Лекция сабағымыздың тақырыбы: Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықпен



бет6/7
Дата06.01.2022
өлшемі28,34 Kb.
#16141
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Құқық

қылмыстарының   түрлері

2.1.  Мемлекеттік  қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың  жекелеген құрамдары

Қызметтік өкілетті теріс пайдалану (307-бап).

Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану қызметтік  қылмыстардың неғұрлым кең тараған  түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, баска ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзіне берілген қызметтік өкілетті пайдалана отырып, мемлекеттік аппарат жүйесіндегі құқық пен өкілетті зұлымдық жолына қолданады.

Оның қауіптілігі  сол, лауазымды тұлға өзінің қызметтік  өкілетін қызметтік мүддеге қарама-қайшы  қылмыстық жолмен пайдалана отырып азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары  мен заңды мүдделерін, не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.

Мемлекеттік аппараттың қалыпты, заңды қызметіне қол  сұғу осы қылмыстың объектісі  болып табылады. Осыған байланысты, егер қызметтік өкілетті теріс пайдалануды  мемлекеттік органда, жергілікті өзін-өзі  басқару органында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қазақстан Республикасының басқа да әскер құрамадарына және әскери құрамдарда лауазымға ие адамдар жасаған жағдайларда ғана аталған қылмыс және 13-тараудан  көзделген өзге де қылмыстар үшін  қылмыстық жауапкершілік туындайды. Мемлекеттік немесе  жергілікті өзін-өзі басқару органдарында болып табылмайтын коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызметтік өкілетті теріс пайдаланған тұлғалар ҚК-тің 228-бабы бойынша осындай іс - әрекеттері үшін қылмыстық қудалау тәртібі туралы осы бапқа ескертпелерді ескере отырып жауап беруге жатады.

Қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың объективті жақтарының міндетті белгілері мыналар болып  табылады: лауазымды адамның өзінің қызметтік екілетін пайдалануы; лауазымды  адамның қызмет мүдделеріне қайшы келетін белгілі бір іс-әрекет жасауы; егер осы іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, не қоғамдық немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірсе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет