Жоспары: «Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы» курсының пәні, мақсаты мен міндеті
Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясының зерттеудегі негізгі әдістері
Лекция мәтіні: 1. «Адамзаттың тарихқа дейінгі тарихы» пәні адамзаттың және адам қоғамының пайда болуын, сондай-ақ олардың қоғамдық, әлеуметтік институттарының тууы мен дамуын объективті-тарихи тұрғыдан түсіндіру. Бағдарламада тарих ғылымының негізгі теориялық мәселелері: адамның пайда болуы және қалыптасуы, олардың алғашқы еңбек, шаруашылық, тұрмыс әрекеттері, қоршаған табиғатты игеруі, қоғамдық қатынастары, рулық қоғамның шығуы және дамуы, алғашқы қоғамдық құрылыстың ыдырауының алғы шарттары және таптық қоғамның шығуы мәселелері қамтылған. Сондықтан да аталған курс адамзат тарихының жалпы заңдылықтарының теориялық негізін оқытуда маңызы зор.
Пәннің мақсаты: Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, рулық қоғамның шығуы, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының алғы шарттары, дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Пәннің міндеттері:Адам баласының және қоғамның пайда болуы мен дамуының теориялық мәселелері, шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттердің пайда болуы және даму проблемасы, алғашқы қоғамның ыдырау заңдылықтары мен жалпы бағыттарын айқындауға міндеттелген.
Адамзат тарихына біркатар бірін-бірі дәйекті ауыстырып отырған қоғамдық экономикалық формациялар алғашқы тұрмыстық қауымдық құл иеленушілік, феодалдық капиталистік коммунистік формациялар мәлім. Алғашқы тұрмыс тарихының зерттеу пәні жер бетінде адамның пайда болуына таптық қоғамдар мен мемлекеттердің туына дейін бүкіл орасан үлкен уақыт кезенің қамтитын осы формацилардың алғашқы болып санады.
Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы адамның шығуы оның шаруашылық және қоғамдық қызметінің тууы мен бастапқы дамуы мен, оның материалдық және рухани мәдениетінің пайда болуы мен алғашқы кадамдарын зерттейді. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының аса маңызды міндеті алғашқы тұрмыстың қауым құрылысының негізгі ерекшелікгерін анықтап табу, оның қалыптасуының, дамуы мен ыдырауының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету, оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу болып табылады.
2. Алғашқы тұрмыстық қоғамның тарихы – тарихы ғылымның бір шама жас саласы. Ол өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болып әрі, тек жүз жылдай уақыттан бері ғана өмір сүріп келеді. Алайда, бұл бұрын адамдар адамзат тарихының бастапқы кезі туралы ұғымды көз алдына келтіруге әрекет жасамады деген ынта қою адамдарда өз дамуының өте ерте кезеңдерінде-ақ туған. Қалай болған күнде де этнографтар зерттеген ең артта қалған халықтар да өздернің алыстағы өткеншағы тұралы ата бабалары іс әрекеттері мен ерліктері тұралы рулар мен тайпалардың шығуы жайына аузекі әнгіме-аңызда табылған. Санау ежелгі заманды көршілерінің тіршілік еткен шағын қадағалау олардың өткен шағылар көз жіберу әрекеттері де жатады. Орта ғасырларда шіркеу мен схоластика ғылымды жаншып басып келді. Осы кезде ежелгі заманға қарағаннан гөрі адамдардың өткен шағы туралы және беймәлім елдердің халыктары жайында, барып тұрған қисынсыз ойдан шығарылған қаусеттер таратылды. Орта ғасырдағы географтар мен шежірешілер ит басты адамдар (киноцефалдар) туралы немесе көрпе сиякты өзінің орасан үлкен құлақтарына оранған фанезийліктер жайындағы аңыздарды шын деп білді. Адамзаттың шығуы жене оның ауел бастапқы тарихи проблемаларыны келетін болсақ, бұл жөнінде бәрі де библия (інжіл) аңыздарында айтылып қойылған деп саналды. Ал, қалайда осы қиын жағдайлардын өзінде де жер және оны мекендеген халықтар жайындағы білім молайып кеңейе түсті. Осы білімдер кейініректе алғашқы тұрмыс тарихын зерттеудің көзі де болды. Араб географтары Шығыс Европа мен Азия халықтарының сипаттамасын құрастырды. XIII ғасырдағы орта азия халықтары туралы тамаша деректертер географ Чан-Чуньнің сапар жазбаларынды сақталған. Сауда байланыстарын орнату үшін Шығысқа аттанған саяхатшылар (Плано Корпини, Рубрук, Мерко Поло және басқалары) европалықтардык Шығыс халықтарымен таныстығын кеңейте түсті. Европада этнография білідердің қорланып жиналуындаға нағыз төнкеріс ХV ғасыр ұлы география жаналықтар ашылған көздерден басталады.
XVIIІ – ғасырдың өзінде-ақ шотланд философ Адам Фергюсон (1723-1816 жж.) өзінің “Азаматтық қоғам” тарихы очеркінде 1767 жылы белгілі дәрежеде этнографиялық мариалда құрып адам мәдениеті дамуының жалпы концепциясын жасауға тірісті.