Сайлау классификациясы. Сайлауды билiк тармақтары негiзiнде заңшығарушы, атқарушы және сот ұйымдарын сайлау деп классификациялауға болады. Заңшығарушы ұйымдарды /парламент/ сайлау көп елдерге тән. Қазақстан Республикасында заңшығарушы ұйым ретiнде парламенттiң екi палатасы да сайланбалы.
Көптеген демократиялық елдерде атқарушы билiк көшбасшылерi – президент және жергiлiктi атқарушы билiк басшысы сайланады. Қазақстан Республикасында президент сайланады, ал жергiлiктi атқарушы билiк басшыларын (әкiмдер) президент тағайындайды.
Кейбiр елдерде сот билiгi өкiлдерiн де сайлау кездеседi.
1 Территориялық өкiлдiлiкке сай билiктiң мемлекеттiк ұйымын (парламент, президент) және жергiлiктi ұйымын (әкiм)сайлау болып бөлiнедi.
2 Дауыс беру түріне қарай сайлауды: балама (альтернативтi), коммулятивтi, лимиттiк деп бөлемiз.
Баламадауыс беруде белсендi сайлаушыда бiр дауыс болады, оны белгiлi бiр кандидат (жеке адам, партия, қозғалыс) үшiн бере алады.
Коммулятивтi дауыс беруде сайлаушыдағы дауыс саны, тiркелген кандидаттар санынан көп. Сайлаушы барлық дауысты бiр кандидатқа беруге немесе өз еркiмен барлық кандидатқа әртүрлi көрсеткiшпен бөлiп беруге құқылы.
Лимиттiк дауыс беруде сайлаушыдағы дауыс саны тiркелген кандидаттар санынан кем болады. Мұнда коммулятивтiк дауыс берудегi сияқты сайлаушы дауыстың барлығын бiр кандидатқа немесе барлығына өзi қалаған тепе-теңдiкте бөлiп бере алады. Лимиттiк дауыс беру 1993ж. Ресейде Федерация Кеңесiн сайлауда пайдаланылды, әрбiр сайлаушыда екi дауыстан бар, бiрақ бiр кандидатқа екеуiн де беруге болмайды.
3 Билiк органдарын сайлау жаппай және оқшау болады. Жаппай сайлау бүкiл мемлекеттiк немесе өлке көлемiнде өткiзiледi. Оқшау сайлау белгiлi бiр себептерге байланысты (қызметке қабiлетсiздiк немесе қайтыс болуы, сайлау заңы бұзылған жағдайда) белгiлi бiр участоктерде сайлау өткiзiлуi мүмкiн.
4 Сайлау сонымен бiрге кезектi немесе кезектен тыс болуы мүмкiн.