Сөздiң грамматикалық мағынасы
Бiр ғана лексикалық мағына негiзiнде сөз әлденеше грамматикалық мағынамен түрлене алатыны көрiнедi және осы келтiрiлген грамматикалық қосымшалар тек тiл сөзiне ғана жалғанып, грамматикалық мағына тудырады деп шектеу қоя алмаймыз, Өйткенi, олар өзге де сандаған сөздерге, мысалы, бас-тың, бас-сыз, жол-сыз, жол-дың, құс-тың, құс-сыз (орман), т.б. жалғанады. Грамматикалық мағына тек бiр ғана мәнде жұмсалатын лексикалық мағынаға қарағанда жалқы емес, жалпы. Сөздiң кез келген өзге ауыспалы мағыналары контекст арқылы айқындалады, қай мағынада жұмсалып тұрғаны сөйлем iшiнде анық байқалады.
Грамматикалық мағына жалпы мағынаға жатады, ал грамматикалық мағынаны тудырушы қосымшалар сөз бен сөздiң арасын байланыстырып, сөйлем құрайды. Сөйлемдердi бiз өз ойымызды жеткiзу үшiн, яғни сөйлеу кезiнде құраймыз.
Бұдан шығатын қорытынды: сөздердiң сөйлеу процесiне дейiнгi бiлдiретiн тура мағынасы лексикалық мағына деп аталады, ал грамматикалық мағыналар сөйлеу кезiнде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |