Батырлық уақыт және қазақ архетиптері. Табиғи немесе құдайлық қажеттікті жеңе білген батыр нағыз адамзаттың мәдениеттіліктің негізі болып қалыптасты. Батыс елінде «варварлар» бастаған батырлық ғасырлар Рим империясы құлағаннан басталды, Еуразия ұлы даласында бұл процесс номадалық түрік империясының шарықтауымен сәйкес еді. Батырлық уақытта қазіргі қазақ мәдениетiнің архетиптері қалыптасқан. Архетип ұғымын ғылымға енгізген К. Г. Юнг. Архетип ұғымының ең басты белгілеріне уақыт пен кеңістік жатады, яғни әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетипке жиі оралады. Мысалы: ұлттық негіздерді жаңғырту, идеясы, -деп түсінсек, онда тәуелсіздік алған елдегі өтіп жатқан құбылыс ол заңды және прогрессивті құбылыс,- деп түсінуге болады.
Қазақ мәдениетінінің архетипіне еуразиялық мәдени кеңістікті қамтыған түріктік халықтар мен тайпалардың негізінен көшпенді мәдениет жатады. Архетиптік уақытта жазу-сызу қалыптасты.
Тарихта белгілі болған хаттар, грамоталар, заңдар, жарлықтар түрік тілінде болуы да мүмкін. 1982 жылы табылған Хунду жазуы. Жібек жолы бойындағы сауда- саттық ісіне тығыз араласқан түрік тайпаларының мәдени дәрежелерінде білеміз. Түрік жазулары кейін араб алфавитіне ауысады. Түрік мәдениеті қазақ мәдениеті үшін архетип болып есептелінеді. Сонымен тарихта айтылатын «Қорқыт ата кітабы» жайлы да айтып кетсек: Қыпшақ тайпаларынан шыққан атақты жырау, күйші, философ Расул пайғамбар заманына жақын кезде (8 ғ) Сырдария өңірінде өмір сүрген. Шешен, өз дәуірінің ақылшысы болған-бұл кісінің еңбегі бүгінгі күні энциклопедиялық шығарма болып есептелінеді. Қорқыт ата өзінің желмаясына мініп алып халыққа бақыт әкелетін жер іздейді, бірақ ондай жердің болмайтынын түсінеді. Адамның қандай қиын кезендерді басынан өткізседе одан шығу жолдарын өздерінің қолында екенін айтып кеткен. Өмірінің соңына дейін өмірдегі бақытты мәнгілік қобыз сарынан іздейді. Көптеген күйлері бүгінгі күнге дейін сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: |