Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


Билік ұйымдарын сайлаудың негізгі қызметтері мен қағидалары



бет52/96
Дата15.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#74454
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   96
Байланысты:
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

Билік ұйымдарын сайлаудың негізгі қызметтері мен қағидалары. Саяси билiк ұйымдарын сайлаудың негiзгi мақсаты – қоғамды басқаруға өзiнiң алдыңғы қатарлы өкiлдерiн тарту ғана емес, сондай-ақ бiрқатар күрделi әлеуметтiк-саяси қызметтердi орындау да болып табылады:
1 Әлеуметтiк топтардың мүдделерiн артикуляциялау қызметi. Ең алдымен, сайлау әртүрлi әлеуметтiк топтар мүдделерiн артикуляциялаудың ерекше механизмiн көрсетедi. Сайлау науқаны кезеңiнде адамдар өмiрлiк маңызы бар мәселелердi ойлайды, сондықтан кандидаттар тұғырнамалары осы мәселелердi жинақтауы, әрбiр әлеуметтiк топтардың мүдделерiн қамти бiлуi тиiс. Демек, сайлау өзiнше нарық (рынок) болып табылады, яғни кандидат өзiнiң сайлауалды бағдарламасын өкiлдiкке айырбастайды. Бiрақ сайлаушылар үшiн бағдарлама ғана құнды болып табылады.
2 Әртүрлi әлеуметтiк топтар мүдделерiнiң бейбiт бәсекесi қызметi. Әлеуметтiк топтардың мүдделерi әртүрлi болып қана қоймай, ол қарама-қайшылықты болуы да мүмкiн, сайлау тұрғындардың әртүрлi топтары мүдделерiнiң бейбiт бәсекесi қызметiн атқарады. Сайлауалды күрес саяси бағытты халық бұқарасы қолдайтын бағытта құруға мәжбүр етедi. Мұнда сайлау әлеуметтiк шиеленiстердi институттандыру мен шешудiң тәсiлi болып табылады. Яғни, шиеленiстер ашық, жария жүргiзiледi, ал бүкiл қоғам оның төрешісі болады, сөйтіп, әдiл бәсекелестiк күрес өтедi.
3 Сайлаудың өкiлдiлiк қатынастың қалыптасуы мен институттануы қызметi. Теория бойынша қоғамның әрбiр мүшесi қандай да бiр әлеуметтiк қауымдастықтың мүддесiн бейнелеуге, билiк ұйымында оның өкiлi болуға құқылы. Бiрақ, шын мәнiнде бұл бәрiнiң қолынан келе бермейдi. Сайлау процесiнде өз өкiлдiгiн қолдау базасын қалыптастыру өте маңызды, ол коммуникациялық каналдар мен сайлаушылармен өзара әрекетте болуға байланысты. Қайсы саясаткер бұны табысты, жемiстi ұйымдастыра алса, онда ол саяси элита қатарына табиғи таңдау негiзiнде өте алады.
4 Сайлаушылардың саяси белсендiлiгiн арттыру қызметi. Сайлау науқаны кезеңiнде сайлаушылар әртүрлi саяси бағыттарды, әлеуметтiк-саяси күштердi қарастырады. Олардың iшiнен өз мүддесiне лайықтысын, қанағаттандыру мүмкiндiгi барын таңдайды. Дегенмен, сайлаудың әдiлеттi өтуi көбiнесе сол электораттың саяси белсендiлiгiне байланысты екендiгiн ұмытпау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет