Лекция жєне семинар сабаќтарыныњ ЌЫСЌаша мазм¦НЫ


Сөздiң грамматикалық мағынасы



бет3/4
Дата21.09.2023
өлшемі91,5 Kb.
#109469
1   2   3   4
Байланысты:
1-ЛЕКЦИЯ - морфология

Сөздiң грамматикалық мағынасы

Кез келген сөз оның сыртқы қабыршағы (жамылышы – А.Ысқақов бойынша) саналатын дыбыстар кешенiнен тұрады. Осы дыбыстар комплексi немесе сөз бiр ұғымды бiлдiрiп, атауға айналады. Сонда ең кiшi тiлдiк бөлшек (единица) дыбыс болып көрiнгенiмен, жеке-жеке дыбыстардың бiлдiрер мағынасы болмайды. Егер бала – б, а, л, а десек, әрине, мағынасы бар, ал бұл дыбыстардың орнын ауыстырып лаба, алаб десек, мән-мағынасыз, бей-берекет (хаосты) орналасқан, бiлдiрер дербес мағынасы, лексикалық та, грамматикалық мәнi жоқ дыбыстар болып шығады. Тек дыбыстық жамылышы бар дыбыстар кешенi сөзге айналғанда ғана мәнге ие болады. Яғни дыбыстардың бар қасиетi сөз құрамында қолданылуы барысында ғана айқындалады. Дыбыстар мен оның жүйесiн, артикуляциялық ерекшелiктерiн тiлдiң фонетика саласы зерттейтiндiктен, сөздi фонетика да қарастырады.


Лексикология сөздiң шығу төркiнiн анықтайды, мағынасын ашады, қолданыс кезiндегi стилистикалық ерекшелiктерiн қарастырады. Мысалы, Жер сөзiнiң лексикалық ерекшелiктерiне тоқталып көрелiк. Жер сөзiнiң беретiн мағынасы – планета, күн жүйесiндегi планеталардың бiрi. Осы мағына оның жеке, сөйлемнен тыс, сөйлеу процесiне қатыспай тұрып, контекссiз-ақ бiлдiретiн лексикалық дербес немесе iшкi, нақты, тура мағынасы. Сонымен бiрге сөздердiң ауыспалы, келтiрiндi мағыналары болады: “Жер зат. 1.Өз осiнен және күннен айналатын, өзiнде тiршiлiк бар планета; 2.Сол планетаның үстiңгi қабаты, сыртқы қыртысы; 3.Бiр елдiң, облыстың меншiктi жерi; территориясы; 4. Мекен, жай, орын; 5. Ауысп. Ел, жұрт, ауыл, өскен орта; 6.Ауысп. Мезет, кез, уақыт, мезгiл; 7. Рет, жөн, ыңғай” (ҚТТС, 4-т., 90-91-бб.). Осы келтiрiлген мысалдардан жерге байланысты әр ұғымның мағыналық көлемi мен мазмұны болатындығы көрiнiп тұр. Сөздiң ұғымдық көлемi белгiлi бiр құбылыстардың жинақталуы, топталуы арқылы кеңейiп я болмаса тарылып отырады. Ал мазмұны осы құбылыстардың айтарлықтай ерекше белгiлерiнiң шоғырлануы нәтижесiнде пайда болады. Сөз мағынасы жалпыланған сайын оның семантикалық компоненттерi азая түседi. Керiсiнше, ұғымдық көлемi кiшiрейген сайын мазмұны кеңи түседi, яғни сема (мағына) жамала түседi. Сөздiң абстрактiлiк деңгейi төмендеген сайын мазмұны байи бередi. Бiрақ сөздiң лексикалық мағыналарының санына қарамастан, сөйлем iшiнде ол тек бiр ғана мағынасында жұмсалады. Яғни лексиканың түрлi ерекшелiктерi де сөз арқылы танылады деп бiлемiз. Сөздiң мағыналық қасиетi мен семантикалық ерекшелiктерiн тереңiрек түсiну барысында морфологияның лексиколо-гиямен байланысы айқындалады. Ал бiр ғана сөздiң қолданысында бiрнеше грамматикалық мағына болуы әбден мүмкiн. Ғашықтың тiлi – тiлсiз тiл дегенде тiл сөзiнiң сөйлемдегi лексикалық мағынасы (адамның дене мүшесi, соматикалық атау) өзгерiссiз қалып отырса, керiсiнше, осы бiр ғана сөзге үш түрлi грамматикалық мағына тән болып тұр:
1-тiл – атау тұлғалы зат есiм;
2-тiлсiз – болымсыздық мағынасындағы зат есiм;
3-тiлi – тәуелдiлiктiң 3-жағы, жекеше түрi. Яғни, бiр ғана лексикалық мағына негiзiнде сөз әлденеше грамматикалық мағынамен түрлене алатыны көрiнедi және осы келтiрiлген грамматикалық қосымшалар тек тiл сөзiне ғана жалғанып, грамматикалық мағына тудырады деп шектеу қоя алмаймыз, Өйткенi, олар өзге де сандаған сөздерге, мысалы, бас-тың, бас-сыз, жол-сыз, жол-дың, құс-тың, құс-сыз (орман), т.б. жалғанады. Грамматикалық мағына тек бiр ғана мәнде жұмсалатын лексикалық мағынаға қарағанда жалқы емес, жалпы. Сөздiң кез келген өзге ауыспалы мағыналары контекст арқылы айқындалады, қай мағынада жұмсалып тұрғаны сөйлем iшiнде анық байқалады.
Грамматикалық мағына жалпы мағынаға жатады, ал грамматикалық мағынаны тудырушы қосымшалар сөз бен сөздiң арасын байланыстырып, сөйлем құрайды. Сөйлемдердi бiз өз ойымызды жеткiзу үшiн, яғни сөйлеу кезiнде құраймыз.
Бұдан шығатын қорытынды: сөздердiң сөйлеу процесiне дейiнгi бiлдiретiн тура мағынасы лексикалық мағына деп аталады, ал грамматикалық мағыналар сөйлеу кезiнде пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет