Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды бұрынғы, қазіргі және болашақ байланыстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларды адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделген.
Социологиялық әдіс шынайы саяси өмір фактілерін талдауға бағытталған, саяси өмірде социологиялық зерттеу нәтижелері тауар ретінде көрініс табады.
Саясаттануда іскерлік ойын әдісі (саяси шешім қабылдау) кең тараған. Бұл әдіс саяси процестерді үлгілендіруге негізделінген. Ал мұның өзі мемлекеттік органдар мен саяси партияларға басқару процесін жетілдіруге көмектеседі.
Саясаттану парадигмалары
Теологиялық парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезiнде пайда болды. Ол саясатты, билiктi, мемлекеттiң пайда болуын құдайдың құдiретiмен түсiндiредi.
Натуралистiк парадигма саясатты әлеуметтiк сипаты жоқ табиғи себептермен, мәселен географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшелiктермен байланыстыра түсiндiредi.
Әлеуметтiк парадигма. Ол саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтiк факторлар арқылы түсiндiредi. Мәселен, марксизм саясаттың мәнiн экономикалық қатынастардан iздестiрдi, яғни қоғамның әрбiр экономикалық базисi қажеттi қондырманы тудырады деп тұжырымдады.
Тиiмдi-сыни парадигма саясаттың табиғатын, оның өз iшiндегi себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсiндiредi.
Саясаттануды оқып үйренуге деген қажеттіліктер:
1. Мемлекеттік жүйелердің халықтың көпшілігін саясатқа араластыруға деген талпынысы;
2. Азаматтық қоғам қалыптастыруға ұмтылыс, саяси мәдениеті көтеру;
3. Демократиялық жағдайда ЖОО студенті саяси өмірден хабардар болуға үйренуі тиіс;
4. Қазіргі кезеңде саясаттан тыс, саяси үрдістерді түсінуге талпынбай өмір сүру мүмкін емес.
5. Саясаттанудың ғылым ретінде қамтитын мәселерінің ауқымы да өте кең.
Саясаттанудың негізгі мектептері
- Американдық саясаттану мектебі (Г.Алмонд, З.Бжезинский, С.Верба, Р.Даль, Д.Истон, С.Липсет, С.Хантингтон және т.б.).
- Ағылшын саясаттану мектебі
- Неміс саясаттану мектебі (Т.Адорно, Х.Арендт, Р.Дарендорф, Э.Фромм)
- Француз саясаттану мектебі (М.Бонгран, П.Бурье, Ф.Буррико, Д.Давид, М.Фуко
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |