11-лекция
Кіші формалы тақпақтардың интонациялық ерекшеліктері
Кіші формалы тақпақтар түріне қазақ ауыз әдебиетінде ежелден орны бар, буын ыңғайластығына, үндесуіне құрылып шебер айтылған ақыл, нақыл, шешендік, насихат сөздер болып табылатын мақал-мәтел, тақпақ сөздері жатады.
Олардың өзіне тән мағынасы және формасымен қатар интонациялық көріністері де бар. Мақал-мәтел, нақыл сөздер жаратылыста, қоғам өмірінде болған өзгеріс, құбылыстар, халықтың тұрмыс-салтына, тіршілік-тілегіне, ұғым-сеніміне, ел-жұрт, батырлық, ақыл-ой, еңбек-кәсіп сияқты түрлі-түрлі тақырыптарға байланысты айтылған, халық даналығынан шыққан ықшам формалы, буын ұйқастығына құрылған сөздер.
Мақал-мәтелдің формасы, сөйлемдік құрылымы ықшам, үйлесімді құрылған 2,4 тармақты санаулы буыннан тұрады. Екі тармақтылардың ішінде де, төрт тармақтылардың ішінде де 4-5 буыннан және 7-8 буыннан тұратындары кездеседі. Олар хабарлы, бұйрықты, сұраулы, толымды, толымсыз, жақсыз, жалаң, жайылма жай сөйлемдер түрінде келе береді. Айтылуына қарай, мақалдарда хабарлы, бұйрықты, сұраулы, лепті сөйлемдер интонемаларының варианттары кездеседі.
1. Әр тармағы бір-екі бунақ болып, әр бунағы 4-5 буыннан тұратын мақалдарға мысал:
Жоғарыда келтірілген екі тармақты мақалдардың әр тармағы бір-бір жалаң жай сөйлемнен тұратын іргелес салалас сөйлемдер. Алдыңғы үшеуінің тармақтары хабарлы сөйлем де, соңғысының екеуінің тармақтары бұйрықты сөйлем түрінде келіп тұр. Бұл мысалдардағы әрбір тармақ бір-бір бунақ болып, яғни бір-бір ырғақты топ құрып, соңғы буындары ғана емес, алғашқы, ішкі буындары да бір-бірімен ыңғайласып, үйлесіп тұр. Мақалдардың әр тармағы бір бунақты болып, ал әр бунағы екі буынды екі сөзден тұрса да, құрылымдық жағынан әр тармағы бір жалаң жай сөйлем түрінде келіп, өзара паузамен бөлінеді. Бұл жердегі ырғақты топ синтаксистік-интонациялық өлшем болатын синтагмаға сәйкес.
Бұл екі тармақты мақалдардың өзіне тән интонациялық сызығы бар. Екі тармақтың алдыңғысының соңғы буыны жоғары көтеріліп, мол интенсивтілікпен және ұзақтылықпен, ерекшеленеді, ал екіншісінің соңғы буыны бәсеңдеп келіп, жай интенсивтілікпен сәл созылыңқы айтылады. Әр тармағы тиянақсыз және тиянақты интонемалардың варианттарымен сипатталады.
Соңғы бұйрықты сөйлем түрінде келген мақалдың интонациялық келбетіндегі айырмашылығы - табыс жалғауындағы сөздердің (көбікті - көпті) сол жалғауына ой екпінінің түсіп, оның акценттелуі. Осы ой екпіні мен тармақтың соңындағы бұйрық райда тұрған етістіктердің де (төкпе-сөкпе) соңғы буыны акценттеліп, бұйрықты білдіріп тұр. Ал бұлардың интонациялық сызығын алып қарасақ, басқа тақпақтардан айырмашылығы шамалы. Мұнда да сол көтеріңкі-бәсең интонация, бірақ бұлар кей сөздердің акценттеліп, кей буындардың созылыңқы, молырақ интенсивтілікпен айтылуымен ерекшеленеді.
Сонымен әрбір мақалдың буын үйлестігіне сүйенген өзіне тән ырғақты - интонациясы бар. Оның сызығы алдыңғы үш мақалдың бірінші тармағының аяғына қарай екінші (2) тоналды деңгейден үшінші (3) тоналды деңгейге көтеріліп паузамен бөлінсе, екінші тармақтың аяғына қарай екінші (2) тоналды деңгейден бір жарым (1,5) және бірінші (1) тоналды деңгейге түсіп барып аяқталады. Ал бұйрықты сөйлем болып келген соңғы мақалдың интонациялық сызығы алдыңғы тармақтары хабарлы сөйлем болып келгендерінен аздап өзгешелеу. Бұйрықты райда тұрған баяндауыштары (сөкпе, төкпе) молырақ ұзақтылық және интенсивтілікпен сипатталады. Бұларға бұйрықты сөйлем интонемалары тән.
2. Төрт тармақты, бір бунақты мақал-мәтелдерге мысал:
Бұл келтірілген төрт тармақты, бір бунақты мақал-мәтелдердің әр тармағы 4-5 буыннан тұрады. Мысалдардағы буын үйлесуі былайша келеді: бұлардың бірінші тармағының соңғы сөзімен үшінші тармағының соңғы сөзі, екінші тармағы мен төртінші тармағының соңғы сөзі (болмас - болмас, білмеген - білмеген, қор етер - қор етер, бұрын - бұрын, байқа - байқа, түңілме - түңілме) бірдей болып, және бір сөз қайталанып тұрады. Сондай-ақ бұл сөздердің алғашқы буындары да үйлесіп қана қоймай, олардың буын сандары да бірдей болып келеді.
Бұл мысалдардағы буын үйлесуі және олардың буын сандарының бірдей болуы, әр мақалды бір шеңберде біркелкі ырғақта ұстап, олардың біркелкі көтеріңкі-бәсең толқынды интонациясын сызады. Бұл жерде Ахаңның өлең ырғағын «жорғақ» деп атап, ол туралы айтқан сөздері көңілге оралады.
Келтірілген 1,2-мақалда бірінші тармақ пен үшінші тармақ бір ырғақты топты құрап, арасында шағын паузасы бар дара синтагма болып тұр. Екінші, төртінші тармақ та - әрқайсысы бір ырғақты топ болып, дара синтагмаға тең. Бұл жерде келтірілген топтар бірдей дара сөз тіркесінен болған сөйлем мүшелері.
3,4-мақалдар жалпылама жақты бастауышсыз екі сөйлем. Олардың бірінші, үшінші тармақтары пысықтауыш мүшелер тобы, ал екінші, төртінші тармағы баяндауыш тобы болып тұр. Бұл 3,4-мақалдардың да сөйлемнің синтаксистік мүшелері болып табылатын ырғақты топтары бір синтагма құрайды.
4 тармақты-төрт синтагмалы 4-мақалдың интонациясы бірдей, не ұқсас. Бұлардағы 4 синтагма - екі-екіден жалғасып өздеріне тән толқынды интонациямен «жорға жүрісінің тайпалуы» сияқты болып келіп, бірінші екеуінің аяғы сәл көтеріңкі тиянақсыз интонемамен айтылады да, ал үшінші, төртінші синтагма бір-бірімен жалғасып, толқынды интонациямен ерекшеленіп, тиянақты интонемамен бәсеңдеп барып, көлемді паузамен аяқталады.
Төрт тармақты тақпақ болып келетін бұл мақалдардың интонациялық жалпы келбетін алып қарасақ, бірінші, үшінші тармақтары екінші тоналды (2) деңгейден басталып, үшінші (3) деңгейге көтеріледі. Ал екінші және төртінші тармақтар сәл бәсеңдейді. Екінші тармақ үшінші тоналды деңгейден (3) екінші тоналды деңгейге (2) дейін, ал төртінші тармақ екінші тоналды деңгейден (2) бірінші тоналды деңгейге (1) дейін төмендейді. Мақалдың мағынасына қарай тармақтың басындағы, аяғындағы сөздердің кейбір буындары молырақ интенсивтілікпен, созылыңқы айтылады. Әр мақал қанша тармақты болса да, бір көлемді паузамен бөлінетін бір-ақ ойды білдіреді. Бұлардың бәрі тиянақсыз және тиянақты интонемалармен сипатталады.
3. Жеті, сегіз буынды мақалдардың да екі тармақтысы (жарты шумақты) мен төрт тармақтысы (бір шумақты) жиі кездеседі. Мысалы:
Бірінші, екінші және төртінші мақалдың әр тармағы қос ырғақты топтан, бір-екі синтагмадан тұрады да, ол ырғақты топтардың төртінші буынынан кейін келетін ара жігінде шағын паузасы бар. Паузалар жазуда тыныс белгілерімен (тире мен үтір) белгіленген. Үшінші мақалдың тармақтары да қос ырғақты топтан тұрады, бірақ олардың ара жігі төртінші буыннан кейін емес, бірінші тармақтың басындағы акценттелген сөздің (ерді) екінші буынынан кейін келеді, ал екінші тармақта акценттелген сөздің үшінші буынынан кейін (қоянды) келіп, арасы шағын паузамен бөлініп тұр.
Келтірілген мақалдардың бәрінің интонациялық сызығы біркелкі. Бірінші тармағы толқынданып барып соңы жоғары көтеріліп барып шағын паузамен бөлінсе, екінші тармағы толқынданып келіп, соңы төмендеп барып сөйлемнің аяғында келіп, ойдың аяқталғанын білдіретін, төмен (1) тоналды деңгейдегі көлемді паузамен бітеді. Бұлардың да алдыңғы синтагмасы тиянақсыз интонемаға, соңғысы тиянақты интонемаға жатады. Екінші мақалдың соңғы сұраулы сөйлемі арнаулы сұрақ интонемасына сай.
Екі тармақты мақалдың екі тармағын жазып, бір-біріне жалғастырып, сонан соң оның интонациялық сызығын қарастырсақ, ол бірыңғай толқынды екінші (2), екі жарым (2,5), үшінші (3), бір жарым (1,5) тоналды деңгейдегі, кейбір буындары молырақ интенсивтілікпен және ұзақтылықпен ерекшеленіп, соңында (1-деңгейде) бірақ төмендейтін бір ұзын сызық болар еді. Мысалы:
Мұнда тиянақсыз және тиянақты интонемалар толқынды әуенмен ерекшеленеді.
4. Мақалдың 11-12 буындылары көбінесе екі тармақты болады. Мұндай мақалдардың мол көлеміне сай, мағынасы да терең болып келеді. Мысалы:
Бірінші мысалда 11 буыннан тұратын мақалдың екі тармағы да екі-екі синтагмадан тұратын екі жай хабарлы сөйлем. Мұнда 5 буынды бірінші синтагмалар өзара жақын деңгейде толқынданып келіп соңында көтеріліп, тиянақсыз интонемаға ие болса, екінші 6 буыннан тұратын синтагмалар да солай толқынданып барып, төмен түсіп, тиянақты интонемамен сипатталады. Бірақ бұл 6 буынды синтагмалардың алдыңғысынан соңғысының жалпы деңгейі біраз төмендеу болып, көлемді паузамен бітеді.
Екінші 12 буыннан тұратын мақалдың екі тармағы да екі-екі синтагмадан тұратын екі жай бұйрықты сөйлемдер. Бұлардың интонациясының жалпы сызығы бір-біріне ұқсас. Бірінші 4 буыннан тұратын синтагмалар толқынданып келіп, соңындағы буын (ды) акценттеліп үшінші (3) тоналды деңгейде, молырақ интенсивтілікпен, ұзақтылықпен айтылып, тиянақсыз интонемаға ие болады. Екінші 8 буыннан тұратын синтагмалар да толқынданып келіп, бұйрық райда тұрған баяндауыштарының соңғы буыны (ма) акценттеледі. Екінші сөйлемнің тоналды деңгейі біріншісінен төменірек болады да, ал оның соңғы синтагмасы тиянақты интонемаға сай болып, бірінші деңгейде көлемді паузамен бітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |