Лекция. Қосмекенділер класы -amphibia


Амфибилердің тіршілік ету жағдайлары және жалпы таралуы



бет5/6
Дата25.11.2023
өлшемі1,29 Mb.
#127513
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№11 Лекция. Қосмекенділер класы

Амфибилердің тіршілік ету жағдайлары және жалпы таралуы
Амфибилердiң тiршiлiк жағдайлары алуан түрлi. Олардың кейбiр түрлерi өмiр бойы тек қана суда тiршiлiк етедi. Оларға құйрықты амфибилер, протейлер, сиревер және кейбiр амфиумдар жатады.
Құйрықсыздардың көпшiлiгi жартылай сулы ортада тiршiлiк етедi. Олар кобею кезiнде су қоймаларые мекендейдi. Көпшiлiгi суда қыстап шығады. Басқа уақытта олар судан қашық құрлықта болады. Оларға құрбақалар, қоыр бақалар, отты және Кавказ саламандыраларын жатқызамыз. Жасыл бақа уақытының көпшiлiгiн судан тыс өткiзедi, бiрақ судан ұзап кетпейдi. Қауiп төне қалса суға секiрiп түсiп, жасырынады.
Құйрықсыздардың iшiнде негiзiнен ағаш арасында тiршiлiк ететiндерi де бар. Олар көбiнесе тропикалық ормандарды мекендейдi. Олардың көбеюi де ағашта өтедi, ол үшiн бақа ағаштың қуысына, iрi жапырақта тұрып қалған суды пайдаланады. Ағашпен байланысы, ондағы тiршілiк дәрежесi әрбiр түрiнде түрлiше болады. Мысалы, бiздегi бақылдауық бақа көп уақытын ағашта өткiзгенiмен көбеюi жерде, су қоймасында өтедi. Бақылдауық бақа ағашқа саусақтарының ұшындағы дөңгелек, желiм тәрiздi секрет бөлiп шығаратын сорғыштарының көмегiмен өрмелеп шығады. Филломедузаның саусақтары бұтақты орап ұстауға бейiмделген. Африканың бақасының iшкi екi саусағы қалган саусақтарына қарама-қарсы орналасып, өзiнше қысқышқа айналған. Яваның ұшқыш бақасының ұзын саусақтарының арасында ұшуға бейiмделген жарғақтары болады.

Топырақтардың арасынан iн қазып, тiршiлiк ететiн амфибилер де бар. Бұған барлық аяқсыздар жатады. Құйрықсыздардың iшiнде де (чесночница) топырақтан терең iн қазып, тығылып жататын түрлерi де кездеседi.


Амфибилер алуан түрлi ортада тiршiлiк етедi. Әйткенмен олардың жалпы географиялық таралуы тiршiлiгiне қажеттi жардайларға байланысты. Оның негiзгiлерi: жылу, су қоймаларының болуы, ауа дымқылдығының белгiлi мөлшерде болуы, судың және топырақтың химиялық құрамы.
Жылылық амфибилердiң тiршiлiгiне ең керектi жғрдай болып есептеледі. Олардың көптеген түрлері +7. +8 градуста ұйқыға кетедi де —2 градуста қырылып қалады. Судың температурасы төмен болса олардың жұмыртқалары мен личинкалары дами алмайды.
Ыстық құрғақшылық климат амфибилерге өте қолайсыз. Өйткені олардың жұқа терiсi денедегi дымқылдықты өте көп мөлшерде буландырып жiбередi. Егер бақалар тез құрғаған кезде бастапқы салмағының 15 процентiн жоғалтса да өледi — деп көрсеткен П. В. Терентьев (1950), ал егер баяу құрғатса, салмағын одан екi есе артық жоралтқанның өзiнде де өлмейдi
(А. Г. Банниковтың мәлiметi бойынша бақылдауық бақа дене ылғалының 75 процентiн жоралтқанга дейiн өлмейдi).
Амфибилер тұзды суларда және тұзы көп топырақтарда тіршiлiк ете алмайды. Хлорлы натрийдiң 1 проценттен төменiрек ертiндiсiнде қос мекендiлердiң личинкасы, кейбiр түрлерiнiң ересек формалары тiршiлiк ете алмайтыны анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет