Лекция қр конституциялық құқығының негіздері Конституциялық құқық түсінігі, пəні жəне конституциялық құқықтық қатынас түсінігі, қайнар көздері


Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы



бет27/37
Дата29.04.2023
өлшемі150,41 Kb.
#88443
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
1.2 Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы
Жерге орналастыру өзінің жүзеге асуының барлық тарихи кезеңінде алдына қойған мәселелерді түрлі құралдармен және жобалау тәсілдерімен орындады.
Жеке немесе өзіндік жер иеленушілік пен жер пайдаланушылық болған мерзімде(мысалы Ресейдегі ХХ ғасырдың басындағы столыпиндік реформа жүргізілгенде) шаруа қоғамдарының шектері және әсіресе аула,кіші аулалар мен хуторлар, басқада жер иеленушілердің шекараларын жоғары дәлдік қағидасы аналитикалық тәсілмен жобалаған.
Осыған байланысты жерге орналастыруды жобалау туралы ғылым ең бастысы аудандарды бөлу ұсынылған математикалық және геодезиялық тәсілдер бойынша ұсынылған, сондай-ақ жерді иелену мен пайдалану құқығын заңды рәсімдеу ұсынылған. Революциядан кейінгі жылдары және Кеңес Одағы кезінде жерге орналастыруды жобалау революциядан бұрынғы жылдардан алынып сақталған, дегенмен жерді ұлттандыру негізінде жердің қайта қалыптастыру (1917-1921жж) жерге орналастырудың кластық және әлеуметтік мазмұны түпкілікті түрде өзгерді. Жерге орналастыру ғылымы толығымен немесе оның құрам бөлігі - жерге орналастыруды жобалау сол уақытта қалыптасқан колхозды-совхозды жер пайдаланумен дамып отырды.
Кейбір тұғырықтық құбылыстарды өткізгеннен кейін, жер пайдаланудың қалыптасқан формаларын түпкілікті өзгерісін жерге орналастыру ғылымы жер құрылымының жаңа тәсілдерін іздеуге мақсат қойған болатын, бұл қайта қалыптасқан колхоз және совхоздарды ұйымдасқан-шаруашылық бекітуді талап етеді. Біртіндеп, колхоздардың шекарасын нақты мәнге шығару қарапайым тәсілінен жерге орналастыру бұрын қалыптасқан а.ш кәсіпорындарының жерін құрудың ең күрделі тәсілдеріне өтті.
Жерге орналастырудың ірі жер массивтерін, адамдардың коллективтік еңбегін ұтымды пайдалануды және машина техниканы пайдалану өндірісін қамтамасыз ететін ең жетілген жаңа әдістерін өңдеу қажеттілігі туды. Бұнымен қатар, құқықтық және техникалық аспектілермен бірге жаңа шекаралары рәсімдеумен байланысты жерге пайдалану құқығына мемлекеттік актілерді беруге жер пайдалануды дайындау, бірінші жоспарда колхоз және совхоздың шаруашылық орталығын орналастыру жөнінде, өндірістік бөлімшелерді ұйымдастыру және оған жер массивтерін бекіту, қажетті алқаптар құрылысын белгілеу, дұрыс ауыспалы егісті енгізу және т.б.жаңадан орналастыру бойынша экономикалық және әлеуметтік мәселерді шешуге алып келеді. Жерге орналастыру ауылдар арасынан ауылдар ішіне ауысуынан, шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыруға өтті. Көрсетілген мәселерді шешу жолдарын ғылыми өндеудің объективті қажеттілігі туды. Жерге орналастыру ғылымында және тәжірибесінде жобалау әлеуметтік-экономикалық бағыттан жер өлшеу –техникалық(геодезиялық) бағытта болды.
Ол енді әлеуметтік-экономикалық теорияға негізделді, жиырмасыншы жылдары көрнекті ғалым П.Н.Першин (1890-1970ж.ж.) сол уақыттағы жерге орналастыру ғылымына ұйымдасқан-құқықтық және жер өлшеу-техникалық бағытымен қарама қайшы келді. П.Н. Першин алдын ала көрді халық шаруашылығының жоспарлы жүйесі барысында «Аумақты жерге орналастырумен құрылған мемлекет ұйымдастырушы әрекеттің жемісі болады, қоғамдық шаруашылық формасында қоғамның өндірістік күшін дамытуға бағытталған.
Ауыл шаруашылығын реттеумен байланысты жаңа жерге орналастырудың мәселесін қалыптастыруды алғаш рет профессор И.Д.Шулейкин берді. Оның белсенді қатысуымен қысқа мерзім ішінде (1932-1938ж.ж) «Аумақты Ұйымдастыру Ғылыми Зерттеу Институты» (АҰҒЗИ) құрылды, ұлкен ғылыми жұмыстар жүргізді, оның нәтижесі бір қатар монографияларда жарық көрді.
АҰҒЗИ еңбектерімен жерге орналастыру мектебін құру және дамыту үшін қажетті бағыт құрылды. Бұл ғылыми мектепті отыз жылдан артық уақыт ВАСХНИЛ академик С.А.Удачин (1903-1974жж.) басқарды.
Жерге орналастырудың ғылыми түсінігі қалыптасты, оның мақсаты мен міндеті, ұйымдастырудың жалпы қағидалары, жерге орналастыру шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыру болып бөлінуі ұсынылды, шаруашылық жерін орналастырудың құрылымдық бөлінуі өңделді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жерге орналастырудың жалпы теориясын одан әрі дамыту және экономикалық аудандар мен табиғи аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып жобалау әдісін жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Жер-бағалау жұмыстарымен, аудандық ауыл шаруашылық жоспарлаумен, келешектік жоспарлаумен, ұзақ мерзімді болжамдармен, мелиорациямен, агроорман мелиорациясымен, жол жұмыстарымен,ауыл елді мекендерді жоспарлаумен және т.б. жерге орналастырудың өзара байланысы ескеріліп отырады.

С.С. Абдыгалиева. Жерге орналастыру: оқу құралы – Алматы, 2013


7-10 беттер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет