Лекция Лекция тақырыбы: Кіріспе. М.Әуезовтің ғылыми өмірбаяны, «Әдебиет тарихы» еңбегінің маңызы Лекция жоспары



бет1/2
Дата13.10.2024
өлшемі30,07 Kb.
#147918
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
1-lek


1-лекция
1. Лекция тақырыбы: Кіріспе. М.Әуезовтің ғылыми өмірбаяны, «Әдебиет тарихы» еңбегінің маңызы
2. Лекция жоспары:
1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі тарихи-әлеуметтік жағдай.
2. Ғалымның ғылыми өмірбаяны.
3. Әдебиет тарихы - қазақ фольклорын жүйелі зерттеуге арналған тұңғыш еңбек.
4. Әдебиет тарихы еңбегінің бөлімдерге бөлінуі
3. Лекция мақсаты: Студенттерге жазушының ғылыми өмірбаянынан мағлұмат беру.
4. Лекция мазмұны:
Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қаңдай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар есімнің бірі - Әуезов. Ол - әлемдік құбылыс. Әуезов ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағыңдағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі. Ауыз әдебиетіндегі сарындар, мотив, идея, тіл өрнектері, бояулар Әуезов дүкеніңде қайта жаңғырды. Қазақтың реалистік әдебиетіңдегі халықтық арнадан, ұлы Абай айдынынан нәр алған М. Әуезов қазақ әдебиетіне реалистік дәстүрлердің тереңдеп сіңгенін танытты.
М. Әуезов 1897 ж. дүниеге келген. Қай атырапта туса да, ол жазушы болар еді. Абай топырағы оның қаламына айрықша әсер еткен фактор. Семейде Ресейден жер аударылғандар мол бодды. Орыстың аурулы ары атанған Достоевский де осыңда тұрды. Қабілетті жас Мұхтар сөз өнері дәстүріне бай ортада өскен. Ол жақта ұзатылған қызға жасау ретіңде Абай өлеңдерін көшіріп беретін дәстүр болған. Мұхтар атасы Әуездің қолыңда өсті. Әуез - Шығыс әдебиетінен хабардар көзі ашық адам. Атасы Әуез бен әжесі Дінасыл Мұхтарды Қоңыр деп атаған. Кейін Мұхтар мұны бүркеншік ат етті. Абай мен Мұхтардың балалық шақтары ұқсас. Мұхтар 9 жасыңда тұңғыш рет аулынан сапарға аттанады. Бұл - тұманды болашақ сапары еді. Семейдегі орыс мектебіне оқуға кіреді. Қаладағы 5 кластық училищені бітірген соң семинарияға түсіп оқиды. Мұхтардың студенттік өмірі - қарама-қарсы контраста өткен. Ол тарихи фактілерді қазақ өміріңдегі жағдайлармен іштей салыстырын отырған. Мұхтар азамат ретінде де, қаламгер ретінде де тез ер жеткен. Алғашқы әңгімесі Қорғансыздың күнінен үлкен талант, терең мәдениет үлгісін көреміз. Мұның бірнеше себебі бар еді:
1. Ол - ғасырлар бойы жиналған қазақ халқының әдеби-мәдени қазыналарын жете игерді.
2. Халқына сөзімен, жазуымен қызмет етуді өмірлік мақсат етті.
3. Әлеуметтік аренаға революция заманыңда шықты.
4. Әлем әдебиеті, орыс әдебиеті классикасынан сабақ алды.
Уақыт толқыны көптеген байлықтардың көзін ашты. Сол асыл қазынаның бірі - Мұхтар Әуезов. Губревком председателі, 1922-23 ж. КазЦИК-тің президиум мүшесі болады. Кейін қызметтен өз еркімен босап, оқуға кетеді. Алғашқыда САГУ-де тындаушы, кейін ЛГУ-ге ауысады. Славян бөліміңде оқиды. Ол Ленинградта оқын білім алған тұңғыш қазақ студенттерінің бірі еді. Т. Нұртазин, А. Жұбанов, Ә. Марғұландар кейін ұлттық мәдениет пен ғылымның тұлғалары болды. САГУ аспирантурасыңда М. Әуезов фольклор, әдебиет тарихына байланысты зерттеулер жүргізеді. ҚР ҒА-ның толық мүшесі, университет профессоры, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар комитетінің мүшесі болды. Әуезов шығармалары қамтыған географиялық аймақ өте көлемді. Оңда қазақтың қаласы, даласы, солтүстігі, оңтүстігі, батысы, шығысы — түгел. М. Әуезов Америка, Индия, Жапонияда болды. Оның өмірі - аса бай, күрделі, диалектикалы шытырман өмір. Мұхтар қазақтың киіз үйінен шығып, XX ғ. цивилизация биігіне көтерілді. Ол қазақтың психологиясын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, күллі өмірін Ресейге, Англияға, Францияға, әлемнің төрт бұрышына таныстырды.
Мұхтар Әуезов - шығармалары ұлттық шеңберден шығаңдап көтеріліп, әлемдік мәдениеттің қымбат қазынасына толымды қор болып қосылған ұлы суреткер. Сондықтан бүгінгі таңда туған жекелеген байсалды еңбектерге қарамастан, оның мұрасы әлі ұзақ уақыт жан-жақты, сан алуан, әр бағыттағы зерттеулердің объектісі болуы қажет. Табысына таңдай қағып, тапшысына бас шайқау - әдебиеттанудың марқайған кезіне жараспайтын мінез. Қазақ әсемдік ойы тарихыңда ерекше құбылыс - М. Әуезов туындылары идеялық-көркемдік, образдық, жанрлық ретпен де, ізденіс өрістері, қаламгерлік эволюция тұрғысынан да ақтара қарап, саралауды талап етеді.
М. Әуезов ауыл мектебі, медреседе ғана емес, Семей семинариясыңда, Орта Азия, Лениңград университеттерінде оқып білім алды. Әуезов әлемі Шығыстың ежелгі өнері мен Батыстың алдыңғы қатарлы мәдениетінің тоғысуынан туған дүниежүзілік мәні бар құбылыс. М. Әуезов өнері - қазақ халқының қайта түлеу заманында туған өнер. Бұл - бүгінгі ұлттық өнердің көркеюінің тамаша айғағы. Әуезовті терең зерттеп, жан-жақты ұғып білу қажет. Н. Погодин М. Әуезовті Шолоховпен, Абаймен, ал Ш. Айтматов Пушкинмен теңдес санайды.
Бармақтайынан өлең-жырды жаттап өскен, қазақ қанындағы аса бір мәдениетті орта - ұлы Абай ауылынан шыққан, туысынан айрықша дарынды Әуезовке бір жағынан өзі туған топырақтың дәстүрі әсер етсе, екінші жағынан орыс мектебінде алған тиянақты білім қуат берді. Әуезов алғашқы қадамын өлеңмен бастайды. Алайда олары еш жерде жарияланбаған, сақталмаған.
Қырық батпан қиыншылық астына түсіп, кенеуі кетіп, жетім баладай жүдеген пұшайман дала тірлігінің қоңторғай халі жас ойшыл, балғын азаматты қилы қиянға сүйреп, оның жүрегін тітіркентіп, сезімін шабақтап, ойын бөліп, санасын сан саққа жүгіртеді. Болашақ дария тебіреністі, қайратты ойдан хабар бергендей жас таланттың алғашқы сапары байлау мен пікірді ашық, жарып айтуды талап ететін публицистикадан басталады. Ол қалың қараңғылық, көзсіз надаңдық буған өмірден аз да болса жарқын сәуле, үмітті саңлау іздейді.
Семинарияның соңғы класының оқушысы Мұхтар Әуезов Семейде 1919-1920 жылдың қысында Совет өкіметінің орнауын құшақ жая қарсы алды. Қажырлы ойын, қайрат-жігерін салып, қиналып, толғанып барлап жүрген өткелдер бетін бүркеген тұман бір-ақ күңде айығып, халық көші беттер қасқа жол жарқырап ашылған соң, жас ойшыл түлеп қоя берді. Мұхтар Әуезов 1919 жылдың желтоқсанында Коммунист партиясының қатарына еніп, жаңа емір үшін күрес жолына түседі. Совет өкіметі шығарын тұрған газетгерге белсене араласа бастайды, идеялық-саналық жағынан марқаяды.
М. Әуезов 1919-1920 жылдары Семей губерниялық революциялық комитетінің қазақ саяси бөлімін меңгерді. 1921 жылы губерниялық атқару комитетінің президиум мүшесі бодды және оның заң бөлімін басқарды, сол жылы губерниялық атқару комитетінің председательдігіне жоғарылатылды. Әуезов 1921 жылдың қараша айынан 1922 жылдың желтоқсан айына дейін Орынбор қаласында КазЦИК-тың президиум мүшесі қызметін атқарады.
М. Әуезов 1922-23 жылдың қысында Ташкентте оқып, одан кейін Ленинград университетіне ауысады.
1928 жылдың күзінде М.Әуезов Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына түседі. 1930 жылы 17 қыркүйекте қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымының мүшесі, ұлтшыл, буржуазияшыл деген айып тағылып, Ташкентте қамауға алынады да, Алматы түрмесіне әкелінеді.
1932 жылы 22 мамырда түрмеден шыққан Мұхтар 10 маусымда өз қателіктерін мойнына алып, төңкеріс ісіне адал қызмет ете-мін деген бағыттағы ашық хат жазған. М.Әуезов 1932 жылы мал-цәрігерлік институтта қазақ және орыс тілдерінен сабақ берген. Ұзақ уақыт қазақ драма театрының әдеби бөлімін басқарған. М.Әуезовтің Тартыс,Октябрь үшін, Түнгі сарын, Хан Кене, Алма бағында, Бекет т.б. пьесалары осы тұста жазылды.
1942 жылы Абай романы жарық көрді. М.Әуезовтің Түркістан солай туған, Индия очерктері, Америка әсерлері, Оңтүстік сапары очерктері мезгіл мен дәуірдің ең өзекті тақырыптарын қозғаған.
Әдебиет тарихы еңбегі 1930 жылы автор тұтқындалғанда, кітап ескіліктің барлығын идеал мінсіз тұтқаны, фольклорды қоғамнан тысқары дербес өнер деп шығармаларды заман ыңғайына сәйкес таптық тұрғыдан талдамағаны үшін зиянды деп қоса тәркіленген. Зерттеуші аталған еңбекте халық шығармашылығының үлгілі нұсқаларын ғылыми жүйеге салып, оның ішкі жанрларын саралайды.
Жазушыдан деген алғы сөзде Әуезов: Әдебиет...қазақ деген елдің өткендегі мен бүгінгі пішінін танытуы керек дей келе, қазақ елінің жалпы тарихы әлі жазылмағанын, сондықтан фольклор арқылы да елдің өткенін, халықтың тарихын зерделеуге болатынын айтады. Зерттеуші еңбегінде мына сұрақтарға жауап іздеген: Белгілі заманның тарихи шарттары мен кәсіп дағдысынан туған салт, сана, сезім, тілек қандай еді? Елдің өнер туғызған қиялы мен үлгілі сөз туғызған ақыл шалымы, ішкі дүние байлығы қандай еді? Қазақ тілінде әрбір заманда шыққан сырлы сөздердің үлгі түрі қандай? Мағына, маңызы қандайлық? Бір-бірінің ортасындағы тарихи байлам, тіркестік қайсы, әрбір жұрнақты туғызған себеп не? [2.10]. М.Әуезов Өз сүтімен өскен ескі әдебиетті діңгек еткенде ғана жаңа жазба әдебиеті кемелденеді деген ұстанымын алға тартады. Еңбектегі автор ойлары А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышындағы (1926) пікірлерімен сабақтасады.
Әдебиет тарихының алғы сөзінде автор кітапты шығарудағы себептерді айтса, кіріспеде бүкіл адам баласына ортақ қоғамдық даму тұсындағы сөз өнерінің болмысына тоқталады. Сонымен бірге тағылық тұсындағы ортақшылдық дәуірдегі, Ана қожалығы жүрген дәуірдегі, Ата қожалығы жүрген дәуірдегі әдебиет жұрнақтарына шолу жасайды.
Әдебиет тарихының міндеті, зерттелу жолы да кіріспенің еншісінде. Қазақ елінің жалпы тарихына жанасатын ескілікті сөздерге де, қазақ әдебиетінің тарихындағы жалпақ елдің көзқарасын білдіретін сөздерге де кіріспеде шолу жасалған. Автор әдебиет тарихын мынандай бөлімдерге жіктеп қарастырған: Сыршылдық салт өлеңдері, Батырлар әңгімесі, Ел поэмалары, Тарихи өлеңдер, Ертегі, Айтыс өлеңдер, Зар заман ақындары. Сыршылдық салт өлеңдерін үш түрге бөліп қарастырады. Оның алғашқысы: Ел салтындағы шер өлеңдерге: жоқтау, естірту, қоштасу, көңіл айтуды жатқызады. Екінші дінмен байланысты өлеңдерге: Ескі діннің сарқыты болған өлеңдерді, Ислам дініне байланысты өлеңдерді жатқызады. Наурыз туралы бақсылар сарынын алғашқы жікке жатқызады. Наурыз күншығыс халқының көбінің мейрамы болған. Солардың ішінде, әсіресе көшпелі түріктер арасында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған.
... Ауа райы - барлық тілек пен тіршіліктің қожасы. Сондықтан жақсы мен жамандық жіберетін қорқынышы да, үміті де бір аспанға байланғандықтан, аспанды тәңірі деп, соны ұлы құдай көру, ең ескі діндердің бәріне бірдей қойылған наным болатын [2. 40].
Зерттеуші жарамазан, бата беру өлеңдерін ислам дініне қатысты санайды. Автор жарамазан ораза күндері оразаның садақасын алуға арналған өлең екенін айта келіп, қазақ жарамазандарында өзге мұсылман елдеріндегідей сәждеге жығыл, дұға оқы, күнәкәр болма деген діни сөздер көп айтылмайтынын ескертеді. Қыз ұзату кезіндегі салт өлеңдерін автор жар-жар, қоштасу, танысу, беташар деп жіктейді.
Батырлар әңгімесі тарауында Әуезов қазақ батырларына қатысты жырларды: ұлы батырларға, кіші батырларға қатысты әңгімелер деп бөледі. Ұлы батырларға Едіге, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайынды, Нәрікұлы Шора батырды, кіші батырларға Қамбар батырды, Алпамыс батырды жатқызады.
Ел поэмалары деген үшінші бөлімде Қозы көрпеш - Баян сұлу мен Қыз Жібекке талдау жасалған.
Келесі Тарихи өлеңдер тарауында бұл жырлардың тууын Абылай заманымен орайластырады. Әуезов тарихи өлеңдерді екі кезеңге бөледі. Тарихта бұл екі дәуірдің жапсары Әбілқайыр, Тәуке, Қайып, Абылай хандардың заманына келеді. Бұл дәуірдің басы - 1723 жылы ақтабан шұбырынды.
Екінші сатысы - орыс сияқты шет жұртқа бағынуға айналып, елдің алдында темір ноқта мен қайыс ноқтаның таңдауы шыққан заман. Ақыры орысқа бағынып, ноқтаға бас иіп, асаудың жуасып, алыптың басылған уақыты болады [2. 142].
М.Әуезов тарихи өлең жанрына да сипаттама береді: тарих өлеңдері, ең алдымен, ел тіршілігінде анық болып өткен тарихи о қиғадан туады. Пәлен жыл мен пәлен жылдың арасында болған тарихи дәуірдің жыры. Сол дәуірде арнаулы оқиғаның қақ ортасында болған адамдардың басынан кешкен өмір, қолымен істелген істің жыры болады. Тарихи өлеңдердің ішіндегі адамдар жалпақ елге қадірлі сүйкімді адамдар. Сол адамдардың ісі, беттеген мақсаты, көптің өміріне қозғау салған әсері, көптің аузында неше алуан әңгіме болып қалады [2.140-141]. Бұл тарауда Исатай-Махамбет, Кенесары-Наурызбай, Бекет жырларына талдау жасалған.
Ертегі атты тарауда ертегінің шығу себептері, жанрлық ерекшеліктеріне сипаттама беріледі.
Кітаптың VI тарауы айтыс өлеңдеріне арналған. Айтыстың тегі, түріне сараптама жасалған. Тарауда Мұрат пен Жантолы, Кемпірбай мен Шөже, Біржан мен Сара айтыстарынан үзінділер келтіріліп, олардың өнері палуандар күресіне теңеледі. Автор айтыстың бір түріне билікке таласып айтқан талас сөздерді жатқызады да, оны билер айтысы деп атайды. Оған Бұқар жыраудың Керейге айтқанын, Ақтайлақ бидің сөзін, Қараменде мен Кеңгірбай биліктерін, Сабырбайдың Солтабай төреге айтқанын жатқызады.
Зар заман ақындары деген тарауда зерттеуші ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығына нақты меже қоя пікір айтады. Зар заман ақындары тарауының аты туралы М.Әуезов былай дейді: Зар заман деген - XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңінің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгергі, соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір арнаға тұтастыратындай жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына зар заман ақындары деген ат қойдық. Бұл - ақындардың дәуірі, жоғырыда айтқан тарихи дәуірді туғызған дәуір. Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай замандарынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады [2.192].
Тарауда жыраулардың қоғамдағы орны, толғаулардың зарлы болуының себептері айтылады. Жырау мен ақын сөздерінің айырмашылықтары сараланған. Зерттеуші ел тілегін, зар-мұңын, ел қамын сөзбен жоқтаған Асан қайғы, Бұқар жырау, Махамбет, Мұрат, Шортанбайлардың азат рухты аңсаған поэзиясын мансұқтайды.
Азаттықты аңсаған шығармалардың мағынасын аша келе: Бұлардың сөз қылған жайлары басқа-басқа сияқты болып, атаған емдері де әр түрлі болғанымен, барлығының басын қосатын ортақ жері бар. Ол ортақ жері: заман халінің қайғысынан туатын өкініш, зар; өткенді ойлап, күрсініп, сағынып, қазіргіден қажып, торығу, алдыңғыдан шошынып қорқу, сондықтан ыңыранып, зарланып зарығу [2.195]. М.Әуезов Шортанбайдың Зар заман өлеңінің атын заман зарын жеткізген әдебиеттің дәуіріне пайдаланған. Автор: Қазақ әдебиетінің тарихы зар заман дәуірінен соң Абайға келіп тіреледі. Сол себепті енді Абайға көшеміз деп Әдебиет тарихы кітабын аяқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет