Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері – ми жарты шарларының қабында сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты жүйкелік қозулар иррадиация заңы бойынша ми қабының астыңғы қабат орталықтары мен вегатативтік жүйке жүйесіне жайыла бастайды да, оларды қоздырады. Күрделірек сезімдердің физиологиялық негіздері үлкен ми сыңарындағы уақытша байланыс жүйесінің шартты рефлексі болып табылады. Сезімдердің пайда болуында динамикалық стереотиптердің мәні үлкен. И.П.Павлов: «динамикалық стереотиптерді қондырып және қолдап тұрғандағы ми сыңарларының жүйке үрдістерін кәдімгі өзінің екі негізгі –жағымды және жағымсыз категориясы бар сезімдер-деп айтатындығын ойлау керек»-дейді.
2. «Адамзаттық эмоция» ұғымы соншалықты қиын, тіпті локальды
анықтама оның толық мағынасын ашу мүмкін емес. Эмоция- бұл маңызды, ол ойлау мен іс қимылды мотивке келтіріп, ұйымдастырып, және бағыттап, сезім сияқты толқиды. Өзгеше айтқанда, эмоция объективті жағынан толқу формасын бейнелеп, субъективті жағынан соған қатынасын көрсететін психикалық көріністің ерекше формасы. «Эмоция» ұғымының төркіні «эмецера» деген латын сөзінен, «эмоцион» француз сөзінен шыққан, қазақша мәні- тітіркену, толқу. Бұл жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаћарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларынан көрініс беруі.
Базалық-дискретті эмоция – бұл өзіне нейрофизиологиялық, қозғалмалы-экспрессивті және сезгіштік комоненттерді қосатын күрделі феномен. Осы компоненттерге қатысты индивидуальды үрдіс нәтижесінде туындайтын эмоция, эволюциялық-биологиялық үрдістердің нәтижесі болып келеді. Соымен толқу және эмоцияны білдіру ерекшеліктері адамда тума, панмәдениетті және универсиальды болып табылады.
Кэттел мен Шейер, Спилбергердің зерттеуінен кейін көптеген оқымыстылар эмоцияны феномен ретінде қарайды, яғни бір мезгілде эмоция қалып-күй және эмоциялық қыр ретінде көрінеді.
Теоретиктер қатары эмоцияны перцептивті-когнитивті үрдістердің нәтижесі ретінде қарастырды. Олардың кейбіреуі эмоцияны адамның ойлауын және тәртібін жоятын, оны зиян және қаламайтын үрдіс ретінде қарайды.
С.Шехтер өзінің эмоцияны дифферентті емес толқулар және когнитивті үрдіс түрінде анықтайтын когнитивті теориясының нұсқасын ұсынған. Ол эмоция негізінде толқудың сол физиологиялық қалпы жатыр деп есептейді, ал эмоцияның сапалық айырмашылығы сол толқуларды тудыратын ситуациялық бағаның негізінде жатыр.
Осы айтылғанның эмоцияның когнивтивті теориясының дәлелі болатын бір экспериментінде, адамдарға «дәрі» ретінде физиологиялық нейтральды қайнатпа берген. Бір жағдайда оларға берілген «дәрі» эйфориялық қалып-күйді тудырады деп айтқан, ал басқа жағдайда өшпенділік сезімін.
Сонымен қатар адамның эмоциялық толқуларының мінезі мен интенсивтілігі қандай да болмасын ситуацияда жаныныдағы басқа адамның толқуына байланысты. Бұл дегеніміз- эмоциялық қалып-күй бір адамда уайымдау арқылы жануарлардан ерекшеленеді.
С.Шехтер эмоция физиологиялық қызығушылық және когнитивті баға егізінде туындайды деп болжаған. Кейбір сәттер мен ситуациялар физиологиялық қызығушылық тудырады және индивидте осы қызығушылықты тудырған ситуация мазмұнын бағалайтын қажеттілік туындайды. Индивид арқылы жүзеге асатын эмоция типі немесе сапасы, физтологиялық қызығушылық барысындағы сезімге емес, болып жатқан ситуацияны индивидтің қалай бағалайтынына байланысты. С.Шехтер бойынша физиологиялық қызығушылық қуаныш немесе өшпенділік (немесе басқа эмоция) сияқты бағаланады.
Эмоцияның когнитивті сызбасында эмоцияның субъективті жағы, яғни эмоцияның шығуы және себебі жайлы анықталады. Эмоция сызбасының маңызды бір функциясы ретінде, оның өзгенікі секілді өзінікінің де эмоциясының идентификациясын қолдану болып табылады. Сызба өзге немесе сол эмоция артықшылығын пайымдайтын белгілердің жиынтығын біріктіреді. Одан басқа, эмоцияның когнитивті сызбасы адамдардың өзін-өзі ұстауын түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |