«Құдайы қаласы» ─ ол шіркеуде біріккен адамдар. «Жер бетіндегі қала» - мемлекеттік мекемелер, өкімет, әскер, заң, император арқылы іске асады. «Жер бетіндегі қала» күнәға толы және олардың iшiнде пұтқа табынушылар да бар. Оны Құдай бір кезде жеңеді. Августин Аврелий (354-430 жж.)
Әл Фарабидің әлеуметтік философиясы
Фараби «Азаматтық саясатта» қо-ғам талдауды қаладан бастаса, «Ме-млекет қайраткердің нақыл сөздері» атты трактатында ол мұны ең кішкене үядан - отбасынан немесе үйден бастайды. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бі-рақ ол қаланың бір бөлшегі болған-дықтан, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады. Бұл жерде Фараби қаланы мем-лекет деп түсінеді. «Қайырымды қала-ның тұрғындары туралы трактатын-да» ол философ басқаратын бақытты қоғам туралы ілімін ұсынды Әбу Нәсыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат – Түрки 870-950 жж
Қайта өрлеу дәуіріндегі Т.Кампанелланың утопиялық теориясы
«Күн қаласы» еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын баяндайды. Тапробану аралындағы (шамамен Цейлон, казіргі Шри Ланка) бақытты қоғам туралы Генуя теңізшісі әңгімелейді. Мұнда жеке меншік жоқ, адамдар төрт сағат қана жұмыс жасайды, бай-кедейге бөлінбейді. Елді басқару ісімен қырық адам айналысады, бірақ айына екі рет халық жиналысында басшылар ауыстырылып отырады, олардын өздері де талантты адамдарға орындарын босатуы тиіс. Басшылык әділдік жолмен жүзеге асырылуы тиіс Мемлекетті басқарушы - аристократия, олар философтар емес, кабілетті болып жаратылған адамдар. Олардың ең ақылдысы - Метафизик немесе, Кун деп аталады. Ол мемлекет басшысы. Оның үш көмекшісі бар: Күш-Қуат - әскери істерді, Даналық - ғылымдарды басқарады, Махаббат - тамақ, бала тәрбиелеумен айналысады. Олардың да көмекшілері бар (Грамматика, Логика, Физика, Саясат, Этика, Экономика, Астролог, Астроном, т.б.).