Лекция жоспары: картографиялық жалпыластыру. Тақырыптық карталардың ерекшеліктері



бет1/9
Дата19.11.2022
өлшемі2,06 Mb.
#51185
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

10 дәріс
Тақырып: Тақырыптық карталар.
Бейнелеудің картографиялық тәсілдері.
Лекция жоспары:
1 Картографиялық жалпыластыру.
2 Тақырыптық карталардың ерекшеліктері.
3 Бейнелеудің картографиялық тәсілдері.


1. Картографиялық жалпыластыру туралы жалпы түсінік.
Географиялық картада жер бетінің ірі учаскесінде орналасқан объектілерді кішкене қағаз парағына бейнелейді. Яғни берілген территориядағы барлық объектілер картаға түсіру мүмкін емес. Сондықтан, картаға түсірілетін объектілерді таңдайды. Географиялық объектілер мен құбылыстарды картада бейнелеу мақсатында ғылыми негізденген таңдау процесін картографиялық жалпыластыру (генерализация) деп атайды.
Жоғары деңгейде кішірейтілетін ірі аумақты бейнелейтін ұсақ масштабты карталарда ерекше үлкен жалпыластыру жүргізіледі. Мысалы, масштабы 1:2500 000 жалпы географиялық картаның 1 см2 ауданына жергілкті жердің 625 км2 сәйкес келеді, ал 1 мм2 – 6,25 км2 сәйкес. Тұрығындары тығыз орналасқан территорияда мұндай территорияда 1-2 елді мекеннің орнын алу мүмкін, ал картаның 1 мм2 тек ғана бір пунсон, яғни елді мекеннің шартты белгісі сияды. Ал елді мекеннің аты картада өте көп орын, яғни бірнеше елді мекеннің орнын алады. Демек, халық тығыз орналасқан аумақтың картасында ондаған елді мекен орнына бір елді мекен көрсетіледі. Бұл масштаб Казахстан Республикасының қабырға картасына сәйкес, ал географиялық атласта Қазақстанның территориясы 1:7 500 000 масштабына көрсетілген, масштабтың екі есе кішіреуі, ауданның масштабы 4 есе кішірейеді. Яғни жоғарыда көрсетілген мысалда картаның масштабы 3 есе, ал аудан масштабы 9 есе кішірейді. Мұндай жағдайда картада бейнеленетін елді мекенді, жұздеген елді мекендерден таңдайды.

Картографиялық жалпыластыру факторлары. Картографиялық жалпыластырудың негізгі көрсеткіштері (параметрлері) – іріктеудің нормасы мен ценздері (шектелімі), сызықтар мен контурлардың дәльдік (степени детализации линий и контуров) дәрежесін, сапалы және мөлшерлі көрсеткіштерін жалпыластыру шарттарын орнату.
Осы параметрлерге жалпыластырудың жалпы факторлары әсер етеді: картаның мақсаты, тақырыбы, масштабы, типі, картаға түсірілетін объекттің (территорияның) ерекшеліктері, объекттің зерттелу деңгейі, картаны графиктік безендіру тәсілдері.
Картаның мақсаты. Картада тек картаның мақсатына сәйкес объектілер көрсетіледі. Басқа объектілер картаны оқуға кедергі болады. Мысалы, қабырғалы әкімшілік оқу картасында ең маңызды элементтер ғана бейнеленеді, күшті жалпыластырған қалалар, шекаралар, жолдар т.с.с. Егер, әкімшілік карта анықтамалық мақсатта жасалынса және стөлдік (настольный вариант) вариантта болғанда бұл картада берілген масштабта әкімшілік бөліну, елді мекендер, жолдар туралы мүмкіндігі бойынша максимум ақпарат болу қажет.
Картаның масштабы шектеуші рольді атқарады. Оның ықпалы ірі масштабтан ұсақ масштабты картаға өткенде бейнеленетін аумақтың көлемі азаюынан байқалады (жергелікті жердің 1 км2 масштабы 1:10 000 карта бетінде 1 дм2 құрайды, ал масштабы 1:1 млн карта бетінде – 1 мм2). Ірі масштабты картада түсірілген объектілерді ұсақ масштабты картада осылайша дәльдікпен және барлық ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік болмайды, сондықтан белгілі бір дәрежеде таңдау, жалпыластыру, алып тастау т.с.с. жұмыстарды жүргізу қажет. Мысалы, ірі масштабты карталар үшін маңызды объектілер – жергілікті ориентирлер ұсақ масштабты карталарда өзінің маңыздылығын жоғалтады, сондықтан оларды ұсақ масштабты карталарда көрсетпейді.

Влияние назначения карты на генерализацию. Фрагменты настенной школьной (а) и настольной (б) справочной карт одной и той же территории.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет