Лекция сабақтарының тақырыптары



бет1/21
Дата03.04.2022
өлшемі133,5 Kb.
#29684
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
сем=срсп. Философия.каз(1)


Лекция сабақтарының тақырыптары
1 Философия пәні және міндеттері. Философиялық білімінің құрылымы.

Дүниетаным ұғымы және оның тарихи типтері: мифология, дін, философия. Философия ұғымы, оның ғылымдар жүйесіндегі ролі және маңызы, негізгі мәселелері мен ерекшеліктері. Философиялық білімнің ерекшеліктері, қызметі және мақсаты. Философиялық білім құрылымы: онтология, гносеология, аксиология, праксиология.

2 Көне заман философиясы қазіргі өркениеттің негізі ретінде.

Көне заман философиясы: Үнді және Қытай елдерінің діни философиялық ағымдары мен мектептеріне сипаттама. Көне Шығыс философиясының ерекшеліктері және негізгі философиялық идеялары мен мәселелері. Көне Шығыс философиясының философия тарихындағы алатын орны.

3 Антикалық философия.

Антикалық философияның даму кезеңдері: космоцентризм және дүниенің бастамасы мәселесі. Антикалық философияның негізгі мектептері: милеттік, эфестік, сократтық, академиялық, ликей. Философияның эллинистік және римдік кезеңі және оған жалпы сипаттама: эпикуреизм, стоицизм, скептицизм, кинизм, софизм.

4 Орта ғасырлар және Қайта Өрлеу кезеңі философиясы.

Батыс Еуропалық орта ғасырлық философиядағы ағымдар және оның теоцентрлік сипаты. Патристика және схоластика;

Орта ғасырлық араб тілді философияның даму жетістіктері. Философия және ғылым. Араб тілді орта ғасырлық философиядағы адам және қоғам мәселесі;

Қайта өрлеу кезеңі философиясының ерекшеліктері: антропоцентризм, гуманизм, ой еркіндігі.

5 ХУІІ-ХУІІІ ғ.ғ. Жаңа заман философиясы.

Жаңа Заман философиясындағы негізгі бағыттар: эмпиризм, рационализм. Осы кезеңдегі ғылыми бетбұрыс және ғылыми революция, оның философияға ықпалы. Ғылыми білім, құрылымы және ерекшелігі, таным және тәрбие мәселесі.

6 ХУІІІ-ХІХ ғ.ғ. Неміс классикалық философиясы.

Неміс классикалық философиясының өзіндік ерекшеліктері және философия ғылымы саласындағы жетістіктері. И.Кант философиясындағы адамгершілік, сенім және білім мәселесі. Г.Гегель философиясындағы диалектика, табиғат және рух, логика мәселелері. Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі және материалистік көзқарастары;

Марксизм ілімі: тарихи материализм және материалистік диалектика, қоғамды формациялық тұрғыдан жүйелеу ілімі. Энгельстің табиғат диалектикасы және адам және қоғам мәселесі.

7 ХІХ-ХХ ғ.ғ. қазақ және орыс философиясы тарихынан.

Қазақ философиялық дүниетанымының даму кезеңдері және өзіндік ерекшеліктері. Түрік мұсылман өркениеті, жыраулар шығармашылығы, ағартушылық және саяси бағыттағы зиялылық кезеңдеріндегі философиялық ой-толғаулар және ағымдар. Кеңестік дәуірдегі және қазіргі кәсіби қазақ философиясы;

Орыс философиясының қалыптасуы және дамуы: византиялық, неоплатонистік кезеңдер. Орыс философиясындағы негізгі бағыттар: словянофильдік, халықшылдық, маркстік. Діни мистикалық философия. Орыс космизмі.

8 ХІХ-ХХ ғ.ғ. Батысеуропалық классикалық емес философиясы.

Батысеуропалық классикалық емес философиясының негізгі бағыттары: экзистенциализм, прагматизм, позитивизм, феноменология, неотомизм, неокантианшылдық, герменевтика, структурализм, иррационализм. Тұлға болмысын және жалпы адамзаттық көкейтесті мәселелерді зерттеуге бетбұрыс.

9 Философиялық онтология: дүниедегі адам болмысы.

Онтология – философия ғылымының негізгі саласы ретінде. Онтология ұғымы және оның құрылымы. Болмыс ұғымы, құрылымы, негізгі түрлері және өмір сүру әдісі. Адам болмысы ұғымы, және оның философия тарихындағы даму жолы.

10 Гносеология философиялық талдау пәні ретінде.

Гносеология – философия ғылымының негізгі саласы ретінде. Гносеологияның ұғымдық көрінісі. Таным түсінігі, таным үрдісіндегі логикалық қарама-қайшылықтық мәселесі. Таным түрлері: сезімдік және рационалдық немесе логикалық әдістері. Таным формалары: ұғым, қабылдау, ой қорытындасы. Қарапайым және ғылыми таным. Ғылыми таным формалары: анализ және синтез, индукция және дедукция. Ақиқат мәселесі. Сана ұғымы, генезисі, формалары, қызметі, құрылымы. Сана және тіл. Саналылық және бейсаналық.

11 Диалектика логика, таным теориясы және ғылымдар әдіснамасы ретінде.

Диалектика түсінігі және оның дамуының тарихи кезеңдері. Диалектика – даму туралы ілім. Диалектика заңдары және категориялары;

Материя түсінігі және құрылымы және қасиеттері. Материяның атрибуттары: кеңістік және уақыт, қозғалыс және тыныштық, тұрақтылық және өзгерушілік.

12 Әлеуметтік философия. Қоғам дамушы жүйе ретінде.

Қоғам ұғымы. Қоғам - өздігінен дамитын жүйе және адамзаттық құндылық ретінде. Қоғамның құрылымы, қоғамдық болмыс және қоғамдық сана. Қоғамды таптық формаларға бөлу және стратификация ілімі, әлеуметтік мобильділік. Қоғам – табиғи және тарихи процесс.

13 Қоғамның рухани өмірі. Қоғамдық сананың құрылымы және формалары.

Руханилылық ұғымы. Қоғамның рухани өмірі және оның құрылымы. Қоғамдық сана және оның негізгі формалары. Қоғамдық сана деңгейлері. Қоғамдық және өзіндік сана. Идеалдылық және руханилылық – адам және қоғам өміріндегі құндылықтар.

14 Қазіргі замандағы жаһандану мәселелері.

Жаһандану ұғымының түсінігі және оның қалыптасуының негізгі факторлары. Жаһандану мәселелері: энергетикалық, азық-түліктік, демографиялық, экологиялық, мәдени, рухани, саяси-идеологиялық.

15 Мәдениет және өркениет.

Мәдениет және өркениет ұғымдары, өзара арақатынасы және тарихи қалыптасуы. Мәдениет және өркениет жалпы адамзаттық құндылықтар ретінде. Мәдениет және оның түрлері. Қазіргі мәдени дағдарыс және оның алдын алу жолдары. Өркениетті қайта бағалау мәселесі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет