9.2 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының құрылымы. Негізгі құрамдары. Элементтері.
1. Өндіріс бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын орналастыру. Өндіріс бөлімшелерінің құрамын, санын және мөлшерін белгілеу.
Орналастыру:
- шаруашылық орталықтарын;
- өндіріс бөлімшелерінің жер массивтерін.
2. Ішкі шаруашылық жолдарын, су шаруашылық және басқа инженерлік ғимараттарды орналастыру.
Орналастыру:
- ішкі шаруашылық жолдарын;
- жалпы шаруашылық объектілері мен территориялық инженерлік;
- жалпы шаруашылық инженерлік объектілерін.
3. Ауылшаруашылық алқаптары ұйымдастыру. Ауылшаруашылық алқаптарын трансформациялау, өндеу және орналастыру.
Ауылшаруашылық алқаптарының құрамын, өзара қатынасын бекіту және оларды орналастыру.
4. Ауыспалы егістік жүйелерін ұйымдастырып, олардың территорияларын орналастыру Ауыспалы егістіктердің түрін (типтерін) санын, көлемін таңдап алу.
Орналастыру:
- ауыспалы егістік жер бөліктерін орналастырып, оларды бригадаларға бекіту;
- ауыспалы егістік танаптарын орналастыру;
- танап қорғау орман жолақтарын;
- танаптық жолдар;
- далалық стан және авторлық қызмет көрсету алаңдары.
5. Жеміс-жидек егістері территорияларын орналастыру Орналастыру:
- породалары мен сорттарын;
- кварталдары мен бригадалық учаскелері (жүзімдіктер үшін - клеткалар);
- жолдарды, қорғау орман жолақтарын, көмекші шаруашылық орталықтарын, су көздерін, суландыру және құрғату жүйелері;
- жидектер өсетін территориясына орналастыру;
- жеміс және жүзімдіктер питомниктерінің территориясының орнын белгілеу орналастыру.
6. Мал азықтық алқаптардың территориясын орналастыру. Жайылымдарды ферма немесе мал топтарына бекіту.
Ауыспалы жайылымды ұйымдастыру және олардың танаптарын орналастыру.
Орналастыру:
- гурттық (отарлық) жерлерді;
- жазғы лагерлердегі әр жайылу қоршауларын;
- мал өтетін жолдар;
- су көздерін және су ішетін пункттер.
Ауыспалы шабындықтарды ұйымдастыру және олардың территориясын орналастыру (танаптарды, жолдарды).