдар. Білім беретін оқу бағдарламалары
Оқу бағдарламасы –әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, бірлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
Білім беретін оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына қарай (1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық), (2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық) және (3) қосымша болып бөлінеді:
Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.
Жұмыстық оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді.