Лекция тақырыбы : Бір шаңғы жүрісінен екіншісіне ауысуды үйрету әдістемесі. Бір мезгілдегі жүрістер-адымсыз жүріс, бір адымды жүріс, қос адымды жүріс. Қозғалыс білік дағдылары


Бірмезгілді адымсыз жүрісті үйрету әдістемесі



бет2/8
Дата05.02.2023
өлшемі97,33 Kb.
#65263
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
10 daris

Бірмезгілді адымсыз жүрісті үйрету әдістемесі
8 – к е с т е
Үйренуге арналған жаттығулар

Құралдар

Әдістемелік нұсқаулар

1-мақсат. Шұғылданушыларда бірмезгілді адымсыз жүру тәсілі туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.

1.Бірмезгілді адымсыз жүру тәсілі туралы қысқаша әңгімелеу

Оқытушы осы жүрісті орындау тәсілінің ең маңызды кезеңдеріне және оны қолдану жағдайына көңіл аударады және қимылдардың жүйелілігін қысқаша түсіндіреді

2. Бірмезгілді адымсыз жүру тәсілін орындап көрсету

Жүру тәсілін бірнеше рет орындап көрсету: жүру тәсілінің ерекшеліктерін түсіндірмей және түсіндіргеннен кейін орындар көрсетуді әдеттегі жылдамдықпен де және жайлап жүріп те көрсету қажет

3. Бірмезгілді адымсыз жүру тәсілінің орындалуын кинограммада, суреттерде, оқу кино және бейнефильмдерде көрсету

Шаңғы жүрісі кезіндегі шаңғышы тұлғасының қалпының негізгі жекелеген кезеңдеріндегі қалпына шұғылданушылардың назарын аудару

2-мақсат. Бірмезгілді адымсыз жүру тәсілінің жекелеген элементтерін бір орында тұрып үйрету

1.Адымсыз жүрістің жекелеген элементтеріне ұқсас қимыл жасау:
а) таяқты тіреп серпілуді аяқтағаннан кейінгі қалыпты қабылдау
ә) таяқты тіреп серпілу басталар кездегі қалыпты қабылдау

2.Адымсыз жүріске ұқсас қимылды бір орында тұрып бүтіндей орындау (таяқсыз)




1,2-жаттығуларда таяқпен серпілу аяқталған кезеңдегі тұлғаның қалпына, қолдың иықтың тұсына дейінгі деңгейіне шығарылуына және тұлға мен қолдың қимылының кезектілігіне назар аудару қажет
Аяқтың тізе буынында шамадан артық бүгілуіне жол бермеу керек

3. Бір орнында тұрып алға жылжымай және серпілмей, таяқты алға шығарып қарға тіреу

Таяқтарды қарға ботинканың ұшының тұсына қою керек

4. Бір орнында тқрып адымсыз жүріске ұқсас қимылды таяқпен толығымен орындау

Таяқтарды мүмкіндігінше қол толық жазылғанша сандардың артына өткізк керек. Қол сақиналары тізе буынының тұсынан өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет