Фарадейдің бірінші заңы: Электродтта бөлініп шыққан заттың мөлшері электролит арқылы өтетін зарядқа пропорционал ; мұндағы к- заттың табиғатына байланысты болатын коэффициент, электрохимиялық эквивалент деп аталады. болғанда т сан жағынан к-ға тең. Демек, электрохимиялық эквивалент электролит арқылы бірлік заряд өткенде электродта бөлініп шыққан заттың массасын өрнектейді.
Фарадейдің екінші заңы: барлық заттардың электрохимиялық эквиваленті олардың химиялық эквивалентіне пропорционал ;
Мұндағы F- Фарадей саны Фарадейдің біріккен заңы
; егер болса, онда . Сөйтіп электродта кез-келген заттың кг-экв немесе 2-экв. мәліметтерін алу үшін электролит арқылы сан жағынан F – ке тең электр мөлшерін өткізу керек. Тәжірибеден екендігі алынған арқылы электрон зарядын табуға болады. - электорлиттер үшін Ом заңы. Электр тогының газ арқылы өтуі газ разрадтары деп аталады. Қалыпты жағдайда газ изолятор болып табылады, онда ток тасушылар жоқ. Тек арнайы шартты сақтағанда ғана газдарда ток тасушы зарядтар пайда болып, электр разряды тууы мүмкін.
Газдардағы ток тасушылар электр өрісі бар екеніне қарамастан сыртқы әсердің нәтижесінде тууы мүмкін. Бұл жағдайда газдардың тәуелсіз өткізгіштігі деп аталады.
Егер газдағы ток тасушылар, осы газға түсірілген электр өрісі тудырған процестердің нәтижесінде пайда болса, онда мұндай өткізгішті тәуелді өткізгіштік деп атайды. Ионизатор әсерінен газдың кейбір молекуласын бір немесе бірнеше электрон бөлініп шығып, нәтижесінде осы молекулалар оң иондарға айналады. Иондау процесімен қатар, газда иондардың рекомбинациясы да яғни әр аттас иондардың нейтрал молекулаға қайта қосылуы жүреді.
Дербес разряд газдың қысымына электродтардың конфигурациясына және сыртқы тізбектің параметіріне қарай сан алуан түрде өтеді. Солғын разряд төменгі қысымда пайда болады. Оны ұзындығы 0,5 м екі ұшына жазық металл электродтар дәнекерленіп жапсырылған шыны түтік ішінен байқауға болады. Доғалық разряд төмен қысымда да және өте жоғары қысымда да өтеді.
1802 жылы В.Петров үлкен гальвани батереясына қосылған, алғашында өзара түйісіп тұрған көмір электродтарды алшақтатқанда олардың арасында көз қаратпайтын жарқыл пайда болатынын тапты. Бұл қызған жарқыл доға тәрізді иілген. Доғалық разряд қысым төмен болғанда сынап буында сырапта катодымен сынапта түзеткіштерде қолданылады. Ұшқынды разряд электр өрісінің кернеулігі осы газ үшін өзінің тесіп өту мәніне Еб жеткенде пайда болады.
Газдар қалыпты жағдайда тоқ өткізбейтін изолятор болып табылады. Өйткені, оларда заряд тасушылар - электрондар мен иондар болмайды. Егер газ массасында қандай да бір әсердің нәтижесінде иондар пайда болса ол өткізгішке айналады. Ауаны қыздыру арқылы, не ультракүлгін, рентген радиоактивті сәулелерімен сәулелендіру арқылы иондауға болады. Бұл кездегі газдардың өткігіштігін тәуелді өткізгіш деп атайды. Иондауды тудырушыларды ионизаторлар дейді. Егер газдардағы заряд тасушылар осы газға түсірілген электр өрісі тудырған процестердің нәтижесінде пайда болса, онда мұндай өткізгіштік тәуелсіз өткізгіштік делінеді.
Электр тоғының газ арқылы өтуін газ заряды деп атайды. Иондану процесіне қарсы процесс, яғни оң және теріс иондарының, оң иондар мен электрондардың қосылу нәтижесінде нейтрал молекулалардың пайда болу процесі рекомбинация делінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |