Лекция Лекцияның тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата15.12.2022
өлшемі401,28 Kb.
#57584
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-лекция ҚӘК

Әдебиеттің қоғамдық мәні — көркем әдебиеттің халық өміріндегі атқаратын міндеті, 
танымдық, тәрбиелік, көркемдік маңыздылығы. Танымдық сипат жағынан алсақ, әдебиет 
бүрынғы-соңғы тарихтан үшан-теңіз мағлүмат беріп, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың ой-
қиялын, арманын, сана-сезімін танытады. Заман, дәуір түлғасы, адамдардың түрмыс-халі, әдет-
ғүрпы, мінезі әдебиеттен жан-жақты толық аңғарылады. Әр адамның басқан қадамы, атқарар ісі 
қоғамдық жағдайға байланысты соның көрінісі. Әдебиет адамдардың осы қалып, болмысын 
көркемдік әдіспен бейнелейді. Әдебиеттен өткен заман, бүгінгі өмір, келешек туралы ой-
түжырымдарды да мол табамыз. 
Әдебиеттің қоғамдық мәнін айтқанда, ең алдымен, оның тарапындағы маңызын 
атау шарт. Қандай көркем шығарма болсын, ол оқырманға бұрын беймәлім өмірді, 
шындықты бейтаныс заманды, адамды танытады. Әр кітап оқырман үшін бұрын – 
соңды беймәлім дүниенің есігі секілді. Сол есікті ашып кіргенде ғана адам өзіне белгісіз 
құпиялар сырына тереңдеп, танымын байытпақ. Бальзакты оқымай француз тұрмысын, 
Толстойды оқымай орыс өмірін, Абайды оқымай қазақ тіршілігін білем деу ағым. 
Көркем шығарма адамға өмірді танытады, тәрбиелейді. Бұл арадан келіп әдебиеттің 
қоғам өміріндегі тағы бір тамаша маңызы шығады. 
Әдебиет адамдарға өмірді танытып қана қоймайды, олардың өмірге көзқарасын 
қалыптастырады, мінезіне ықпал етеді, бүкіл тұрмыс-тіршілігіне әсер етеді. Осыдан 
әдебиеттің тәрбиелік мәні туындайды. Өнерге, өнердің бір түрі - әдебиетке әркім өзінше 
анықтама берген. Біреулер оны – «шындықты сәулендіру» десе, біреулер – «идеалдар 
жасау», тағы біреулер – «бір адам сезімін екінші адамға ауыстыру» деген. Бұл 
ұғымдардың барлығы да белгілі дәрежеде шындық. Әдебиет оның ішінде әдеби 
шығарма адамның ой-қиялын, сыр-мінезін, түгіл баурайды: қуантады, сүйіндіреді, 
таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді... қысқасы, адамның көңіл күйінде сан-
сапа құбылыстар туғызып, із қалдырады. Бұл - әдеби шығарманың эстетикалық әсері, 
оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген. Сөз өнері жалпы 


мағынасындағы жай әдебиет емес, көркем әдебиет екенін тектен-тек деуге болмайды. 
Оның барлық эстетикалық байлығы әдеби шығарманың көркемдігі арқылы ғана 
жасалады. Демек, әдебиеттің таным-тәрбие саласындағы мәні де, сайып келгенде, сөз 
өнерінің эстетикалық маңызына екі өнер туындысының көркемдік құнына келіп 
тіреледі. Әйтпесе, өмірді ғылым арқылы да тануға, ал тәрбиенің ең үлкені оқу – білімде 
жатқаны тағы даусыз. Ал ол әрине әдебиетке барып тіреледі.
Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы. Әдебиеттің 
халықтығы – тарихи категория. Прогресшіл адамзаттың жалпы көркемдік даму 
тарихының әр кезеңінде бұл ұғым әр сипатта әдебиеттің халықтығы туралы түсінік қып 
қалыптастырған Б.Т.Белинский болды. Халықтық дегенді ол альфа мен омега деп ұқты, 
нағыз көркем творчество бұдан ешқашан орай алмайды. Оның пікірінше, әдебиеттің өзі, 
бәрінен бұрын, «халықтың санасы», «халықтық рухы». Халықтың - әдеби шығарманың 
терең мазмұнында жатқан түсінік. Халықтық шығарманың тақырыбынан, белгілі бір 
тақырыбы арқылы автордың алға қойған мақсатынан бастап, көркемдік шешімге дейін 
баратын қаһарманның мінезін, дүниетанымын, іс-әрекетін қамти келіп, автордың тілі 
мен стиліне, бағыты мен әдісіне, эстетикалық идеалына көшетін ұғым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет