Лекция қр конституциялық құқығының негіздері Конституциялық құқық түсінігі, пəні жəне конституциялық құқықтық қатынас түсінігі, қайнар көздері



бет21/37
Дата29.04.2023
өлшемі150,41 Kb.
#88443
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Байланысты:
дәрістер жиынтығы 2

10-ЛЕКЦИЯ
Жер кадастрының жалпы түсiнiгi және мазмұны
Мемлекеттік жер кадастры табиғи қорлар кадастрлары ішінде ерекше орын алады. Ол жер кадастрының объектісі ретінде жердің ерекшеліктері және қоршаған табиғи ортаның маңызды құрауыштарының бірі болғанына байланысты.
Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындалады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды
Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болды, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындалады.
«Кадастр» сөзінің алғашқы түсінігі латынның capitastrum деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Кейіннен бұл ұғым Францияда cadastre (реестр) деген ұғымға ауысады және оны қазіргі кезде қолданады.
ҚР Жер кодексіне (2003 ж.) сәйкесті мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Біздің елде жер кадастрының мемлекеттік сипаты оның халық шаруашылығын жоспарлау, жер қорларын басқару, жерге деген мемлекеттік меншікті қорғау, жерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру мәселелерін шешудегі маңыздылымен анықталады. Оларға жататындар: еліміздің бірыңғай мемлекеттік жер қоры жер кадастрының объектісі болып саналады; жер кадастрының мазмұны, жүргізу тәртібі, кадастрлық құжаттар түрлері, кадастрлық мәліметтерді дұрыстау және жаңарту мерзімділігі, есеп беру түрлері мен мерзімдерін ҚР Үкіметі белгілейді; жер кадастрын мемлекеттік жерге орналастыру органдары жүзеге асырады және бір жүйеде жүргізіледі.
Мемлекеттік жер кадастрының мазмұнына қарай мемлекеттік жер кадастры мынадай жұмыс түрлерін:

  1. жер учаскесінің кадастрлық iciн калыптастыруды;

  2. жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;

  3. жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы катынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;

  4. мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;

  5. жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;

  6. жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін,

сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;

  1. мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;

  2. жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;

  3. жер-кадастр кітабы мен бірыңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;

жер учаскесіне кұқықты куәландыратын кұжаттарды дайындауды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет