Лекция мақсаты мен міндеті: Философияның қоғамдағы алатын рөлін түсіндіру Лекция жоспары


Ағартушылық философиясы және француз материализмі



бет10/36
Дата20.10.2022
өлшемі325,68 Kb.
#44437
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Байланысты:
Философия лекция

Ағартушылық философиясы және француз материализмі
XVII-XVIII ғ.ғ. алғашында Англияда, содан соң Францияда, кейінен Германияда феодалдық қоғам идеологиясына қарсы, адамның ақыл-ой бостандығы үшін күресте ағартушылық деп аталатын кең ауқымды философиялық ағым пайда болды.
Ағылшын ағартушысы Дж. Толанд (1670-1722), француз ағартушылары Гассенди (1592-1655), Монтескье (1689-1755), Вольтер (1694-1778), Кондильяк (1715-1780), Руссо (1712-1778), неміс ағартушылары Х.Вольф (1679-1754), Лессинг (1729-1781), Гете (1748-1832), т.б. діни сенімге шек қойып, ақыл-ой мен ғылыми дүниеге көзқарасқа кең жол ашу, моральды діннің «қамқоршылығынан» азат ету, сөйтіп, ақыл-ойдың табиғи дамуына жол ашу үшін күресті.
XVIII ғ. орта шенінен бастап әсіресе Францияда буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан әзірлеуде материалистер Д.Дидро (1713-1784), Ж.О.Ламетри (1709-1751), П.А.Гольбах (1723-1789) және К.А.Гельвеций (1715-1771) аса маңызды рөл атқарды. Олар сол кездегі Франциядағы саяси-әлеуметтік құрылыспен аяусыз күресті.
Классикалық неміс философиясы
Классикалық неміс философиясының негізін салушы И.Кант (1724-1804) болды. Өзінің творчестволық қызметінің бастапқы кезеңінде И.Кант жаратылыстану мәселелерін зерттеп, оларды материалистік тұрғыдан шешті.
И.Кант дуалист болды, өйткені ол материалдық нәрселердің объективті өмір сүретіндігін мойындады, алайда олар мәнін танып-білуге болмайтын «өзіндік зат» болып табылады деді. Ол заттармен қатар өмір сүретін құбылыстар дүниесі, немесе табиғат, адам санасынан тәуелсіз, өздігінше өмір сүре алмайды – ол «өзіндік заттардың» сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде пайда болады, демек, ол адам сезімдерінің жиынтығынан басқа ештеңе емес, дейді Кант.
Канттан кейін классикалық неміс философиясын дамытқан И.Г.Фихтенің (1762-1814) және Ф.Шеллингтің (1775-1854) идеалистік ой-пікірлері өзінің логикалық жалғасын Г.Гегель (1770-1831) философиясынан тапты. Гегель дүниеде өмір сүретін барлық нәрсені негізгі ұғымдардың қозғалысы – абсолюттік идеяның дамуы деп санады. Гегельдің философиясы – сана, рух алғашқы, бірінші, ал материя, табиғат екінші туынды, тәуелді деп дәлелдейтін объективтік идеализмнің айқын түрі болып табылады. Л.Фейербах (1804-1872) материализмді бұрынғы қалпына келтірді, бірақ ол диалектиканы жоққа шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет