Лекция саясаттану ғылымы және оның маңызы



бет1/5
Дата20.09.2023
өлшемі85 Kb.
#109067
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекция 1


Лекция 1
1 САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ

Адамдар саясаттың сырын, мәнін өте ерте заманнан-ақ ұғынғысы келді. Бірақ біздің дәуірімізге дейінгі ІІ – І мынжылдықтардағы саяси пікірлер діни-мифологиялық сарында болды. Соған орай олар билік, қоғамдық – саяси тәртіп құдайдың құдіретімен орнайды деп түсіндіреді.


Кейінірек адамзаттың іс – тәжірибесінің, ақыл – ойының мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастайды. Қоғамның әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрмен күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санасының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсінік, осы орында пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.
Әдетте саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғылым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз дәуірінде лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып саналатын) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен ұлы ғалым саясаттану пәнін қазіргі біздің түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке әділеттілікке жетуді женілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымен қатар ол саясаттану мәселелерін этика, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Саясаттану пәнінің қалыптасуына мол үлес қосқан Италияның ХVI ғасырдағы ойшылы Н. Макиавелли болды. Ол саяси зерттеулерінің ең бастысы етіп, мемлекеттік билікті қойды. Сонымен қатар ол саяси ойды діни – мифологиялық емес, шын мәнінде іске асыруға болатын нақтылы өмірдің туған мәселелерді шешуге бағыттады.
Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасуы қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге, көпшілік саяси париялар мен қазыналардың қанат жаюына, ақпарат құралдарының өрістеуіне әкелді. Халықаралық мемлекетаралық қатынастардың ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделеліне түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестердің арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сияқты көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.
Саясаттану ХІХ ғ. екінші жартысында өзінің қазіргі бейнесіне келіп, өз алдына пән ретінде қалыптасады. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде Френсис Либер деген оқымысты «тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашады. 1872 ж. Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастайды. 1889 ж. Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 ж. Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылады.
ХХ ғасырдың басында саясаттану өзінше бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шығады. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылыған саяси ғылымдарының халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарады. Ол саяси зерттеудің саяси белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.
Бүгінгі танда АҚШ-тың Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерден міндетті түрде оқытылады. Мысалы АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шет елдерде бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясаттанушылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастарға шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады.
Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі Кеңес өкіметі шын мәнінде саяси сауатты адамдарды дайындауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық система 70 жылдан артық дәуренін құра алмаған да болар еді.
Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралап, зерттеліп жатты. Алайда олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, коммунистік партия тарихи сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндердің шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік – саяси процестер социализм мен коммунизмге әкелуге мүмкін соның жолдарын іздейтін.
Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардың екінші жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан жоғарғы Аттестациялау Коммисиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО ның ғылыми және техника бойынша Мемлекеттік комитет «Саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989 – 1990 оқу жылдарында Прибалтика елдерінде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір біздің Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде.
Қоғам мен саясатты әр түрлі қоғамдық ғылымдар зерттейді. Сондықтан саясаттануды ерекшелігін, басқа адамгершілік (гуманитарлық) ғылымдар арасында алатын орнын ашып алған жөн.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен) тығыз байланысты. Фәлсафа – табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандары туралы ғылым. Ол дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндерге, соның ішінде саясаттануға, жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалы тұрғыдан дәлелдейді. Саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Саясаттану болса қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы зандылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымды терендетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Мысалы, ол нақтылы саяси институттарға құрылымдарға, жүйелерге талдау, саяси жоспарлар және болжам жасай алады.
Саясаттану саяси экономикамен өзара байланысты. Саяси экономика саяси процестерді эканомикалық тұрғыдан дәлелдей келіп, ол процестердің негізінде экономикалық мүдделерді жүзеге асыру үшін күрес жатқанына көз жеткізеді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Оны зерттеушілердің көбі құқық заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп те атайды(Маркс).
Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық әдістемелік негіз іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыдан қалыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды.
Саясаттануға ең жақын ғылымдардың бірі - әлеуметтану (социалогия) саясаттану саясатқа белгілі бір зандықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптердің жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарай. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде зерттейді. Оның айналысатын мәселелері: адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамдар болады.
Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану басқа да адамгершілік ғылымдармен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.
Қазір біздің еліміз тәуелсіздігін алып, шын мәнінде демократиялық жолға түсіп жатқан шақта азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін саясаттану пәнін оқып – үйрену болашақ мамандарға ауадай қажет.
Әкімшілік экономикадан нарықтық шаруашылыққа, тоталитарлық жүйеден демократиялық құқықтық мемлекет құруға өту жұртшылықтың саяси мәдениетін түбегейлі өзгертуді талап етеді. Саясаттануды оқып үйрену саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті және заң шеңберінде демократиялық институттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қорғай білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, болдырмай немесе оларды ауыртпалықсыз жеңілірек шешу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саяси оқу институттарының қызметі негізгі адамгершілік құндылықтарды, әсіресе әрбір тұлғаның еркіндігі мен абыройын, оның табиғи, ажырамас құқықтарын мойындап, қадірлеуге негізделген.
Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылысты, мемлекеттегі өз орны мен рөлін құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік – саяси жағдайды лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету. Сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды. Себебі берік саяси тәртіпсіз жеке адамның шын мәніндегі еркіндігін болуы мүмкін емес.
Бұрын саяси білімнің мақсатын негізінен азаматтардың арасында «этикалық парызды» насихаттауға, оларды мемлекет және оның шығарған зандарын сыйлауға азаматтық міндеттерін орындауға әрқашан дайын болуды қалыптастыруға саятын.
Ең алдымен тек мемлекеттің қажеттілігін ескеретін мұндай тәсіл, көзқарас Европада, әсіресе Германияда ХХ ғасырдың 60 жылдарына дейін орын алды. Ал АҚШ та көп жылдар бойы саяси білімнің пайдалы нәтижеге жетуді көздеген прагматикалық бағытты басым дамыған ол азаматтарды өзінің өмірлік мәселелерін басқа адамдармен өркениетті қарым қатынаста, ынтымақсыздықты шешуді үйретеді, әр түрлі дау- дамай шиеленістірді онша ауыртпалықсыз, қатты қиналтпай реттеуге баулиды. Қазір демократиялық елдерде саяси білім жүйесі европалық және америкалық ғұрыптарды біріктіруге бүкіл мемлекетпен қатар жеке тұлғалардың мүдделердің үйлестері ескере отырып шешуге тырысады.
Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан саяси білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі ол қоғамда тұрып тіршілік еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет жасауы керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерді амал-айла қулықтың құлы болып кетеді оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді.
Азаматтардың көпшілігі саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір аламның дара әкімшілігін негізделген үкімет жүйесінен қатал деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың эканомикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.
Белгілі дәрежеде ғылым пәнінің өзінде алдын ала анықталғандық пен тапсырыстық тұрғыдағы емес, дамудың рационалды-логикалық негізі тұрғысындағы ғылыми білімнің нақты жүйесінің даму мүмкіндігі жасырынған қалыпта болады. Кез келген ғылым пәнінің бірден дайын күйінде берілуі мүмкін емес, ол пайда болудың, қалыптасудың ұзақ жолынан өтуі керек, өйткені ол объектінің жай ғана бөлігі ғана емес, осы бөліктің идеалды конструкциясы да. Бұл процесс жаңа ғылымның өзінің жеке пәнімен бірге бөлінуінің, тармақталуының негізінде ғылыми білімдердің жалпы жүйесінің шеңберінде іске асады.
Тарихи тұрғыда саяси білімдер қоғамдық ғылымдардың әрқилы жүйелерінде қалыптасып дамыды: тарихи ғылымдарда саяси қатынастардың даму тарихы ретінде қандай да бір елдегі мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің тарихы мен саясаттың әрқилы субъектілерінің іс-әрекеттерінің тарихы қарастырылады; заң ғылымдарында мемлекеттік құқықты зерттейтін ғылыми іс-әрекет ретінде; философияда саяси қатынастар мен биліктің дүниетанымдық, моральдық-этикалық, әлеуметтік, психологиялық негізін көрсететін рефлексия ретінде қарастырылады.
Қазіргі кезде адамзат проблемалық аспектілердің көлемінің кеңдігін ескере отырып саясатты, саяси шешімдер мен іс-әрекеттерді аса мол әлеуметтік маңыздылығына және оған баламаның жоқтығына байланысты бірінші орынға шығарды.
Саясаттану – саясат туралы, яғни мемлекеттік және қоғамдық істер туралы ғылым (гр. рolitixa – мемлекеттік және қоғамдық істер). Алайда бұл терминологиялық анықтама саясаттану пәнінің мәнін толық аша алмайды. Бұл терминнің мазмұны белгілі дәрежеде ғылыми зерттеу объектісін, ғылым пәнінің іздену аясын көрсетеді.
Ғылым пәнінде объектінің басты, маңызды белгілері мен қасиеттері ғана бейнеленетіндіктен ғылым объектісі мен пәнінің арасындағы айырмашылық салыстырмалы сипатта болады, алайда ғылыми білімнің өзіндік сипатын түсіну үшін ғылым пәніне ғылыми ұғымдар мен түсініктерден көрініс табатын объектінің өзіндік бөлігі ретінде анықтама беру өте маңызды екендігін ескеру қажет.
Саяси білімдердің басқа да жүйелері секілді саясаттанудың да зерттеу объектісі саяси шынайылық. Қазіргі қоғам – күрделі құрылым, көпбейнеліліктің бірлігі мен экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салалардың өзара әрекет ретінде қызмет ететін нақтылық. Бұл салаларды бөліп көрсету – қоғам өмірінің ғылыми-теориялық бейнесінің қажетті алғышарты.
Өркениеттің өне бойындағы тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоғам өмірінің барлық салаларының арақатынасы иерархиялық сипатта болады және ондағы басты рөлді экономика ойнайды. Қоғамдық өмір – объективті, әлеуметтік-практикалық процесс. Қоғамдық өмірдің табиғаттан ерекшелігі, онда оның өзін жасаушы субъект әрекет етеді. Сондықтан да, социумда қоғамдық процестердің, олардың даму себептерінің тұрпайы экономикалық түсініктері қабылданбайды, өйткені адамнан, оның әрекетінен тыс ешқандай тарих, ешқандай экономика болмайды. Анықтап айтсақ, субъект қалай болса, тарих солай болады.
Саяси шынайылық объективті, себебі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге орай үлкен топтар объективті түрде қатар өмір сүріп, өзара әрекет етеді. Бұлардың арасындағы осы қатынастарды саяси қатынастар деп атайды, өйткені топ мүдделерінің қабылдаған шешімдерінің іске асырылуы үшін олардыөзара келістіру қажеттігі пайда болады. Сонымен қатар саяси қатынастар адамдар арасындағы шынайы қатынастар болғандықтан субъектілер арасындағы қатынастар болып табылады, яғни субъект-субъектілік сипатта болады. Осы субъектілердің мүдделерін түйістіру және осының негізінде дамудың басты шарттары саналатын қоғам тұтастығын сақтау, әлеуметтік келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси шынайылықтың ең маңызды әлеуметтік проблемасы. Бұл үшін қоғамдық организмде басқару мен билік функцияларын атқаратын белгілі бір құрылымдық элементтер қалыптасады.
Тарихқа көз жүгіртсек қазіргі саяси жүйелердің өзегі болып отырған басқару мен биліктің мемлекеттік формасының кеш пайда болғандығын көреміз. Басқару мен билік мемлекеттен бұрын болған. Басқару мен биліктің негізін құрайтын саяси қатынастар рулық сипаттағы әлеуметтік қатынастардың бір түрі, ал таптық саяси қатынастар ретінде ауыспалы, өткінші болады.
Қазіргі заманғы саяси шынайылық – барлық бөліктері бір-бірімен өзара әрекеттес болып, тығыз байланысып жатқан құрылымданған күрделі бірлестік. Оның ең маңызды бөліктері мемлекет пен азаматтық қоғам. Сол себепті жалпы түрде саяси ғылымды мемлекетті зерттейтін, яғни мемлекет ісін зерттейтін ғылым және азаматтық қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың әрқилы түрлерін, сонымен қатар саяси қатынастар субъектісі адамды зерттейтін ғылым деп бөлуге болады.
Бұл қатынастардың өзегі билік болып табылады. Саясаттанулық мәселелер мемлекеттік биліктің қоғам өміріндегі орнын, оның жүзеге асу функциясы мен тетігін, оның қалыптасуына әлеуметтік күштердің қатысуы мен тигізер ықпалын, сондай-ақ мемлекеттік билік формасының өзгеруін анықтаумен байланысты. Мемлекеттік билік, оны ұйымдастырудың нақты формасы мен функциялары биліктік қатынастардың табиғатымен де, қоғамның әлеуметтік қажеттіліктерімен байланысты да анықталынады.
Қазіргі уақытта ТМД елдерінде саясаттану ғылым ретінде даму үстінде, ал бұл саяси білімдер жүйесін сапалы түрде жаңарту, төл ғылыми-теориялық, методологиялық негіздерін жасау қажеттілігін көрсетіп отыр. Өткендегі қоғамтанудың методологиялық, дүниетанымдық және жалпытеориялық негізі тарихи материализм болғаны белгілі. Нақты әлеуметтік пәндер үшін ол жалпы әлеуметтік теория есебінде болса, саяси білімдер жүйесінде жалпы саяси теория қызметін, яғни белгілі дәрежеде саясаттанудың қызметін атқарды.
Бұл жағдайдың қоғамтанудың қоғам туралы объективті ғылыми білімдер жүйесі ретінде дамуына кедергі келтіретін теріс жақтары да болды. Өйткені ғылым дүниетанымдық қағидаларды басшылыққа алып, тым идеологияландырып жіберілген еді.
Саяси білім идеологиялық құндылықтарды, қағидаларды тәжірибелік әрекетке көшірілгендіктен, оны тікелей жүзеге асыру жеңілдеді.
Саясаттанулық тәсілдің болмауынан бұрын қабылданған саяси шешімдер саяси мәдениеттің дамуына емес, қарапайым парасатқа, себеп-салдарлық байланыстардың тікелей қабылдануына, таптық, идеологиялқ құндылықтарға, партиялық қағидаларға негізделінді. Бұның бәрі белгілі бір дәрежеде саяяси білімдерді бұрмалап, оларды эмпиризмге, шексіз фактологияға, немесе абстрактылық-теориялық схоластика – догматизмге душар етті.
Сонымен, саясаттану саяси білімдер жүйесін сапалы түрде жаңарту, оның теориялық-методологиялық ареалын құру, рухани базасын кеңейту, оны догматизмнің, КОКП-нің тарихи тәжірибесіндегі апологенетиканың құрсауынан құтқару үшін қажет. Тарихи електен өткізіліп саяси мәдениетте жинақталған консерваторлардың да, реформистердің де, революционерлердің де әрекеттерін бар ерекшеліктерімен қоса қамтитын адамзаттың дүниежүзілік саяси тәжірибесі біздің рухани игілігімізге айналуы тиіс. Саясаттану ғылым ретінде осы мәдениеттің теориясы және методологиясы болып табылады.
Қазіргі жағдайда саясаттанудың дамуы қоғамның сапалы түрде жаңаруына көмектесетін саяси мәдениеттің қалыптасуы мен өркендеуі үшін қажет. Қоғамның сапалы түрде өзгеруі азаматтардың саяси белсенділігінің нәтижесінде мүмкін болады. Бұл белсенділік елде әрқилы саяси ағымдардың пайда болуына әкеледі. Бірақ азаматтардың саяси белсенділігі бей-берекет схоластикалық сипатта емес, саяси және құқықтық мәдениет шегінен асып кетпеуі керек. КСРО халқы ұзақ уақыт бойы жеке басқа табыну мен тоталитарлық режим жағдайында өмір сүргендіктен, тарихи процестің субъектісі ретінде қазіргі саяси мәдениеттің құндылықтарынан мүлдем тыс қалды деуге болады.
Саяси практикада саяси мақсаттар, әлеуметтік идеалдар ерекше мәнге ие. Олардың қалыптасуында, теориялық анықтамасында саясаттану дербес емес, өйткені олардың мазмұны қоғамдық қатынастар жүйесінің табиғаиынан бой алады. Саясаттанудың рөлі оларды саяси қатынастарда, саяси шынайылықта белгілеу мен практикалық саясат тіліне аудару үшін қажетті теориялық және методологиялық негіздерді жете зерттеу болып табылады. Алайда, саяси шынайылық салыстырмалы түрде ғана дербес болғандықтан, мұнда саяси қатынас субъектілерінің түпкілікті мүдделеріне сай келмейтін, тиісті саяси жүріс-тұрысқа дағдыландыру мақсатында санасын манипуляциялау жолымен субъектіге таңылған жалған мақсаттарды қалыптастыру мүмкіндігі туындайды.
Саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Саясаттану пәнін зерттеу барысындағы олардың қажеттілігі саясаттанудың ғылым ретіндегі пәні мен әдістерінің өзара тығыз байланыста екендігімен анықталады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты.
Саясаттанудың алдында тұрған осы міндеттер жүйесі саясат методологиясы мен теориясы, саяси институттар мен саяси қатынастар субъектілерінің саяси іс-әрекетін зерттеу тәрізді белгілі бір құрылымдық элементтерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Олар да өз кезегінде саясаттану әдістерінің әрқилылығын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет