1) білім алушыларға шетел тілінің лексикасы мен тілдік ерекшеліктерін игерту және олардың коммуникативтік функционалды құзыреттіліктерін қалыптастыру;
2) мәдениаралық коммуникация субъектісі болып табылатын жеке тұлғаның мәдениаралық қарым-қатынасқа қабілеттілігін көрсететін, мәдениаралық құзыреттілігін қалыптастыру.
3) шетел тілінде дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру және тілі оқытылатын елдің тілдік және мәдени ерекшеліктерін түсіну.
Күтілетін оқу нәтижелері
1) серіктесінің және осы деңгейдегі мәтіндердің авторларының коммуникативтік мақсаттарын түсінудің тұжырымдамалық негізін анықтайды;
2) нақты фактілерді, беделді пікірге сілтемелерді және т.б., ауызша мінез-құлқының коммуникативтік және когнитивті негізделген әдістерін пайдалану деңгейлерін жоспарлайды;
3) коммуникативтік мақсатқа сәйкес сөйлеу формалары мен түрлерін қолданады;
4) стилистикалық ерекшеліктерді зерттеуге назар аудара отырып, шет тілінің даму заңдылықтарын топтастырады;
5) негізделген ақпаратты (мәліметтерді) пайдалана отырып, қазіргі заманғы проблемалардың ықтимал шешімдерін шет тілінде саралайды;
6) оқытылған тақырыптар шеңберінде жоспар құрады, мәтінді жазады, редакциялайды және түзетеді.
Оқыту әдістері мен технологиялары
1. Студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негіздеу;
2. Біліктілікке бағытталған оқыту;
3. Әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;
4. Кейс-стади (нақты жағдаяттарды сараптау);
5. Жобалар әдісі.