Лекция Кіріспе. Медециналық ғылым жүйесіндегі химияның маңызы



бет2/7
Дата17.03.2023
өлшемі87,53 Kb.
#75258
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция 1. Кіріспе. Медециналық ғылым жүйесіндегі химияның маңызы.

Химияның негізгі міндеттері:

  • алдын ала берілген қасиеттері бар заттарды алу;

    • қалдықсыз, экономикалық тиімді және экологиялық таза, іс жүзінде маңыздылығы бар табиғи шикізаттарды өңдеу технологиясының құру;

    • химиялық айналу энергиясының қолдану.

Қазіргі кезде 500 мыңға жуық бейорганикалық және 10 миллионнан астам органикалық заттар белгілі.


Атом-молекулалық ілім – заттардың құрылысының ең кіші бірлігі
атомдар, молекулалар мен иондар деген түсінікке негізделген.
Атом – химиялық элемент және оның барлық қасиетін көрсететін жай заттың ең кіші электрбейтарап бөлшегі. Барлық металдар (Ni, Fe, Na) және көптеген бейметалдар (инертті газдар, C, B, Se, As) атомдардан құралған.
Молекула барлық химиялық қасиетке ие заттың ең кіші электрбей- тарап бөлшегі. Көптеген органикалық қосылыстар (CH4, C6H6), ковалентті байланысқан бейорганикалық қосылыстардың біразы (H2, O2, H2O, NH3, SO2) молекулалардан құралған.
Атомның химиялық қасиеттері заттың ішкі энергетикалық құрылысына, ал молекуланың химиялық қасиеттері – құрамы мен құрылысына негізделген. Физикалық қасиеттер атомдар немесе молекулалардың жиынтығымен анықта- лады.
Ион электрондарды беру немесе қосу арқылы атомдар немесе молеку- лалардан түзілетін зарядталған бөлшек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет