Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»



бет29/39
Дата28.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#88191
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
1. Тұлға және оның құрылымы.
«Тұлға» түсінігі алғашында бетперде (маска) дегенді білдірген, ол бойынша оны көне театрдың актёрі киіп, рөл ойнаған. Кейінірек «тұлға» термині қоғамдық өмірдегі адамның шынайы рөлі деп түсіндірілді. «Тұлға» түсінігі көпжақты. Кон И.С., бір жағынан алғанда жеке тұлға нақты бір индивидті, индивидуалды қасиеттері және оның қоғамдық рөлдерімен қоса сипатталатын әрекет субъектісі ретінде, екінші жағынан, тұлғаны еңбек ету, түсіну және қарым-қатынас жасау субъектісі болатын, басқа адамдармен тікелей және жанама араласу процесінде түзілетін, индивидтің интеграцияланған әлеуметтік мәнді сипаттар жиыны түрінде, әлеуметтік қасиеттер ретінде қарастырады. Тұлға психологияда күрделі категория, оның қаншалықты анықтамасы болса, соншалықты психологтар осы мәселені зерттеумен айналысады.
А.Г. Ковалев тұлға құрылымының келесі компоненттерін бөліп көрсетеді:
-тұлғаның бағытталуы – бұл тұрақты бейнелердің, қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, мұраттар жүйесі, яғни адам қалайтын заттар. Ол тәрбиенің негізгі тенденцияларын белгілейді;
- қабілеттіліктер – бұл адам істей алатын заттардың мінездемесі; бұл тұлғаның зияткерлік, еркіндік және эмоционалды қасиеттерінің ансамблі. Қабілеттіліктер әрекеттің жемістілігін қамтамасыз етеді;
- мінез – адам қарым-қатынасының және тәрбиесінің синтезі. Мінез адамның қандай екенін айқын сипаттайды. Бұл сонымен қатар моральды-адамгершілік және еркіндік қасиеттерінің жиынтығы. Моральды-адамгершілік қасиеттер тұлғаның салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптармен бекітілген адамның негізгі нормативтік қарым-қатынасы жөнінде ойын көрсетеді. Еркіндік қасиеттер батылдықты, табандылықты, ерлiк және өз-өзін ұстауды қамтиды, олар мiнез-құлықтың белгілі бір стилін және тәжірибе мәселелерін шешу тәсілдерін қамтамасыз етеді;
- өзін-өзі басқару - бұл тұлға өзін түсінумен байланысты өзiн реттеу қасиеттерiнiң жиынтығы. Бұл ішкі құрылымның блогы өзге блоктарды күйге келтiредi, оларды бақылайды. Автордың ойынша, тұлғаның барлық блоктары бір-бірімен тығыз байланысты және жүйелік, жалпы қасиеттерді құрайды.
Рубинштейн С.Л. пайымдауынша тұлға құрылымына келесі ішкі құрылымдар жатады:
- бағытталу - қажеттiлiктер, қызығушылықтар, мұраттар, сенiмдер, қызметтің, құлықтың, дүние танымның басым уәждемелерінде көрінеді;
- бiлiм, икемділік, дағды – өмiр сүру және танымдық қызмет ету процесiнде алынады;
- темперамент, мiнез және қабiлеттiлiктiң даралық-психологиялық ерекшелiктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет