Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы


Trichinella spiralis – спиральды трихинелла



бет33/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
Trichinella spiralis – спиральды трихинелла адамның қауіпті паразиті. Сонымен қатар шошқаның, егеуқұйрықтың және басқа да сүтқоректілердің паразиті. Аталығының ұзындығы 1,5 мм, аналығының – 4мм. Ересек түрлері иесінің ішегінде, ал личинкалары солардың бұлшықеттерінде тіршілік етеді. Осыған сәйкес екі кезеңі байқалады: ішек трихинелласы және бұлшықет трихинелласы. Тіршілік циклінің барлық кезеңдері иесінің ішінде ғана өтеді, сыртқы ортаға шықпайды.

Адамның трихинеллезбен зақымдануы шошқаның шала қуырылған етін жегеннен болады. Шошқаның зақымдануы өлген егеуқұйрық тышқанның трихинеллалары бар етін жеуден, ал егеуқұйрықтылар трихинеллезбен ауырған егеуқұйрықты кеміру арқылы кеселге ұшырайды.

Иесінің ішегіне түскен бұлшықет кезеңіндегі трихинеллалар өзінің капсуласынан босап, тез өсіп 2-3 күннен соң жыныстық дәрежесіне жетіп, ұрықтанады. Бұл ішек трихинеллалары. Аналығы өзінің екі ай тіршілік барысында 2000-ға жуық личинкаларын тірідей туады. Личинкалар ішек қабырғасын тесіп, лимфа және қан жүйесіне түседі де, қан тамырлары арқылы әр түрлі мүшелерге, әсіресе бұлшықеттерге тарайды. Осы мүшелерде өсіп, ақырында спираль тәрізді бүктетіліп, оның төңірегінде дәнекер тканінен құрылған капсула қалыптасады. Кейін капсуланың қабырғасына ізбест жиналып, ол ақ түсті болып тұрады. Бұл бұлшықет трихинеллалары. Осылайша, трихинелланың даму циклі иесінің ішінде ғана өтеді. Трихинеллез ауруын туғызады.

Трихинеллезбен ауырған адамның беті ісіп, дене қызуы көтеріледі, денесі сыздап, ішегі, бұлшықеттері ауырады, өзін әлсіз сезінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет