Лекция маќсаты: Статистика теориясыныњ негіздерімен жєне статистикалыќ єдіснамамен таныстыру



Дата07.01.2022
өлшемі16,47 Kb.
#17413
түріЛекция

1-тақырып. Статистика пәні мен міндеттері
Лекция маќсаты:Статистика теориясыныњ негіздерімен жєне статистикалыќ єдіснамамен таныстыру
Лекция сұраќтары: 1. Статистика туралы жалпы түсінік.

2. Статистика пәні мен міндеттері.

3. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.

4. Статистиканың негізгі ұғымдары мен категориялары.
Статистиканың жалпы теориялық курсын үйренуді «статистика» ғымынан бастаған жөн.

«Статистика» деген сөздің өзін ғылымғы 18 ғасырдың ортасында неміс ғалымы Гротфрид Ахенваль /1719-1772/ енгізген. Бұл сөз итальянның Stato – мемлкект; Statіsto- мемлкектті жетік білу деген сөзінен шығады. Г. Ахенваль бұл жаңа оқу пәні мемлекеттің саяси жағдайын, көрікті орындарын сипаттайтын мемлекетті тану ғылымдарының бір саласы деп есептеген.

«Статистика» ұғымының қазіргі уақытта төмендегідей бірнеше мағынасы бар. Мысалы:

  • статистикалық жинақтардағы, анықтамалардағы, мерзімді баспасөзде жарияланатын статистикалық деректер;

  • статистикалық органдар арқылы жүргізілетін көптеген қоғамдық құбылыстарды жоспарлы және жүйелі түрде есепке алу;

  • статистика сонымен бірге ғылыми пәннің аты.

Статистиканың пәні - әлеуметтік-экономикаылқ құбылыстарды, оның құрамы мен даму процесттерін, өзара байланыстарын, онда болатын сандық қарым-қатынас пен заңдылықтарды зерттейді.

Статистика пәнінің зерттеу тәсілдері:

  • статистикалық бақылау;

  • көрсеткіштер жүйесі;

  • жиынтық;

  • топтау;

  • комбинациялық кестелер.

    1. Статистикалық бақылау дегеніміз қоғамдығы құбылыстар туралы мәліметтерді ғылыми ұйымдастырылған, жоспарланған жүйеде жинау. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізетін әрбір фактыны өзеріне тән белгісіне қарай анықтау және нақты шындықтың толық қамтылуын, анық та, дәл, нақты, әрі керекті мәліметтерді жинау.

    2. Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу және жинақтау – бұл әдісті қолдану кезінде статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер өздеріне тән жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға және іштей жіктерге бөлінеді. Бірақ, олардың әрқайсысы статистикалық жеке көрсеткіштер жүйесіне сай сипатталады. Сондықтан, зерттеудің бұл кезеңінде қоғамдық құбылыстар мен процестердің топтық көрсеткіштері ірілендіріледі, жекелеген топтардың сапалық айырмашылығы анықталады және талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштері есептеледі.

    3. Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау – мұнда жинақталған, топталған, өңделген статистикалық көрсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Сондай-ақ қорытындылаушы көрсеткіштер орташа, қатысты шамалар немесе өіңкілік қатарлар, индекстік әдістер арқылы есептеледі. Олар статистикалық кестемен көрсетіледі немесе график арқылы бейнеленеді. Сонымен, статистикалық мәліметтерге талдау жаау деп жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау және солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады.

Сондықтан статистика ғылымы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды талдауды өзіндік (ерекше) әдістер, тәсілдер, ережелер жиынтығы, яғни статистик. әдіснама арқылы жасайды. Оны басқа да ғылымдар өз зерттеулерінде, тәжірибесінде қолданады. Статистик. әдіснаманың негізгі бөліктеріне статистик. байқау, топтастыру, орта шамалар, индекстер, корреляц. талдау, т.б. әдістер жатады. Мемлекеттік статистика – статистик. ақпаратты жинау мен өңдеудің орталықтандырған жүйесі. Статистиканың негізгі салалары: статистиканың жалпы теориясы – статистик. ғылымның неғұрлым жалпы категорияларын, қағидаларын және әдіснамасын зерделейтін саласы; әлеуметтік статистика – бұқаралық әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің даму үрдістері мен заңдылықтарын анықтау мақсатымен олардың сандық жағын сапалық жағымен тығыз байланыста қарастыра отырып зерделейді; экономикалық статистика – экономиканың даму үйлесімділіктерін, үрдістері мен заңдылықтарын анықтау мақсатымен материалдық өндіріс саласындағы қоғамдық құбылыстар мен үдерістерді сандық тұрғыдан зерделейді; демографиялық статистика – халықтың саны, құрамы, орналасуы, қозғалысы туралы деректерді талдауда статистик. әдістерді қолданумен айналысады; халық тұрмысы деңгейінің статистика сы – халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы мәселелерін зерттейді; қаржы статистика сы – қаржы-ақша қатынастарының сандық жағын қаржы ресурстарының ұдайы көбейтілуі және ауыспалы айналымы үдерісінің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастыра отырып зерделейді; салалық статистика – халық шаруашының жекелеген салаларын немесе қоғамдық өмір саласын зерделейді (өнеркәсіп статистикасы, банк статистикасы, құрылыс статистикасы, а. ш. статистикасы, сауда статистикасы, кеден статистикасы, байланыс статистикасы, т.б.); халықаралық статистика – түрлі елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін, құрылымын, үдерісін зерделейді. Мемлекеттің әлеуметтік-экономиялық даму стратегиясын белгілеуде статистиканың рөлі зор. Бұл, әсіресе, мемл. басқару органдарының, халықар. ұйымдардың, қоғамдық және ғыл. ұйымдардың, халықты еңбекпен қамту және жұмыссыздық, кедейшілік туралы, баға, халықтың әл-ауқаты, инвестиция, төлем балансы, сыртқы экон. қызмет, т.б. жөнінде сапалы және жедел статистик. ақпараттарға жоғары дәрежедегі сұранысынан, халықаралық стандарттарға, ұлттық есеп жүйесіне көшуден туындайды. Қазақстанның қазіргі статистика жүйесінде осы саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, іске асырушы өкілетті орган болып табылатын және елдегі бүкіл статистикалық қызметті ұйымдастырып, үйлестіріп, бағыттап отыратын орталықтандырылған бірыңғай статистик. орган – Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі жетекші рөл атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет