Қожа Ахмет басыңды елге ие бiл, Ақиқатты ары таза сүйе бiл. Дүниеқорлар кетсiн бықсып өзiмен, Халық қана дүниеге ие бұл Ахмет Иассауидiң Хакiм ата деген атпен елге есiмi белгiлi Сүлеймен Бақырғани /1186 ж. өлген/ сияқты шәкiрттерi де аз болмаған. Қожа Ахмет Иассауи Сайрамнан /Исфиджабтан/ шыққан, оның ұстазы исламды уағыздаған белгiлi Арсылан-баб немесе /Баб Арсылан/ болған.
VIII ғасырда Қазақстан жерiнде түрiк тайпаларының арасында ислам дiнi тарай бастайды. Саманид әулетi тұсында ислам қарқынды түрде тарады. Оны тарату үшiн Қазақстанның оңтүстiк аудандарында, Жетiсуға көптеген жорықтар жасалды. Саманидтер Исфиджаб, Фараб, Шахар және Тараз қалаларын басып алып, өздерiне тәуелдi еттi. Исфиджаб үшiн болған шайқастар "дiн жолындағы күрестiң" орталығына айналды. Х ғасырдың аяғында ислам Жетiсу қалаларына тарады және олардың көпшiлiгiнде мешiттер пайда болды. Қарахандықтар Шу алқабын жаулап алғаннан кейiн исламды ресми дiн деп жариялады.
Бақылау жұмысы 1.Көшпелілердегі шаруашылық мәдениет типтері
2.Сәулет өнерінің жетістіктері
3.Исламның көшпелілер арасында таралуы
4.Ұлы Жібек жолының тармақтары
5. ХІ-ХІІ ғасырдағы ғалымдар мен ойшылдар
Әдебиеттер 1.Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1 том. –Алматы, 1996.
2.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. – А., 1995. –176 бет.
3.Әлиев Ө.Ә. Ерте ортағасырлық Маураннаһр шаһарларының әлеуметтік-экономикалық эволюциясы.//Қазақстан археология зерттеулері.-А.,2002, 225 бет.
4.Елеуов М., Қалиев С. Ортағасырлық Тараз қаласы аймағының қарауыл мұнаралары.// Қазақстан археология зерттеулері.-А.,2002, 154-155 беттер.
5.Әлиев Ө.Ә. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы. – Шымкент, 2005, 85 б
Қазақстан монҒолдар жаулаушылығы дәуірінде
Лекция №8
Монғол шапқыншылығы: Қазақстан аумағында Ұлыстар мен Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Жоспар 1.Монғол империясының құрылуы. Қазақстан аймағына шабуылының басталуы. Отырар апаты.
2. Монғол ұлыстарының құрылуы, олардың саяси және мемлекеттік құрылысы.
3. Монғол шапқыншылығының зардаптары.
ХІІІ ғасырдың басында үстемдік жүргізуші нояндар мен олардың езгісіндегі араттардан тұратын татар-монгол тайпаларының саяси жағынан басын біріктірген Монгол феодалдық мемлекеті құрылды. Оның негізін салушы Темүчин болды. Ол 1162 (1155) жылы ірі ноян Есүгей баһадүрдың отбасында түылған. Темүчин ержете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Монғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірген. 1206 жылдың көктемінде Өнан өзенінің сағасында Темүчинді жақтаушы монгол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен жалпы монғолдардың әміршісі болып жарияланды.”Шыңғыс”-сөзбе-сөз аударғанда “таза”, “қүуатты” деген ұғымды білдіріп, “Шыңғысхан” –«хандардың ханы» деген мағына береді. Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы “оң қанат”-“барүнғар”, “сол қанат”-“жоңғар” және “орталық”-“гол” немесе «күл» деп аталатын үш әскери-әкімшілік округке бөлінген. Әрбір округте он мың адамнан тұратын “түмге”(тімен)дер болған. Олар ондық системасындағы “мыңдық”, “жүздік”, “ондық”тардан түрған.
Империяда темірдей қатал тәртіп болған. Әскербасыларға үстем тап өкілдері нойондар, баһадүрлер, мергендер және сечендер тағайындалған. Шыңғыс ханның өзіне тікелей бағынатын10 мың адамнан тұратын кешігі де болған.
1207 жылдың соңы мен 1208 жылдың басында Жошы Енесай қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да “орман халықтарын” бағындырды. Монғолдардың қаһарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар монғолдарға өз еркімен бағынды. Монғолдар олардан ұйғыр жазуын алды.
1211 жылы Шыңғыс ханның қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 жылы Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжүндуды(Пекинді) бағындырды...
Шыңғыс хан Қазақсан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуды Шынғыс хан аса көп қарсылықсыз-ақ басып алды. Монғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның жігерсіздігіне, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс ханға мойынсұнатынын білдіріп, өз еріктерімен берілді.
Жетісудағы халықтың қалың бұқарасы Шынғыс ханға қарсылық көрсетуге тырысқанмен, жақсы қаруланған, саны да мол монғол әскерлерінің шабуылына төтеп бере алмады. Соның өзінде де Жетісу қалалары монғолдарға қарсылығын көпке дейін тоқтатқан жоқ.
Жетісуді бағындырғаннан кейін Шынғысханның Мауараннахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорығына жол ашылды. Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 120-150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Жорық 1219 жылғы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды.
Монғол әскері Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғырын Сыр бойымен төмен жіберді. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс хан төртінші ұлы Төлеймен Бұхараға беттеді.
Хорезм шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Өзін онша жақсы көрмейтін жергілікті феодалдардың күш біріктіріп қарсы шығуынан қорыққан ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырған. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын-шағын шоғырларды оп-оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.
Моңғолдардың қарамағында бұл тұста көптеген жергілікті феодалдар мен саудагерлер бар еді. Олар Шыңғысханды қажетті мәліметтермен жабдықтап отырды.
Жетісуда Шыңғыс ханға өз әскерлерімен Бесбалық қаласының билеушісі мен Алмалықтың ірі феодалы Сугнак тегін келіп қосылды. Шыңғыс хан нөкерлерінің ішінде Қойлық қаласының әмірі де болды.
1219 жылы қыркүйекте Шыңғысхан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халық бұқарасының монғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқын көрінісі болды. Қарамағында қамал бұзатын техникасы, соның ішінде жанып кететін күбішіктер, ататын машиналары болса да монғолдар бұл қаланы бес ай бойы ала алмады.
Қаланың құлауына опасыздық себеп болды. Әскер басыларының бірі Қарадша түн жамыла қала қақпасынан шығып, монғолдарға берілді. Қаланы қоршап тұрған монғол әскерлері осы қақпа арқылы қалаға лап беріп басып кірді... . Қала бір ай таланып қиямет қырғынға ұшырады. Осылайша, алты ай ішінде қаланы монғолдар жаулап алды.
Отырар қамалын жермен-жексен етіп, Шағатай мен Үгедей бастаған монғол шоғырлары Шыңғысханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғысхан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.
Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Ол өзі жақсы бекінген, халқы көп, ірі сауда қаласы болатын. Жошы бастаған монғолдар қаланы ұрыссыз беруді талап етіп, Сығанаққа Хасан қожа саудагерді жіберді. Сығанақ халқы келіссөзге көнбеді, олар сатқын есебінде Хасан қожаны өлтірді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіресіп қарсыласты. Бірақ көп ұзамай Сығанақ құлады. Көп ұзамай Үзгент қаласы да алынды. 1220 жылы 4 көкекте монғолдар әскері Жент қаласын бағындырды. Әскердің Жошы жіберген басқа ірі шоғыры Янгикентті басып алды.
Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктеп енді. Бірақ мұнда да олар халық бұқарасының қасарысқан қарсылығына кезікті. Үргенш қаласының тұрғындары қаланы бірнеше ай бойы ерлікпен қорғады. Сондықтан бұл қалаға Жошы, Шағатай және Шыңғысхан әскерлерін әкелуге мәжбүр болды. Қала алдырмады. Оны тура шабуылман ала алмаған моңғолдар Әмудария өзенінің бөгетін бұзып, қаланы топан суға қаптатып барып қана басып алды.
Сонымен, 1219-1224 жылдарда болған шапқыншылық нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.