Жеке кәсіпкерлік екі негізгі түрге бөлінеді Заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі)
Заңды тұлға құрмай-ақ жеке тұлғалардың кәсіпкерлігі (жеке-дара кәсіпкерлік).
Өзіндік кәсіпкерлікті бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады
(«Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР-сы заңының 7 бабының 2-ші пункті 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заңы).
Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.
(«Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР-сы заңының 7 бабының 3-ші пункті ).
31-бап. Өзіндік кәсіпкерлік
Өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
Некеде тұратын жеке тұлғаның өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруы үшін жұбайының келісімі талап етілмейді.
Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлi-зайыптылардың арасындағы өзге де келiсiмде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының нотариат куәландырған келiсiмi қажет.
Өзiндiк кәсiпкерлiк фермер қожалығы нысаны пайдаланыла отырып, жүзеге асырылуы мүмкін.
Бірлескен кәсіпкерліктің формалары болып табылады: Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі, ортақ ерлі-зайыптылардың аралас меншігі негізінде жүзеге асырылады;
Жанұялық кәсіпкерлік, шаруа (фермерлік) шаруашылық тың жалпы аралас меншік немесе үйді жекешелендіруге жалпы аралас меншігінегізінде жүзеге асырылады;
Жай серіктестік, жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылады
Жеке кәсіпкерлік үш түрге дифференциациалануы мүмкін:
1) Шағын кәсіпкерлік (шағын бизнес);
2) Орта кәсіпкерлік
(орта бизнес);
3) Ірі кәсіпкерлік (ірі бизнес).
Жеке кәсіпкерлік туралы заңның 6 бабының 1-ші тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға азаматтық заңнамада қарастырылған ұйымды-құқықтық формада құрылуы мүмкін.
Сондықтанда коммерциялық ұйымдардың жеке кәсіпкерлік формаларына шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және кооперативтер жатады (ҚР АК 34-бабының 2 тармағы).