санитарлық ережелер мен нормалармен (СанПин), ГОСТ және басқа да
өнімдердің нақты түрлеріне арналған қолданыстағы нормативтік құжаттармен
белгіленген гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс. Бұл ретте тамақ
өнімдерінің қауіпсіздік және тамақ құндылығы талаптарына сәйкестігін өндірістік
бақылауды дайындаушы кәсіпорындар жүзеге асыруы тиіс. Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды МемСанЭпид қадағалау мекемелері
жүзеге асырады.
Тамақтанудың құрылымын, қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету Қазақстан
Республикасының қазіргі даму кезеңіндегі мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті
болып табылады, ол мынадай бағыттар бойынша іске асырылуы тиіс:
- тамақтанудың әртүрлі рационын қамтамасыз ету;
- барлық халық үшін тамақ өнімдерінің қолжетімділігі;
- тамақтану саласында білім беру бағдарламаларын құру;
- азық-түлік өнімдерін функционалдық қоспалармен байыту.
Қазақстан Республикасында халықаралық және отандық тәжірибені
ескере отырып, экология, тамақтану, медициналық-биологиялық
талаптар мен санитарлық сапа нормалары азық-түлік шикізаты мен
тамақ өнімдерін ҚР «Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес ұсынылады. Тамақ технологиясының,
химиясының,
микробиология
мен
биотехнологияның
дамуына
байланысты күн өткен сайын жаңа тағамдық қоспалардың көптеген
түрлері пайда болуда, сондай-ақ қазіргі кезде әртүрлі факторлардың
әсерінен қоршаған ортаның ластануы да жоғарылай бастады. Бұл
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қатайтатын
халықаралық тамақ заңнамасын құру қажеттілігін туындатты.
Қазіргі уақытта Батыстың дамыған елдерінде азық-түлік өнімдерінің құрамы,
қасиеттері және сапасы туралы заңнамалық актілер кешені болып табылатын